Home » Балабақша » Жолда абай болайық!

Жолда абай болайық!

Байсақалова Нұргүл Сансызбайқызы,
№ 4 «Күн нұры» балабақшасының тәрбиешісі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Төретам кенті

 

 

 

Мақсаты:Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту. Іс-жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

Сөздік жұмыс:Бағдаршам, жол тәртібін реттеуші.

Көрнекілік:Бағдаршам макеті, жол белгілері, жеңіл көлік.

Балалар қонақтармен сәлемдесіп алады.

Шаттық шеңбер:  Біз қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

Тәрбиеші:Балалар сендерге жұмбақ жасырайын, сол арқылы бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы ашылмақшы.

Күндіз-түні жанамын,

Дабыл беріп бәріне.

Үш түрлі түсім бар,

Белгілі жаспен кәріге.

 (Бағдаршам)

-Жарайсыңдар балалар!Біздің қалада көліктердің түрлері көп екен, Бағдаршам ауылдық жерде болмайды, қалаларда болады екен.

Осы кезде жол сақшысы кіріп келеді.

Балалар бізге қонаққа кім келді?

Жол сақшысы келді.

Сәлеметсізбе?Жол сақшысы, Біздің балаларға Жол ережесі туралы түсіндіріп беріңізші.Жол белгілерімен таныстырып жіберіңізші.

Жол белгілерімен таныстырды, мәлімдеме оқыды.

Тәрбиеші: —Рахмет сізге, бізге біраз ақпарат бердіңіз.

-Сонымен балалар, Бағдаршамның неше көзі бар екен?

Үш көзі бар.

-Дұрыс айтасыңдар. Қане бәріміз бірге бағдаршам көздерінің түстерін үш тілде айтып берейікші.

Қызыл, красный, ред.

Сары, жолтый, елоу.

Жасыл, зеленый, грин.

Балалар сендер бағдаршамның көздерінің қызметін білесіңдерме?

Диана: Қызыл көзін ашқанда,

Сының сүйем баспа алға.

Бексұлтан: Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Балнұр: Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергің жасқанба.

 

-Жарайсыңдар балалар, сендер бағдаршам туралы көп біледі екенсіңдер.

Сергіту сәтін жасайық.

Аяқпенен топ-топ

Ал,қолменен хлоп-хлоп

Бір оңға,бір солға.

Айналайық кел мұңда.

Мы ногами топ-топ

Мы руками хлоп-хлоп

Мы глазами мик-мик

Мы плечами чик-чик

Раз сюда,два  туда

Повернись вокруг себя.

     Енді көгілдір экранға назар аударайық.

Балалар тағы бағдаршам туралы кім не біледі?

Ұлболсын:    Қызыл жанса, тоқта!

Жасыл жанса,Тез өт!

Назар:            Кезек-кезек ашады,

Үш түрлі нұр шашады.

Раушан:         Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейык.

-Балалар мен сендерге «Қоян мен түлкінің» бастан кешкен оқиғасын айтып берейін.

«Қоян мен түлкі орманда өмір сүріпті. Екеуі дос болыпты.Бір күні түлкі қоянға қалаға баруды ұсынады.Сонымен екеуі қалаға келеді»

Қалада олар биік-биік үйлерді,әдемі ғимараттарды,саябақтарды тамашалап және жолда зулап жүріп жатқан көліктерді көреді.Енді жолдың арғы бетіне өтейын десе, қалай өту керектігін білмейді.Оларды байқап қалған бір бала жақындап келіп:

-Сәлеметсіңдер ме қоян ,түлкі сендер мұнда не істеп тұрсыңдар-деп, сұрайды.

-Біз жолдың арғы бетіне өте алмай тұрмыз –деп,қоян жауап береді.

-Олай болса мен сендерге көмектесейін –дейді, балақай.

Адамдар жолдан бағдаршамға қарап  өтеді.Жол қиылысындағы бағдаршамның жанып,ауысып  тұратын үш түсті көзі бар.Бірінші қызыл көзі жанғанда « тоқтап тұр»

деген белгі береді.Сары түсі жанғанда «дайындал»деген белгі береді.Ал,үшінші жасыл көзі жанғанда өтуге болады. Балақай бағдаршам макетін қолдана отырып,түсіндіреді.

-Сендер енді жол ережесін білетін болдыңдар.Жол ережесін мұқият сақтап жүрсендер ешқандай жол апаты болмайды-деп,түсіндірген балаға қоян мен түлкі балақаймен қоштасып,ормандағы үйлеріне қайтады.

-Балалар,сендер таңертен балабақшаға келгенде немесе ата-аналарыңмен қыдырып жүргенде қандай жолмен жүресіңдер?

-Жол жиегіндегі жолмен жүреміз.

-Неліктен жол жиегіндегі жолмен жүресіңдер?

-Машиналарға кедергі жасамас үшін.

-Енді ойын ойнайық балалар.

Ойынның аты: «Бағдаршам»

Шарты:Екі балаға бағдаршам (каропкадан жасалған) үстеріне киеді.Сосын екі бала шығып бағдаршамның көздерін орын-орнымен қояды.

«Бағдаршам»туралы ән.

Қорытынды:Балалар бағдаршам туралы түсінді және олардың түстерін ажыратып үш тілде айтып берді.Қандай қызмет атқаратынын ұғынды.Жол ережесін сақтауды үйренді.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.