Home » Ашық сабақтар » Жолдағы қауіпсіздік ережелері

Жолдағы қауіпсіздік ережелері

Елеуова Айганым Ленбековна
Астана қаласы әкімдігінің
“№1 Арнайы мектеп — интернаты” КММ
тарих пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

  1. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.
  2. Оқушылардың ой — өрістерін, жан — жақты білімдерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер, қима қағаздар, тапсырма парақшалары т.б.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ойын, оқушылардың шығармашылығы — салған суреттері.

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып, алған білімдерін пысықтайды. Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыланады. Жолда жүру мәдениетін қалыптасады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Психологиялық тренинг . «Күлкі шуағында»

2.Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан — жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол — көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.
Жол апаты оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.

— Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?

-Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3-топқа бөлініп ,сайысқа түсеміз

Оқушылар бағдаршамның түстеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл түстерді таңдап, топқа бөлінеді.

     1 — топ – «Қызыл»

 2 — топ – «Сары»

3 — топ -«Жасыл» .

 

Жұмбақ шешу

Көрген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Ол бергенде команда.

Бағынамыз әмәндә.

Шешуі: бағдаршам

 

Ендеше бағдаршамымызды ортаға шақырайық

Алуа: Бағдаршам суретін мойнына іліп айтады

Мен боламын бағдаршам

Егер маған қарасаң

Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір»дейді,
Бір көзім «жүгір»дейді,
Бір көзім «абайла»дейді.
«Қарап қалма маңайға»дейді.

Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.

Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам: Мен сендерге қояр сұрағым да, жұмбағым да, тапсырмам да бар. Сендерді тексерейін.

 

І – бөлім . “Кім тапқыр?” Жұмбақ сайысы. Жұмбақтар шешейік Үш топқа жұмбақтар беру

1-Топ

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

2-топ

Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып, Тапшы мұны пысығым. ( жол)

3-топ

Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам (Жол сақшысы )

Әр топ өздерін таныстырады:
«Қызылдар» тобы:

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.

Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.
«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.

Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді.Бұдан да жүруге болмайды.Тек сақ бол, дайындал!

«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!

Сарыдан кейін жасыл жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады.

Қорытынды. Жүргізуші: Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.

Оқушылардың баяндауы бағдаршам туралы

Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапканын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.