Home » Мақалалар » ЖОЛДАУ: ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІН ЖОҒАРЫЛАТУ

ЖОЛДАУ: ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІН ЖОҒАРЫЛАТУ

  Мемлекет дамуында ғылым мен білімнің алатын орны ерекше болмақ. Егемен елімізді өркениетке жетелейтін білімнің бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім нəрін беретін ұстаз тұрады. Мұның өзі бүгінгі таңда мұғалім беделін арттыру, оның мəртебесін көтеру өзекті мəселе екендігі дау туғызбаса керек.
Елбасы Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау керектігін атап өтті. Жолдауда ұстаздардың мәртебесін көтеру, мұғалімдерге үлкен қолдау көрсету қажеттілігі айтылды.

Педагог мәртебесін көтермей білім саласында жетістікке үміт арту мүмкін емес. Мектеп ішіндегі қағаздарының өзіне кейде үлгеріп, кейде үлгермей жүретін мұғалімдердің негізгі сабақ өткізуі, тəрбие жұмыстарын жүргізуі сияқты қызметтерін талапқа сай өткізуге күштері жете бере ме екен!.

Мұғалімге сын айтушылар өте көп.

Осы орайда «Мұғалім мәртебесін арттыру — адам капиталын құрметтеуге бағытталған құтты қадам. Ұстаздарға мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетілуі, заң әзірленуі — көңіл қуантады. Бұл тұрғыда педагогтер де  инновациялық технологияларды меңгеріп, білімін жетілдіріп, тәжірибесін арттырып отырулары керек. Ол үшін мұғалімнің білімі мен біліктілігі оның педагогикалық шеберлігіне ұштасуы керек.

Самеков Мейрбек Нурланович, 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.