Home » Білім және заң » Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Кез келген педагог үшін білім алу, біліктілігін арттыру – өзекті мәселе. Осы орайда Елбасының Қазақстан халқына жолдауын мұқият тыңдадық.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында білім берудің жаңа сапасына ерекше мән беріліп, ол бөлек міндет ретінде қарастырылған. Бұл міндеттің орындалуы барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруда жеделдететіні үлкен жетістік болады деп айтар едім.

Мемлекет басшысы өз жолдауында: «Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.

Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады»,-деді. Бұл міндеттің орындалуына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПК БА институты өз үлесін қосатын болады. Қазірдің өзінде орта білім мазмұнын жаңарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Оған дәлел, біздің институтта 2017 жылы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында 126 курс ұйымдастырылып, облыс көлемінде 3852 педагог біліктілігін арттырды. Біз мұнымен тоқталып қалмақ емеспіз. 2018 жылы жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша курстар ұйымдастырып, өткізу жоспарлануда.

Қорыта айтқанда, Елбасымыз 2018 жылғы дәстүрлi Жолдауын­да елiмiзде бiлiм беру саласын дамытудың «Адами капитал – жаңғыру негізі» мiндетiнде нақты белгiлеп бердi. Осы мiндеттi iске асыру бiлiм беру саласы қызметкерлерi мен ұстаздарға үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.

 

Самеков Мейрбек,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.