Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаевтың жаңа Жолдауы — егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжат.
Бұл құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тəуелсіз елімізді дамытудың, әрбір азаматтың, əрбір отбасының, жастардың жəне келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды.
Мен білім саласында қызмет ететін болғандықтан, Жолдауда білім беру саласының қайта жаңғыртылуы, мектеп оқушыларына жаңартылған білім беру, үш тілді меңгертуге сатылап көшу мен болашақта көп тіл білгеннің көсегесі көгеретініне, бүгінгі жастар ағылшын тілін меңгермей, əлемдік дамыған елдердің қатарына ене алмайтындығымыз туралы ұтымды ойлары Елбасының жастарға жасап жатқан қамқорлығы деп түсінемін. Елбасы Жолдауында əлем елдері бұрыңғыдай қаруланып, бой жарысып емес, білім мен ғылымның озықтығымен жарысқан заманда жүзеге асыруға болатын айқын мақсаттарды белгілеп беріп, еліміздің даму бағытын анықтай түсіп, өзінің саяси көрегенділігін, жаһандық ойлау биіктігін тағы бір дəлелдеді. Алдағы уақытта, халқымыз Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындауға бір кісідей атсалысса, алынбайтын асу жоқ деп ойлаймын. Мемлекетіміздің ең негізгі байлығы -əрине, ұлттар достығы мен бірлігі. Қазақ «Тату елге тақсірет жуымайды» — деген. Елімізде әрқашан, татулық пен бірлік кетпей, Ұлы даламыздың өрісі кеңіп, болашақ жарқын болатынына сенемін.
Қанапин Бекзат,
№24 лингвистикалық мектеп-гимназия
КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі