Home » Жаңалықтар » Жолдауға қолдау

Жолдауға қолдау

Жыл сайын жаңа жылды жаңа Жолдаумен қарсы алу қазақ халқы үшін жақсы дәстүрге айналды. Елбасы Жолдауын жыл сайын асыға күтетін саяси оқиға деуге болады. Бүкіл ел болып, жас баладан қарт адамға дейін мемлекет басшысы 2018 жылға берер тапсырмаларын мұқият тыңдадық. Жаңа Жолдаудан барша қазақстандықтар жағымды жаңалық, ерекше жақсылық күтеді. Биылғы Жолдауда көпшілікті бей-жай қалдырмай, халықтың көңілінен шыққанына сенімдімін. Жолдаудың ерекшелігі – Елбасының Қазақстанды және әлемді толғандырып отырған он бағытқа ерекше тоқталғаны. Өркениетті мемлекеттің басты байлығы- халық, ал оған қамқорлық жасау мемлекет басшысының басты міндеті болып табылады. Президент өз Жолдауында: «Жетінші басымдық – Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуі».

Бұл ең алдымен білім және денсаудық сақтау. Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мнн технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту керек», — деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан әрбір ұстаз бен білім беру саласы мамандарының алдында үлкен міндеттер тұр.

Осы міндеттерді жүзеге асыруға «Педагогикалық өлшеулер орт алығының » әрбір маманы өз үлесін қосуда. Еліміздің тірегі, мемелекетіміздің беріктігі өзіміздің қолымызда екенін жақсы білеміз. Сондықтан біздер еліміздің өркендеп, гүлденуі үшін Отанымыздың болашағы баянды, келешегі кемелді болу үшін білім беру жолында аянбай еңбек етуіміз керек!

«Павлодар облыстық көп салалы
Дарынды балаларға арналған
Лицей-интернаты»,
Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.