Home » Сценарийлер » Жолдасова Гулия. Ғажайыптар әлемі

Жолдасова Гулия. Ғажайыптар әлемі

Жолдасова Гулия Муханбетшариповна,
Қызылорда облысы,
Арал ауданы, Шижаға ауылы
«Ақбұлақ»балабақшасының
ІІ санатты музыка жетекшісі

 

 


Ғажайыптар әлемі атты ертегілер қойылымының сценарийі.
Әли рөлінде
—  Жолдасова Гүлия.
Айя рөлінде — тәрбиеші  Ақылбекова Шарбану.
Көрермендер залынан Әли мен Айя ойнап, сөйлеп шығады.
Әли:  — Ой, Айя, көрермендер жиналып қалыпты, ал біз болсақ мында ойнап жүрміз.
Айя: — Иә, Әли аға, тезірек жүрші бізді күтіп қалған шығар.
Әли: — Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен ата-аналар!
Айя: — Сәлем сүйкімді балақайлар!
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында өткізілетін «Ғажайыптар әлемі»атты байқауына  қош келдіңіздер!
Айя:   Осындайда айналғандай алқаға,
Әр біреуін лайық деп ортаға
Ал ағайын сіздер еткен құрметпен
Барша бөбектерді, шақырамыз ортаға.

  1. «Қарлығаш» балабақшасы
  2. «Алтын балық» бөбекжайы
  3. «Балдырған» балабақшасы
  4. «Мереке» бөбекжайы
  5. «Толқын» балабақшасы
  6. «Рамазан» жеке балабақшасы
  7. «Жазира» балабақшасы
  8. «Нұр-Ай» жеке балабақашасы
  9. «Шағала» балабақшасы
  10. №262 «Айгөлек» ШО
  11. «Жауқазын» балабақшасы
  12. «Мерей» балабақшасы
    Айя:  Лайық сал мен серіге,
    Қол созып арман көгіне.
    Қош келген достар армысың,
    Осынау жердің төріне.
    Ал, енді бірге бәріміз
    Саяхаттап қайтайық
    Ғажайыптар әлеміне.
    Әли: — Ия, Айя,
    Ертегілер еліне
    Бірге сапар шегейік,
    Әрбір балабақшаның
    Өнегесін ілейік.
    Топ бастаған балабақша шеруін «Қарлығаш» балабақшасын «Мойдодыр» қойылымымен сахнаға шақырамыз.

Әли: — Айя, сен саңырауқұлақ туралы ертегі естідің бе?
Айя: — Жоқ, естімедім, үйге барған соң әжемнен сұрайыншы.
Әли:- Айя, қазір саңырауқұлақ туралы ертегіні «Алтын балық» бөбекжайының бүлдіршіндері сахналап бергісі кеп тұр. Тамашалаймыз ба?
Айя: — Иә, иә. Тамашалайық.
Әли: «Под грибом» ертегісімен «Алтын балық» бөбекжайы
Әли: — Айя, сен білесің бе, қояндар жаңбырлы күндері су кірмес үшін және де  суық тимес үшін құлақтарын бүгіп алады екен маған оны атам айтқан.
Ерекше басқан қадамын.
Шаттықтың ескен самалын.
Бәріміз үлгі тұтайық
Қоянның тапқыр амалын.
«Балдырған» балабақшасы «Тапқыр қоян»
Айя:  — Әли аға, Ғажайыптар әлеміне саяхатымыз керемет өтіп жатыр иә.
Әли: — Иә, Айя, маған да қатты ұнап жатыр.
Шаттықтың жыры шалқысын,
Ұшырып биік ар құсын,
Тамашалап көрейік
Қанекей шалқан тартысын.
«Мереке» бөбекжайы. «Шалқан» ертегісі
Айя:   Қыздырып мерекенің гүл алаңын,
Жыр болсын, өлең болсын құрағаным.
Көрейік Алдар көсе әпендінің
Жасаған Шығайбайға бір амалын.
«Толқын» балабақшасының бүлдіршіндерін «Алдаркөсе мен шық бермес Шығайбай» ертегісімен сахнаға шақырайық.
Әли:  Келе берсін жап-жақсы келелі күн.
Барында балдырғандар өлеңі мың.
Арамза байға ақыл салып берген,
Көрейік «Ұр тоқпақтың» төрелігін.
«Рамазан» балабақшасының бүлдіршіндерін қошеметтеп шақырайық.
Әли: — Айя, сен мына қызықты қарасаңшы!?
Түсіндірер ақылының озығын,
Олай болса өнегелі сөз ұғын.
Тамашалайтұғын міне сәт туды
Қызыл телпек киген қыздың қызығын  — деп бүлдіршіндерінің өнерін тамашалайық!
Айя: — Өте керемет! Атам мен әжеме бүгінгі қызық сәттерді тезірек барып айтқым кеп тұрғаны.
Әли: — Қоя тұршы Айя, ертегіні тамашалап алайықшы. Қарсы алыңыздар!
«Қызыл телпек» сахналайтын «Жазира» балабақшасы
Айя:    Бағындырған аң біткеннің асауын,
Ерке қыздың бір қылығын ашамын
Тапқырлығын тәнті қылар кез келді
Үш аюдың тілін тапқан Машаның.
«Нұр-Ай» балабақшасы  «Маша мен үш аю»
Әли:   Қызыққа кенелтпейміз неге көпті.
Көрсетіп күнде қызық кереметті.
Ал енді назарына ұсынамыз
Кең сарайдай кішкентай Теремокты.
«Теремок» ертегісі сахналайтын «Шағала» балабақшасы.
Әли: Кеңге жетер мұндайда жыршылығым
Шығара алсақ алыстан тылсым үнін.
Кереметтей биікке ұмтыласың
Байқасаңыз масаның тіршілігін.
«Кішкентай маса» ертегісімен №262 мектеп жанындағы «Айгөлек» шағын орталығы бүлдіршіндерін шақырамыз.
Айя:  — Әли аға, мынаны қарашы!
Ақылдың айтып турасын,
Ақындар жырын толға
Тышқаннан асқан ақыл жоқ
Меншіктеп алған жыл басын
Олай болса «Жыл он екі ай» ертегісін тамашалайық. «Жауқазын» балабақшасы.
Әли:   Мақұл біліп көненің өсиетін,
Біз екенбіз ұрпағын өсіретін.
Ал енді назар қойып түсінейік
Қасиетті жемістің қасиетін.
«Мерей» балабақшасы  «Ең қасиетті жеміс»
Әли:  — Құрметті қонақтар, ата-аналар және сүйкімді бүлдіршіндер! Бүгінгі «Ғажайыптар әлеміне» жасаған саяхатымыз сіздерге ұнады ма?
Ендеше Басып өттік бір биіктің өресін,
Біреу озды – біреу қалды демесін.
Міне жұртым куә қылып сіздерді.
Кесіп өтті бір биік өз мәресін – деп «Ғажайыптар әлеміне» саяхатымызды аяқтаймыз. Кездескенше сау болыңыздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.