Home » Оқу-әдістемелік материалдар » «Жолаушылар вагондарын жөндеудің технологиясы» тақырыбындағы саяхат сабағы

«Жолаушылар вагондарын жөндеудің технологиясы» тақырыбындағы саяхат сабағы

Оқушы алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастырғанда ғана кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.

Саяхат сабағы барысында болашақ маман кәсіби жеке тұлғаға тән ерекшеліктерді сезініп, моральдық-психологиялық ахуалдарды түсіне бастайды. Саяхат сабағы барысында оқушының өз мамандығына деген сыни көзқарастары қалыптасады. Сондықтан теориялық білім мен өндіріс орнындағы бекіту сабақтарын бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым.

Дуальдық жүйе маман дайындауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальды жүйесі, кәсіптік-техникалық мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі – кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда өтеді.

Оқушы өзіне қажетті біліктер мен дағдыларды кәсіби жұмыспен бетпе-бет келгенде ғана көз жеткізіп, меңгеруіне мүмкіндік алады. Тәжірибелік базаларда өткізілетін іс-шаралар болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.

Саяхат сабағының мақсаты:

  1. Вагондарды жөндеу бойынша ақпараттар алу;
  2. Оқушылардың мамандыққа қызығушылықтарын арттыру;
  3. Оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейту.
  • Саяхат сабағын құру
  • Әр саяхат сабағы үш басты бөліктерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.
  • Саяхат сабағының жүру бағытын құру
  • Саяхат сабағының маңызды сатысы — жүру бағытын құру болып табылады. Ол кәсіпорынды айқындау бойынша жұмысын атқарады. Жүру барысы келесі принциптер негізінде құрылады: хронологиялық, тақырыптық және кешендік (хронологиялық-кешендік). Саяхаттың жүру бағыты материалдарды ұсынудың біртұтастық және логикалық тізбегін қамтамасыз ететін жалпы композицияға сәйкес құрылады. Белгілі бір тақырыпшамен байланысты жұмыс орындарын топтастыру кезінде олардың алшақтығы, жақындап келу ыңғайлылығы есепке алынады.
  • Саяхат сабағының картасы: саяхат сабағын өткізетін кәсіпорынның атауы, орналасқан жері, мекен-жайы, картада саяхат жасалатын кәсіпорындағы жүру бағытын көрсету.
  • Саяхат сабақты жүргізу әдістері.
  • Саяхат сабақты жүргізу әдістері саяхат сабағы жетекшісі жұмысының спецификалық құрылысын құрайды. Бұл әдістемелер саяхат сабағының спецификасынан шығады, яғни көрсетілім мен әңгімелеп берудің ұйқасуы және саяхат сабағы жетекшілерінің жұмыс орындарындағы орын ауыстыруы. Саяхат сабағына қатынасушылардың алып отырған білімі мен зерттеліп отырған пәнді тікелей қабылдауға негізделеді. Сондықтан саяхат сабағы көрнекі оқыту (сурет, үлгі, фотосурет және т.б.) жүйесінде маңызды орын алады.
  • Саяхат сабағына қатынасушы топты орналастыру
  • Кәсіпорынды көрсету үшін арнайы орынды таңдағаннан кейін, саяхат сабағына қатынасушыларды дұрыс орналастыру қажет. Саяхат сабағына қатынасушыларға кәсіпорынды және саяхат сабағы жетекшісінің жақсы көрініп тұратындығына көз жеткізу қажет. Топтардың жартылай сақина күйінде орналасуы ең икемді болып табылады. Ал саяхат сабағы жетекшісі шеткі орында, саяхат сабағына қатынасушыларға жартылай бұрылып тұрады. Бұлай орналасу бір жағынан саяхат кәсіпорнын көруге, екінші жағынан топты көз назарында ұстап тұруға мүмкіндік береді. Саяхат сабағына қатынасушылардың әрекетін тұрақты бақылау – саяхат жетекшісінің тиімді жұмысының маңызды шарты. Топты орналастырғанда саяхат сабағына қатынасушыларға жақсы естілетініне және көрінетініне көңіл аудару қажет.
  • Саяхат сабағы жетекшісінің топпен байланыс құруы
  • Саяхат сабағының табысы, оның тиімділігі – жетекшісінің алғашқы сәттен бастап, аяғына дейін қатынасушылармен дұрыс байланыс құра білуіне тәуелді. Саяхат сабағы кезіндегі қолайлы «психологиялық ахуал» басты шарт болып табылады.

САЯХАТ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 12

Сабақтың өтілетін күні:

Оқу тобы: ПС-14о

Өтілетін орны: «Қызылорда жолаушылар вагондарын жөндеу-1» зауыты

Сабақтың тақырыбы: Жолаушылар вагондарын жөндеудің технологиясы

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың мақсаттары:

а) білімділік – оқушылардағы вагон құрылысы және вагондарды жөндеу технологиясы жайлы алған білімдерін қалыптастыру, бекіту.

б) тәрбиелік — оқушыларды келешекте білікті, бәсекеге қабілетті маман болуына бағыттау, өз бетінше білім алуға бейімдеу, адамгершілікке, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру және жауапкершілікке тәрбиелеу.

в) дамытушылық — оқушылардың логикалық ойлау, алған білімдерді тиімді қолдану және зейін, ой-өріс, ынта, танымдық қабілеттерін әрі қарай дамыту.

Оқыту әдістері: түсіндірмелі–иллюстративті әдіс, баяндау, сұрақ — жауап, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: вагон депосының жоспары, саяхат сабағының карталары, вагонның шынайы құрама бөліктері, макеттер.

Пәнаралық байланыс: теміржолдың жалпы курсы, жылжымалы құрамалардың энергетикалық қондырғылары, вагон құрылысы, материалтану, вагон электрлі аппараттары, вагонның мұздатқыш қондырғылары, еңбек қорғау, теміржолды техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі.

САЯХАТ САБАҒЫНЫҢ БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  1. Оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткішін тексеру және олардың дайындығына назар аудару.
  2. Оқушыларға саяхат сабағының мақсатын хабарлау
  3. Оқушыларды өндіріс орнындағы техника қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық-гигиеналық талаптармен таныстыру (техника қауіпсіздігі журналына тіркеу).
  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тақырыбы: Жолаушылар вагондарын жөндеудің технологиясы

Жоспары:

  1. Вагон жөндеу зауытының бөлімшелері, цехтары мен учаскелерінің жұмысы және құрамы
  2. Вагон бөліктерін жөндеу кезіндегі қолданылатын құрал-жабдықтары.
  3. Вагон бөліктерін жөндеудегі техника қауіпсіздігі ережелері мен еңбек қорғау шаралары.

Жолаушылар вагондарын жөндеу депосының қызметі және мінездемесі

Вагон депосы – вагон шаруашылығының деполық және жөндеу жұмыстарын жүргізетін негізгі мекемелердің бірі болып табылады. Cонымен қатар вагон депосы пайдалануда жүрген вагондарға техникалық қызмет көрсету және вагон бөлшектері мен бөліктерін қалпына келтіру үшін қажет.

Жолаушылар вагондарын жөндеу депосы жөнделетін вагон санына байланысты төмендегі учаскелер мен бөлімшелерден тұрады:

—        Дайындап – бөлшектеу алаңы бар вагон жинақтау учаскесі;

—        Арба – дөңгелек жөндеу учаскесі;

—        Электр, салқындату жабдықтарын, ауа кондиционерлеу жүйесінің жабдықтарын жөндеу учаскесі;

—        Жөндеп – жинақтау цехы;

—        Слесарь – механикалық бөлімшесі;

—        Рессор – көлік (серіппе) бөлімшесі;

—        Автотежегіш құралдарын жөндеу бөлімшесі;

—        Жылыту құралдарын, сумен қамтамасыз ету құралдарын, редукторларды, тербеліс жойғыштарын жөндеу бөлімшесі;

—        Тапсырма қағазы және әйнек столярлық бөлімшесі;

Қызмет көрсететін қондырғыларға:

—        Қазандық бөлімшесі;

—        Компрессорлық;

—        Генераторлық;

—        Шаруашылық – жөндеу бөлімшесі;

—        Вагон жуу бөлімшесі;

—        Сырлау цехы;

Вагондарды жөндеуге дайындау учаскесі — күрделі және қиын орындалатын шанақ, қаңқа элементтерін түзеу жұмыстарын атқару үшін қажет.

Вагон жинақтау учаскесі – бөлшектеу, жөндеу және жинау жұмыстарын орындау үшін қажет. Вагон жинақтау учаскесі екі жағы ашық болып және қасында арнайы жөндеу жолдарында арба-доңғалақ жөндеу учаскесі орналасқан. Вагон жинақтау учаскесімен қоса, оқшауланған вагон сырлау цехы   орналасқан. Жөнделетін   вагон   шанағы көтерімділі 30т жылжымалы домкраттармен көтеріледі. Ауыр бөлшектерді тасымалдау үшін вагон жинақтау учаскесінде көтерімділігі 10т екі көпірлі кран қолданылған.

Арба-доңғалақ жөндеу учаскесі – арба жөндеу, доңғалақ тазалап жуу, доңғалақ-токарьлық, электрмен пісіру бөлімшелерінен тұрады. Арба және доңғалақтардың технологиялық қажетті қоры арнайы паркте сақталады.

Жолаушылар вагондардың электр жабдықтарын жөндеу учаскесі вагон электр жабдықтарын деполық, ағымдағы жөндеу жұмыстары, техникалық байқау және алты айлық тексеру жасау үшін қажет. Вагон электр жабдықтары агрегатты тәсілмен жөнделеді. Дайын өнім депо қоймасында сақталып, вагонға орнату үшін беріледі. Учаске төмендегі бөлімшелерден тұрады:

—        Электр машиналарын жөндеу;

—        Электр аппараттарын жөндеу;

—        Радиоаппаратуралар және бақылау-өлшеу құралдарын жөндеу;

—        Редукторлы карданды берілісті жөндеу;

Жолаушылар вагондарының салқындату жабдықтарын жөндеу учаскесі салқындату жабдықтарына деполық, ағымдағы жөндеу жұмыстарын, техникалық тексеру, техникалық байқау жасау үшін қажет. Учаске төмендегі бөлімшелерден тұрады:

—           Салқындату жабдықтарын хлодон және маймен зарядтауға және разрядтауға;

—        Бөлшектеп – тазалап жуу;

—        Өлшеу-бақылау құралдарын, автоматты басқару құралдарын және вентильдерін жөндеп-сынау;

—        Компрессор мен салқындату жабдықтарын бөлшектеп, жөндеп, сынау;

—        Сырлау;

—        Жөндеп жинақтау учаскесі – желінген бөлшектерін жөндеп, депо қоймасында ақауы барын, жөнделгенімен ауыстыру қорын қамтамасыз ету үшін қажет.

Учаске төмендегі бөлімшелерден тұрады:

—        Автотіркегіштерін жөндеу;

—        Слесарлы-механикалық;

—        Электрмен пісіру;

—        Рессорлы-серіппелі;

—        Автотежегіштерін жөндеу;

—        Ағаш өңдеу бөлімшесі – есік, диван, стол, терезе, және тағы басқа да бұйымдарды жөндеу үшін;

—        Жолаушылар вагондары арбасының гидравликалық тербеліс өшіргіштерін жөндеу;

—        Полимерлі бұйымдар жөндеу – пластмассадан жасалынған бөлшектерді жөндеп, металдан жасалынған бөлшектерге пластмасса жапсыру үшін;

—        Жылыту, сумен қамтамасыз ету және желдету жүйесінің жабдықтарын жөндеу;

Автобақылау бекетінің қажеттігі, құрамы және сипаттамасы.

Автобақылау бекеті жолаушылар вагондарында орналасқан тежеу құралдарын жөндеуге және сынақтан өткізуге арналған.

Автобақылау бекеті вагон депоның құрамына кіреді және онда келесі жұмыстар атқарады:

— ауа үлестіргіштерді тексеру, жөндеу және сынақтан өткізу;

— вагондар тежегішінің арматураларын жөндеу және сынақтан өткізу;

— жүк вагондарының иін тіректі берілістерінің автореттегішін және авторежимдерді жөндеу және сынақтан өткізу.

Тежегіштің жалғастырушы жеңдерін жөндеу және сынақтан өткізу. Сырғаққа қарсы қолданылатын құралдарды, тежеу цилиндрінің піспек бөліктерін жөндеу және сынақтан өткізу.

Тежегіштің жалғастырушы жеңдерін жөндеу және құрастыру сол сияқты тежеу жабдықтарының жеке бөліктеріне жаңғырту жасау. Жобаланып отырған автобақылау бекеті вагон сұрыптау стансасының пойыздары жолға шығару паркіне орналасқан автобақылау бекетінде екі бөлімше бар: компрессор бөлімшесі және оның ауа жүретін желілері. Екінші бөлімшесінде автотежегіш құралдары жөнделеді, әрі сынақтан өтеді. Сынау стендтері қысымы 0,7 кем болмайтын сығылған ауамен қамтамасыз етіледі. Бұл стержінге баратын ауаны кептіру, тазалау үшін ДВ41-16 ылғал сорғыш сүзгілер орнатылған.

Автобақылау бекеті – ғимаратына жақын етіп көлемі 5 м³ кем болмайтын ауа резервуары орнатылған. Басты резервуардан ауа мынадай тәртіппен есептеледі.

Еркін ауа шығынын он бір құрам тежегіш жүйесін толтыруға атмосферада заряд қысымына дейін ауаның магистралдан ағуын есепке алып, анықталады.

Вагон жөндеу бөлімшелері.

Арба жөндеу бөлімі вагон арба рамасын, жұп доңғалағын жөндеумен айналысады. Электр жабдықтарын жөндеу бөлімі вагондарға жөндеу жұмыстарын, ағымды жөндеу жасау және алты айлық тексеру жасау жұмыстарын жүргізу үшін қызмет атқарады. Жолаушы вагондарының салқындату қондырғыларын жөндеу учаскесі салқындату қондырғыларына жөндеу және тексеру жасау жұмыстарын атқарады.

Жөндеу-кешендеу учаскесі автотіркегіш, ұста-рессор жөндеу, электрлі-темір пісіру және автотежегіш құралдарын жөндеу бөлімшелеріне қоса жолаушы вагондарын жөндеу деполарында диван, ішкі есіктерін, терезе қаңқаларын жөндеу бөлімшелері болады. Жолаушы вагондары тербелісін, гидравликалық өшіргішін жөндеу бөлімшесі.

Жылу, сумен жабдықтау, ауа алмастыру жабдықтарын жөндеу бөлімшесі.

Слесарлы құлып бөлімі (вагон есіктерінің құлпын жөндейтін бөлім).

Жолаушы вагондарының құрылысы жүк вагондары құрылыстарынан бөлек болғандықтан, жолаушылар вагондары депосының жабдықтары жүк вагондарын жөндеу депосы жабдығынан бөлек болады.

Жолаушы вагондарын жөндеу депосында вагон жинау учаскесінен бөлек, сырлау бөлімшесі қарастырылған. Жөндеуден өткен вагон сырлау бөлімінде сырланып, кептіріледі.

Вагон жөндеу кезінде техникалық процестерге байланысты вагон жабдықтары әрбір белгіленген позицияларда жөндеуден өтеді.

Жөндеу позициялары атқарылатын жұмыстар сапалы және уақытты үнемдеуге қажетті құрал-саймандармен, жабдықтармен жабдықталған.

Қосақталған доңғалақтарды жөндеу бөлімшесі

Доңғалақ бөлімшесі вагондардың қосақталған доңғалақтарын жөндеу, жаңасын құрастыру, сонымен бірге депо және басқа зауыттарға жөнелту жүргізіледі. Қосақталған доңғалақ жөндеу және құрастыру цехында жұмыстар, вагон қосақталған доңғалақтарын құрау, куәландыру, жөндеу және құрастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Зауыттың доңғалақ бөлімшесінде қосақталған доңғалақ жөндеу элементтерін ауыстырып және кәдімгі куәләндіру жүргізіледі.

Жөндеу бағдарламасында жөндеу және құрастыру бірлігімен қосақталған доңғалақ типтері бойынша бөлек жүргізіледі. Мұнда жөндеу қосақталған доңғалақ басқа кәсіпорындар үшін мемлекеттік стандарт белгіленген.

Цехқа түскен қосақталған доңғалақ алдын-ала қараудан, жуудан өтеді, дефектоскоппен тексеріледі, өлшенеді, содан соң жөндеу сипаты және көлемі анықталады.

Қарау кезінде ажырамас үшін магнитті дефектоскоптың мойынын, болшектерін магнитті дефектоскоптан мойыннан бөлшектерге магнитті дефектоскоптың бөлік бөлімшесінде тексереді.

Қосақталған доңғалақ элементтерін өлшеу, қажет өлшем дәлдігін қамтамасыз ететін арнайы аспаптар белгіленген реттілікпен жүргізіледі:

Доңғалақ цехтың өндірістік учаскесінде қосақталған доңғалақ жөндеу және құрастыру бүкіл операциялардың вагон бөлшектері мен бөліктерін қалпына келтіру үшін жасақталған.

Қосақталған доңғалақты тазалау және жууға жүйелі әрекетті бар камералары жуғыш машиналары және тазалау механикалық тұратын автоматтандыру қондырғысын пайдалану флюсь қабаты астында балқыту жұмысы А 482 типті жартылай автомат көлігімен орындалады.

Құрастыру учаскесінде П-447 модельді гидравликалық престер орнатылады, элементтерімен қайта престеу жүргізіледі және механикалық өндеу учаскесінде металл кесуші станоктар комплексі орналасқан.

Біліктер және доңғалақ өңдеу 1830 типті біліккескіш А-64 типті білік сындыру станоктар келесі 1830т. типті жартылай автомат қалдықтары, біліктің массасы және сатылы бөлшектеу егеу 1Д63А типті стандартпен жүргізіледі. Айналдырып қарау – РАФАМЕТ типті станокта жүргізіледі.

ІІІ. Саяхат сабағын қорытындылау және белсенді оқушыларды бағалау.

Депо басшысының вагон жөндеу жөніндегі орынбасары, цех шеберлері,

бригадирлерінің және оқытушының қорытынды сөзі.

ІV.   Үйге тапсырма беру.

  1. Оқушылардың саяхат сабағы жайлы қорытынды есебі
  2. В.В.Пастухов «Вагоны», В.И.Сорокин «Ремонт вагонов»
  1. Ү. Сабақтың аяқталуын хабарлау.

Әбдіқадыр Айтбай Тәжібайұлы,
И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық
техникалық жоғары колледжі
теміржол көлігі бөлімшесінің арнайы пәндер оқытушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.