Жокелова Светлана Бүркітқызы,
Жаратылыстану пәні бірлестігінің жетекшісі,
жоғарғы санатты химия және биология пәні
мұғалімі,
«Ыбырай Алтынсарин «төсбелгісінің иегері
Сабақтың мақсаты: Газ тәрізді заттардың көлемін, мөлшерін, молярлық массасын табу арқылы газдың парциал қысымын есептеу туралы мәлімет алады.
Сабақтың түрі: жұптық
Күтілетін нәтиже: Химиялық қосылыстардың қасиетін түсіну арқылы газдың парциал қысымын есептеуге жаттығулар орындай алады.
Дерек көздер:
— Д.И.Менделеевтің жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі
— Химия есептер оқулығы, авторы С.Молдахан, 2012жыл
— АКТ
Сабақтың кезеңдері
Ұйымдастыру: сабақтын мақсатын, кезеңдерін түсіндіру .
Сергіту: Зарядка жасау-2 минут
Ой қозғау:
1) Д.И. Менделеев периодтық системасы арқылы элементтердің орналасуын көрсету
2) Газдардың қандай бірлікпен есептеуге болады?
4.Жұптық жұмысқа тапсырмалар тарату:
№1. 96кПа, 108кПа , және 90,6 кПа қысымдағы 3 л СО2, 4 л О2, және 6 л N2 бар бірнеше газдарды қосқанда қосындысының жалпы көлемі 10 л болған. Газдың қосындысының жалпы қысымын табыңыз.
Шешімі: 1.Әр бір газдың парциал қысымын табады.
PCO2= = 28.8кПа; РО2 = =43.2кПа
PN2= = 54.4кПа болады.
- Қоспадағы газдың қысымы: P=P1+P2+P3+P4+…..Pn формула бойынша:
Р(жалпы) =28.8+43.2+54.4=126.4 кПа
№2. Бірдей 100 кПа (750мм.с,б) қысымдағы 2л оттек және 4л SO2 газдарды қосқанда жалпы көлемі 6л болады.
Қоспадағы газдардың парциал қысымын табыңыз.
Шешімі. Есептің мағынасына қарағанда газдарды қосқанда әр газдың көлемі артады: О2-нің көлемі =3 есе артады. SO2 нің көлемі =1.5 есе артады.
- Газдың көлемі, қысымға кері байланыста болатындықтан әр бір газдың қысымы төмендегідей.
РО2 = =33.3кПа РSO2 = =66.7кПа, болады.
№3. Массасы 0,725 г газ 23оС температурада 760 мм с.б-ының қысымында 551 мл көлем алған. Осы газдың молекулалық массасын табыңыз.
Шешімі: PV= Бұдан: M= болады.
M= =32 г/моль,
№4. Қалыпты жағдайда (0оС, 101.325 кПа) көлемі 500 мл газдың массасы 0.625 г болса газдың молекулалық немесе молярлық массасын табыңыз.
Шешімі: Қалыпты жағдайдағы 1 моль газдың 22,4 л көлем алатынын ескертіп, газдың молярлық массасын табыңыз.
0,5 л —0,625 г M= =28 г/моль (N2);
22,4л —хг
№5. Берілген температурада күкірттің буының азотпен салыстырған тығыздығы 9,14 болса күкірттің молекуласы неше атомнан тұрады.
Шешімі: Газдың салыстырған тығыздығы M1=D*M2 формуланы пайдаланып :9,14*28һ255,92 күкірттің молекуласы неше атомнан тұратынын тапсақ: 255,92:92=8 Берілген температурада күкірт буы 8 атомнан (S8) тұратыны анықталды.
№6. Қалыпты жағдайдағы 1 л белгісіз бір газ 2,85 г болса осы газдың молекулалық массасын табыңыз.
Шешімі:
1 л —2,85 г х= =64 г/моль
22,4л —хг
5. Тақтамен жұмыс:
6. Есеп үлгілерін шығару:
7. Рефлексия (кері байланыс)
Бағалау:_______
Әріптестердің сабаққа қатысу
сәтінен көрініс
Оқушылардың жұптық жұмысты
орындау кезеңінен көрініс