Home » Балабақша » Жоба тақырыбы: Табиғаттағы жәндіктер «Құмырсқа»

Жоба тақырыбы: Табиғаттағы жәндіктер «Құмырсқа»

Ересектер тобына арналған қысқа мерзімді жоба жұмысы

Жоба мазмұнының өзектілігі

— мен құмырсқалар туралы білу үшін көп іздендім. Қызыққан себебім, табиғаттағы жәндіктердің ішінен құмырсқаның адамға тигізер пайдасы көп екендігіне балалар көзін жеткізу үшін алдым. Сондықтан құмырсқалар туралы деректерді іздеп, зерттеп, оқып, оның түрлерін, құрылысын мекен ететін ортасын білуді дұрыс деп таптым.

Мақсатым:

Жалпы құмырсқа туралы мәлімет беру. Құмырсқаның түрлеріне тоқталу және оларға бақылау жасау. Жәндіктерді қорғап, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

 Міндетім: Құмырсқа жайлы білгенімді балаларға жеткізу. Құмырсқалардың пайдасын  түсіндіру зерттеу әрекетіне қызығушылық тудыру;

Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру;

-зерттелетін жұмыс туралы түсініктер қалыптастыру

жоба түрі: таным, шығармашылық)
Жобаға қатысушылар:
Ересектер тобының балалары, ата – аналар, тәрбиешілер
Жобаның жүзеге асырылу мерзімі:
қысқа мерзімді: 1 апта

Жұмыс түрлері:
Ойын әдісі, танымдық, бақылау, нәтижелік, тәжірибелік, шығармашылық, ата-аналармен жұмыс.

Мәселе бойынша жұмыстар: тақырыптық оқу қызметтері, әңгіме жүргізу, бақылау, шығармашылық жұмыстар, құстар туралы слайд көру, бейнефильмдер көру, серуенге шығу.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:

1-кезең-дайындық
Тақырып мәселесі бойынша әдістемелік материалдар жинау, интернет желісі арқылы танымдық ақпараттар, суреттер«Құмырсқалар» туралы мағлұматтарды алу үшін серуен барысында құмырсқалар тіршілігін анықтау, Жер бетіндегі еңбекқор жәндік екендігін бақылау.

2.Негізгі бөлім

Зерттеу әдістері: Мақсаты мен міндеттеріне байланысты зерттеу әдістерін таңдадым. Бұлар:

1.Құмырсқалардың адам денсаулығына тигізер пайдасы

2.Ата-аналарды зерттеу жұмысына қатыстыру

  1. Құмырсқа туралы өлең, мақал-мәтел, жұмбақ жасыру

4.Шығармашылық жұмыс

Кіріспе

Құмырсқалар жайлы қызықты аңыз-әңгімелерді оқығанан бастап, осы аспаптың шығу тарихы туралы білуге асықтым. Барлық дерек көздерінен құмырсқа туралы оқып, білдім. Әсіресе құмырысқалардың тіршілігі мен тағдыры адам баласы үшін қызықты. Өзіміздің әдебиеттік оқу христаматиясындағы Сүлеймен пайғамбар мен құмырсқалардың сөйлескендігі жайлы аңыздың өзі бір төбе. Әлем әдебиетінде белгілі француз жазушысы Бернард Вербердің «Құмырсқалар», «Құмырсқа күні» және «Құмырсқалар революциясы» кітаптары әлем оқырмандарының үлкен қызығушылығын тудырғаны белгілі. Француз әдебиетінің кейбір сын-ескертпелеріне қарамастан, аталған үш кітап рекордтық көрсеткішпен он миллион таралыммен Еуропа және Солтүстік Америка елдеріне тарады. Құмырсқалар өркениетін баяндаған бұл шығарма әлем оқырмандарын тамсандырды.  Мұзафар Әлімбаевтың «Құмырсқалар» дейтін өлеңі қазақ әдебиетінің үлкен мазмұны болып есептеледі. Құмырсқалар тақырыбы – әлемдегі ең үлкен тақырып. Құмырсқалардың құпиясы мен қасиеті жылдан жылға ашылып, артықшылығы зерттеле береді деп ойлаймын

«Құмырсқа» туралы мәлімет.

Құмырсқа (Formicidae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Көбейуге жарамсыз топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік (жасы жағынан) құмырсқа болып табылады. Олардың шындығында физикалық қуаты орасан болғаны соншалықты, өздерінен жүз есе үлкен затты еш қиналмай тасымалдай береді] Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі.Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ – үй құмырсқалары (шымылдар), орманда көбірек кездесетін — жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т. б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауынқұрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.

«Құмырсқаның» дене мүшесімен таныстыру.

Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған Көкірек бөлімі  жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. улы бездерінен бөлінетін сұйықтық- құмырсқа қышқылы деп аталады.

Құмырсқаның түрлері

Мақпал құмырсқасы, Ара құмырсқа,Фараон құмырсқасы Ұры құмырсқасы, Соқыр құмырсқа,Солдат және оқ құмырсқасы, Шымды құмырсқа, Сары орман құмырсқасы Бақ құмырсқасы, Гигант құмырсқасы

Түрлі-түсті құмырсқа, үй құмырсқасы, Макромир құмырсқасы, Пробкоголовый Жұмысшы құмырсқалар, Понера Фермер құмырсқа Щитинистый Сары құмырсқа, Қадалғыш құмырсқа, Бал құмырсқасы

«Құмырсқаның» пайдасы туралы зерттеу жұмысы

Құмырсқа тұнбасын жасап көріңіз. Құмырсқа тұнбасын суықтағанда, тұмауратқанда, ревматизммен ауырғанда терлеу үшін пайдаланады. Оны дайындау да өте оңай. Бөтелкеге жартысына келетіндей етіп құмырсқа саласыз. Үстінен толтыра спирт құясыз. Арақ болса да болады. Оны бірнеше күнге жылы жерге қоясыз. Бұл тұнбаны күніне үш мезгіл 20-60 тамшыдан ішіп тұру керек. Немесе осы тұнбаға дәкені батырып алып, ауырған жерге басуға болады. Құмырсқа денесінде 70 — тен астам микроэлемент, 20 — дан астам амин қышқылы, витаминдер бар.Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады.  жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған.  Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін  емдеуде, қан  қысымын реттеуде қолданылады.  Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады.  Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған

«Құмырсқа» туралы тақпақтар айтқызу

Ата-анамен жұмыс: Дәстүрден тыс заттармен құмырсқалар жасап көрме ұйымдастырады.

Дидактикалық ойын: «Өз үйін тап»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, мейірімділікке тәрбиелеу, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарауды үйрету.

Шарты: жәндіктердің өз үйлерін шатаспай тауып орналастыру

«Құмырсқаның» илеуі туралы түсінік беру

Шығармашылық жұмыс жасату

Әдіс тәсіл : Сурет -акватипия әдісі

Мүсіндеу басу, созу әдісі

Жапсыру заттық жапсыру

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер

Проектор,электронды ойын, органикалық шыны, жасанды сазбалшық, гуашь, шай түйіршіктері, қылқалам, қаламсап, тұғыр .

Билингвалды компонент

Құмырсқа — муравей, илеу – муравейник

Сөздік жұмыс: илеу

Балалар құмырсқаға көмек беру үшін құмырсқаның илеуін жасайды.

Қорытынды

Қорыта келе менің түйгенім, Құмырсқа іс — әрекеті арқылы балаларды – еңбекқорлыққа бауырмалдыққа топпен жұмыс жасауға әр адамның өз міндетін жауапкершілікпен орындауға үйретеді. Құмырсқа –еңбекті қастерлеп күте білуді талап етеді. Құмырсқалар – адамның ішкі және сыртқы – жан дүниесін емдеп, ұжыммен өмір сүруге үйретіп, денсаулықты нығайтады. Құмырсқа  – еңбекқор  болуға жол ашады.  Құмырсқа  – ұжымды басқаруды дамытуға ықпал етеді. Құмырсқа  – топпен жеке жұппен жұмыс жасауға  дұрыс өмір сүруге еңбекқорлыққа, ізденуге баулиды.

Күтілетін нәтиже

Қайталайды: Табиғаттағы жәндік аттарын айтады.

Түсінеді: Құмырсқа туралы айтылған мәліметтерді

Қолданады: Зерттеу әдісі арқылы тұнба жасайды.

Сурет салуда техникалық дағдыларды, көркем-шығармашылық қабілеттерді бейнелеуді, дәстүрден тыс заттармен жұмыс жасауды.

Раймбекова Ботакөз Аймұханбетқызы,
№14 “Самал” балабақшасының тәрбиешісі
Қызылорда қаласы

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.«Биология» оқулығы Атамұра Баспасы 2010.ж

2.«Қазақстан Энциоклапедиясы» Алматы- Асыл мұра баспасы 2012 ж

3.«Бастауыш мектеп» журнал №2,5 2015 ж.

4.Жыл он екі ай журналы № 5.№6 2008 ж

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.