Home » Жаңалықтар » Жоба жеңімпазы «Өрлеуде» қонақта

Жоба жеңімпазы «Өрлеуде» қонақта

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Халықаралық орталық Азия әйелдер  Ассоцияциясының президенті, «Қазақстан — 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Уразаева Асемгуль Аликовнамен «Психология–мамандық емес, ол жан құбылысы»  тақырыбында  шебер — сынып  өткізді.

Жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін қалыптастыру, жетістікке жетудегі психологтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған шараға қала, аудан білім беру бөлімінің әдіскерлері, облыстық білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатынасты.

Шара институт директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Галимжанова Маржан Анесқызының алғысөзімен басталды.

Институт басшысы институтта мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды айта келе келе  «Қазақстан — 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы туралы тоқталды.

Жоба жеңімпазы  Уразаева А.А.  жетістікке жету жолдары мен адам бойындағы  тұлғалық қасиеттерді  қоғам игілігіне пайдалану жолдарымен таныстырды. Облыс психологтарына шараның берері мол болды. Өздерін толғандырып жүрген көптеген сауалдарға жауап алған психологтар, еңбек жолдарында кездескен қиындықтармен бөлісті. Ортақ тоқтам жасады. Шебер сынып қатысушы-психологтар шарадан  психолог мамандарға керекті ақпараттарды ала алды.

Шара соңында институт директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Әлім Гулмира Әлімқызы институттың Алғыс хатын табыстады.

Қаленова Г.С.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ
қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлім бастығы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.