Home » Ашық сабақтар » Жиренбаева Гульшат. Түркия

Жиренбаева Гульшат. Түркия

Жиренбаева Гульшат Егеубаевна,
1-санатты
Астана қаласы,
№84 мектеп лицейі

 

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Түркия  мемлекетінің құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы, тарихи қалыптасу, табиғат жағдайы мен ресурстары, халқы  туралы мәлімет беріп, білім қалыптастыру
Дамыту: Оқушыларды мәтінді өз бітімен меңгеруге, топпен жұмыс істеуге, бірін-бірі бағалауға баулу
Тәрбиелік: оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Ойын сабақ: сұрақ-жауап, ЖИГСО-І, Венн диаграммасы
Пайдаланған әдебиет: География
Көрнекілік: Презентация, видео «Cәттілік», Дүниежүзілік карта.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    II. Үй тапсырмасын тексеру:
    1-тур “Кім тапқыр?”
    2- тур “Не?, Қайда?, Қашан?”
    3-тур  “Бәйге”
    III. Жаңа сабақты меңгерту
    IY. Кескін картамен жұмыс.
    Y. Кестемен жұмыс
    YI. Қорытындылау, бағалау
    YII. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1-тур “Кім тапқыр?”   

1.Үндістанның халқы 1296,2 млн.адам   Жауабы: Иә
2.Үндістан бір ұлтты ел. Жауабы: жоқ
3.Басты діндер – ислам, христиан, будда, индуизм, сикха Жауабы: жоқ
4.Халқы түгелімен оқи, жаза алады Жауабы: жоқ
5.Үндістан күріш өндіруден дүние жүзінде 2-орында,  ірі қара  саны жөнінен
1-орында  Жауабы: жоқ
2- тур “Не?, Қайда?, Қашан?”
1.Техникалық дақылдардан не өсіреді?
2.Майлы өсімдіктеден не өсіреді?
3.Экспортқа шығарылатын бастыдақыл не
Жауабы: 1. мақта, джут, қант қамысы
2. рапс, үпілмәлік, жержаңғақ
3. шәй
1. Мал шаруашылығының негізін не
құрайды?
2. Елде 141 млн.га жер өңделеді, оның
қанша  млн.га суармалы жер ?
3. Егіс көлемінің  азық-түлік дақылдары қанша
%-ға жуығын  құрайды ?
Жауабы: 1.  қой шаруашылығы
 2.  84 млн.га
3.  80%
1. Балық аулаудан  жылдық көрсеткіші қанша
 млн.т-ға жақындады?
2. Күріш, бидай дақылы  негізінен қайда өсіріледі?
3.Тары тұқымдастары мен мақта, шәй қайда өсіріледі?
 Жауабы:
1.  3 млн.т
2.Күріш — теңіз маңы ойпат, Ганг өз. төмен. ағысында,
бидай — Ганг өз.  жоғарғы, орта ағыс. суармалы жерінде
3.Тары-   Декан таулы үстіртінде,
мақта —  Декан таулы үстіртінің
солт-батыс.қара топырақта
шәй – Гималай бөктерінде

 3-тур  “Бәйге”

10 — Темір жолдың ұзындығы неше км.?

20 — Солтүстік-шығыс штаттар қандай шикізаттқа

бай және  қандай  өнеркәсіптер   шоғырланған?

30 — Солтүстік-батыс  штаттарда   қандай  кәсіпорындар бар, шикізатын қайдан

алады?
10 — Тас жолдардың жалпы ұзындығы неше км?

20 — Ірі өнеркәсіп орталығы қай   қала ?

30 —  Батыс  және Орталық штаттарда  не өсіріледі ,қандай өнеркәсіп кешені

қалыптасқан?
10 — Ішкі су жолдары неше км?

20 —   Мумбайдың аса зор қала агломерацияларында қандай кәсіпорындар

орналасқан?

30 —  Оңтүстік штаттардың маманданған саласы ?
III. Жаңа сабақты меңгерту

Мұғалім слайд арқылы:

Қысқаша мәлімет:

Жерінің ауданы – 779,2 мың км2

Халқы: 77,2 млн.адам /2014ж./

Астанасы – Анкара қаласы

Мемлекеттік құрылым – республика

Мемлекет басшысы – президент

Заң шығарушы орган – ұлттық мәжіліс

Мемлекеттік тілі – түрік тілі

Ұлттық валютасы – түрік лирасы
Халықтың құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы

Түркия құрамында 75 вилайет  /провинция/ бар. Түркия 1923ж.29 қаңтарда тәелсіз болып жарияланды. Түркия: Сириямен, Иранмен, Иракпен, Армения, Грузия, Әзірбайжанмен, Болгария, Грекиямен шектеседі.

Аумағының 97 % —  Азияда, 3 % — Еуропада.Түрік мемлекетінің қалыптасуы және геосаяси жағдайы. Батыстан шығысқа 1600 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 550 км-ге созылып жатыр. Елдің солтүстігін Қара, батысын Эгей және Мәрмәр, оңтүстігін  Жерорта теңіздері шайып жатыр.

Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық су жолын атқараты. Бұл жағдай елдің жан-жақты сыртқы байланыстар жасауға қолайлы жағдай туғызады.
Кескін картамен жұмыс. 

Түркия мемлекетінің шекарасынын қызылмен сызып, астанасын тауып белгілеу.

Қалған үш бөлімін оқушылар СТО бағдарламасының ЖИГСО-І  стратегиясы арқылы меңгереді.

   Кестемен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөліну үшін 1, 2 , 3 саналып, 1 – бірінші топқа, 2 – екінші топқа, 3- үшінші топқа бөлініп кіші топ құрады.

1-топқа: «Тарихи қалыптасуы және геосаяси жағдайы»

2-топқа: «Табиғаты және табиғат ресурстары»

3-топқа : «Халқы»

Тапсырманы оқып, дәптеріне кесте сызып ,  тапсырмаға байланысты  өз бағаналарын толтырады да, үлкен топқа қайтадан ауысады. Топта  бірінші  —  № 1 топ өздерінің жазғандарын оқып,  № 2 және № 3 топқа өздерінің мәліметін толтыртады, сол сияқты екінші және үшінші кіші топтар толтыртады да , әр топтан 1- спикер шығып тақырыпты қорғайды.

  1. Бекіту сұрақтары: Венн диаграммасы
  2. Жерінің аумағы қанша?
  3. Халқының саны қанша?
  4. Әкімшілік-аумақтық бөлінуі қалай аталады?
  5. Қандай табиғат ресурстарына бай?
  6. Халқының саны неше?
  7. Мемлекеттік тілдері қай тіл?
  8. Қорытындылау, бағалау
    Бағалау мониторингі арқылы бағаланады.
     YI. Үйге тапсырма: параграф: §12  63-70 беттер. Рефера

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.