Home » Мақалалар » Жеңіс таңы!

Жеңіс таңы!

Жетпіс үш жыл жеңіс таңы атқалы.

Жетпіс үш  жыл бейбіт күн орнағалы.

Есімізде сан  рет сонан бері.

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Бүгін  Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесін тойлап отырмыз. Жеңіс халқымызға оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында талай асыл азаматтарымыз мерт болды, жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті.
Бүгінгі тамаша күнге жеткізген  азаматтар –елі үшін күрескен  асыл әкелер мен әз ағаларымыздың, абзал ағаларымыз бен есіл ерлеріміздің батырлығына тағзым ете отырып, біздің «Аққу бөбекжайында»бүгінгі күні үлкен тәрбиелік мағынасы зор іс-шара аталып өтуде.Мереке қарсаңындабөбекжай басшысы А.А.Ералиева мен қызметкерлері және тәрбиеленушілері біргелікте Абай қаласының тұрғыны Ұлы Отан соғысы ардагері «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, құрметті демалыстағы гвардия майоры  Макаров Иван Степановичке мерекелік сыйлықтарын алып құттықтап барды. Тәрбиеленушілеріміз Иван Степановичтің майдан даласындағы және тылдағы өмірі мен марапаттарымен танысып, әңгімесін тыңдады.Естелік үшін ардагермен суретке түсті.

Ал, 5 — мамыр күні таң сәріден соғыс жылдары әнұранға айналған әндер шырқалып, салтанатты жиынға барлық ұжым жинала бастады. Макаров Иван Степанович бөбектеріміздіңшақыртуын қабыл алып, мерекелік ертеңгілігіне де қатысты. Мерекелік іс-шараны бөбекжай директоры Ералиева Асылзада Абильхаровна құттықтау сөзбен бастап, ұжымы атынан осы бейбіт күнге жеткізген ардагерлерімізге бас иіп, шексіз алғысын білдірді.

Отан үшін от кешкен азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Онан кейінгі мерекелік іс-шара бөбекжай тәрбиеленушілері дайындаған концертке ұласты.

Жеңіс күні біздер үшін ерекше мейрам болып саналады. Осыдан 73 жыл бұрын фашистік Германияны тас-талқан етіп жеңіске жетпегенде қазіргі тәуелсіз күн кешуіміз екіталай болатын еді. Еліміздің  тыныштығын күзетіп ұрпақ тағдырын ойлаған, соғыс ардагерлеріне мәңгі бас иеміз!

 Ерсултанова Сауле Аскербековна,
Қарағанды облысы, Абай қаласы
«Аққу бөбекжай» КМҚК  әдіскері

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.