Home » Жаңалықтар » ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕГЕН БАЙҚАУ МӘРЕСІ

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕГЕН БАЙҚАУ МӘРЕСІ

2018 жылдың 1 маусымынан бастау алған мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің республикалық байқауының қалалық кезеңі өз мәресіне жетті.

Аталмыш байқау Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» (7-тармақ – «Адам капиталы – жаңғырту негізі») атты Жолдауын іске асыруға негізделіп, «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының 2018 жылға арналған жоспары аясында өткізілді.

Байқау білім мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану бойынша тиімді практикаларын және озық тәжірибелерін таныстыру мен тарату формаларының бірі болып табылады.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының қалалық кезеңі барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері түсіндіру жұмыстарымен қатар, шебер-сыныптар өткізіп педагогтар қауымына бейне-материалдарды бағалау критерийлері туралы ақпарат беру және байқауға қатысу үшін бейне-сабақтарды әзірлеу бойынша әдістемелік көмек көрсетуде ауқымды жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, бейне-сабақты дайындауда материалдың тәжірибеге бағдарланған сипатын, сабақта оқушылардың белсенді өзіндік қызметін және ішкі мотивациясын көрсету, озық білім беру технологиялары, цифрлық технологиялардың соңғы жетістіктері және АКТ-құралдарын қолданудың маңыздылығы нақты талаптар қатарында болды. Сондай-ақ, сабақтарды бейнежазбаға түсіргенде сюжеттік желі құрылысының логикасына, бейне-материалдардың динамикасына, визуалді желі сапасына және дыбысына көңіл бөлу керектігі де қатысушыларға үнемі ескертілді.Байқауға Астана қалалық білім беру ұйымдарынан 150 –ден астам педагог қатысып, өз шеберліктерін сынады. Институттың білікті мамандарынан құрылған сараптамалық топ үздік сабақтар ішінен байқаудың қалалық кезеңінің 1, 2, 3 орындары бойынша 53 жеңімпазды анықтап, Байқаудың республикалық кезеңіне ұсынды.2018 жылдың 26 қазанында елордалық №77 мектеп-гимназия базасында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.