Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектісін дамыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігін ерекшелейді. Сондықтан да оқушылардың даму ерекшеліктерін жетік танып білуіміз қажет.
Оқушының даму ерекшелігін ескере отырып мектептің психологиялық қызметі мектеп оқушыларымен «Оқушылардың қабілеттерін анықтаудың тиімді тәжірибесі» тақырыбындағы психологиялық сабақтар өткізді. Психологиялық сабақ мектепте академиялық сағатпен құрылған 40 минутты қамтыды. Сабақ басында теориялық бағытта кіріспе беріліп, содан соң сабақ ортасында тәжірибе түрінде жүргізілді. Яғни оқушылардың қызығушылығын ояту үшін теориялық және практикалық бағытта болды.
Оқушыларға басым доминанттық профиль бойынша оқушының қабілетін жақсартуға Карла Ханнафордтің «Доминантты фактор» теориясы арқылы оқушының оқуын жақсарту. Яғни оқушының жеке қабілеттерін түсініп және оны жақсарту жүйесін ойлап шығарған. Оқушының жеке ерекшеліктерін және оқыту стильін ажырата біліп, мұғалім сабақты жоспарлап, оқуға деген қызығушылығын тудыра алады. Карла Ханнафордтің «Доминантты фактор» теориясында 32 профиль ерекшеліктері зерттелінген. Ол профиль оқушының ми жарты шарының, яғни сол жақ және оң жақ жарты шарын, басым көзді, құлақты, қолды және аяқты білетіндіктен ғана анықталады. Анықталынған доминанттық профиль арқылы оқушының оқуын жақсарта аламыз. Әр оқушының жеке профиль арқылы біз оқушының стресстік жағдайда, басым мүшелері бойынша кинесиология жаттығулары арқылы стресстік жағдайдың алдын алып, оқушыға психологиялық көмек көрсете аламыз, немесе оқушы өзінің стресстік жағдайда өз-өзіне кинесиология жаттығуларын орындау арқылы өз-өзіне көмек көрсетеді. Стресстің алдын алады.
Психологиялық сабақ оқушының жеке қабілеттілігіне қарай бағытталады. Қабілеттілік- жеке қасиеттер болып табылады, бұл белгілі бір қызмет түрін табысты орындау үшін жағдайлар болып табылады.
Оқушы өзінің қабілетіне қарай, стресс кезінде өзінің доминанттық басым мүшесіне кинесиологиялық жаттығулар арқылы өз-өзіне көмек көрсете алады. Кинесиология дегеніміз қозғалыстың ғылымы, яғни қозғалыс туралы үйрену. Кинесиология – жұмсақ әрі жеңіл, комплекстік емделу әдісі. Бұл әдістеме адамның өз-өзін көмек көрсетуі немесе аурудың алдын алуы. Қозғалыс арқылы өз-өзіңіздің әл-ауқатыңызды жақсарту. Кинесиология сіздің күнделікті өміріңізде кездесетін стрессті жоюға және денсаулығыңызға кері әсер ететін жағымсыз негативтерді жоюға көмектеседі.
Басым доминантты профиль арқылы біз, педагог, әр оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыра аламыз, оның жеке қабілетіне ықпал ете отырып, оқушыны түсіне аламыз.
Кинесиология жаттығулары Ольга Троицкаяның жинақтарында арнайы бағыттарға қарай ұсынылған.
Шамишева Лаура Бекболқызы,
Атырау қаласындағы ХББ НЗМ педагог-психологы