Әлемді таң қалдырар бабалар ілімінің танымдық дәрежесінің бір биігі «жеті қазына.»Жеті қазына» сөзін естігенде, оны ұлтымыздың тамаша танымы ретінде әлемдік байлықты көргендей болатынымыз рас.(Өкініштісі,Қайран бабам,..Қадырыңды білмей келем амал не..).Осы тақырыпты талдамас бұрын маған ,бірнеше мағлұматты ақтаруға тура келді.Тізбектеп көрейін қысқаша «Жеті қазына», ҚР білім және Ғылым министрлігі бекіткен оқу-сауықтыру орталығы,авторлары Құрсабаев.М,Б.Бекетай т.б. 7 мүшесі бар авторлық шығарма, мектепке арналған, бұл кітапта алты қазынаны тізбектейді.1-ер жігіт,2-Сұлу әйел,3-Берен мылтық,4-Қыран бүркіт,5-Жүйрік ат,6-Құмай тазы 7-жазылмаған.Тағы бір танымдық кітап мектепке арналған «Жеті қазына» авторы Тоқтыбаев А. Бұндағы «қазыналар» 1-Қазан,2-Ит,3-Бүркіт,4-Мылтық,5-Диірмен,6-Кітап 7-жазылмаған .»Бабалар аманаты» авторы З.Ахметова,бұл кітапта жеті қазынаға 1-Аспан,2-Күн,3-Ай,4-Жер,5-Су,6-От,7-Ит.Бұдан өзге ақпараттық басылымдардан оқығаным, Жеті қазынаға қатысты арнайы мақалаларда,сұлу әйел, жүйрік ат,құмай тазы,пышақ,біз,арқан, балта,қазан,майланғыш ау, от, өсімдік,садақ,қақпан,тұз т.б. болып келтіріліп,әрқайсысына баға беріп дәріптелген,және кейбірі оқу орындарында өскелең ұрпақ тәрбиесіне сіңірілуде. Және түрлілігі жеті қазына емес «77 қазына» екен ..Бұл «қазыналардың» ішінен ,Маңғыстау қарияларынан қалған тағлымдық қағидаға,Бауыржан атадан қалған жеті қазына, танымы толық болмаса да келіңкірейді ,ал қалғандары мүлдем бөлек.Осындай сан түрлі таным мені, бала кезден естігендерімді терең зерделеп,халыққа ұсынуға мәжбүр етті.Жеткізе алмаған жеріме ғапу өтіне отыра,айыпқа бұйырмай,әділ сын айтар деп үміттенемін…Алдымен жазылғанды талдап қарайық ,мысалы Сұлу әйел десек, «қатын бастаған көш оңбас!», немесе «..қасыңдағы қатынға сенбе» деген Бабам,әйелді қазынаға жатқызуы екіталай. (Қазақ даласында ажалына әйелі себепкер болған әз-әулиелер,батырлар тағдыры жөнінде аңыз қаншама?.). «Ескертуден» байқасаңыз әйелде, жылқыда қоса кетіп тұр. Және әйел қазынаға жататын болса,бұл еркектің жеке меншік затына айналған болар еді, бұл таным бабалар тәрбиесіне мүлдем кереғар ал тіптен сұлу болмаса оны қайтпекпіз?Немесе жүйрік жылқы мен қыран бүркіт,тигір мылтық, құмай тазы қазақтың сері жігіттеріне салтанат беретіндер,көңіл көтерер сауық-сайранның бөлшегі ғана, бірақ бұларсыз адамның тіршілігі тоқтап қалады деген түсінік болмайтыны анық.Сол секілді жоғарыда тізбектелген « қазыналар» бар болғаны тіршілікке керекті адамның қолданған құрал-саймандары,егер керектінің бәрін түгендесек,киетін киімге дейін қазына ғой..Көштен қалмай,»Қазынада» көбірек айтылатынның бірі-ит.Маған осы мақаланы жазуға себепші болғанның бірі, Ергеш Әзбергенұлы бауырымыздың 2009 жылғы «Парасат» жорналының 1,2,3,4 номерлеріне жарық көрген «Жеті қазынаны жете білеміз бе?» деген тақырыбы. Бұны да саралап көрейік, Ергеш бауырым өзіне дейін 7 қазынаны зерделеген Түйімбетов Майдан («Парасат» 2001.қазан) деген азаматтың талдауын жазып келеді де,-Бірінші ер жігіт делініпті,шынын айтсақ қазына ер жігіттің басына құралады.Бір сөзбен айтқанда адамға бітеді емес пе?Сондықтан жігіт жеті қазына бола алмайды.Екінші сұлу әйел делінген. «Қазақ астыңдағы атыңа,қойныңдағы қатыныңа сенбе» -дейді.Таратып пайымдасақ ,бұл әйел мен ат иесін далаға тастап кетеді дегенді білдіреді,өлімге қиып кете береді. Төртінші бүркіт делінген.Бұл жарықтық серінің ,патшаның серуендік, сәндік құсы болып табылады.Жаңағыдай болмаса ұшып кете береді.Сондықтан бүркіт қазына бола алмайды.Бесінші ілім-білім деген.Ілім –білімді қолмен ұстап,көзбен көре алмайсың.Қолмен ұстатпаған нәрсе адамға қалай қазына бола алады?Қазына деген белгілі бір салмағы,орыны бар мүлік емеспе? Ал енді ілім-білім нәтижесінен туған зат қазына бола алады.Алтыншы берен мылтық делінген, әрине берен мылтық қазынаға жатады.Бірақ айдалада , елсізде оқ дәрісі таусылса темір таяқ болып қалмай ма? Сондықтан мылтық сенімсіздеу қазынаға жатады.Жетінші тазы ит делінген. Бұл енді нағыз қазына. Міне, біздің қастерлеп жүрген жеті қазынамыздың сиқы осындай…Ендеше бұларды қайтып жеті қазына дей аламыз?Пайдалы дегендеріміздің өзінің пайдасы теңізге тамған тамшыдай. Ендігі жерде бұл жеті қазына деп жүргеніміздің ішінен жануарлардан ит, ат,құстан басқасынан бәрін жеті қазынаға жатпайды деуімізге болады…-Сонда қалай ,бабаларымыз жаңсақ айтқанба ?-деген сауал туындайды…деп жазған Ергеш Әзбергенұлы бауырымыз,өзіндік «Жеті қазынасын» былайша өрбіткен:-Күн,Жер,Өсімдіктер,Жануарлар,Су,От,Ауа.(Парасат жорналы 2009.1,2,3,4 номерлері)..Білім мен батырлықтың бағзы бір заманнан тоғысқан жері болған ,360 әулиелі киелі мекенде, Ілім-Білім керсінше жеті қазынаға кіреді,ал әспеттеп отырған Ит жеті қазынаға мүлдем кірмейді.Мүмкіндігімше Маңғыстау қарияларының ел арасында айтылатын жеті қазынасын талдап және негіздеп беруге ұмтылыс жасаймын.»18000 ғаламның» тіршілігі үшін аса қажет,Қазақ Бабамның білігіне бей-жай қарамай ,шешімін тауып нүкте қоюдың уақыты жетті…
Жеті қазынаның философиясы өте терең ағайын..және тек Қазақ ұлтына арналмаған,бұның әлем халқы алдындағы құрметі де осы.Адам баласы Адам Ата мен Хауа анадан тарадық деп айтатын болсақ, жеті қазынаға теңелген қасиеттілер,Бабалар ілімі-ұлт танымының биік шыңының бірі және бүткіл адамзат қауымының ортақ қазынасы.Адамзат қауымындағы Қазақ ұлты танымының асқақ мерейі!Алдымен «жеті қазынамды» таратпас бұрын,міндетті айтуға тиістім ,Итті жеті қазына санатына қосатындарда мынандай дәлел бар және осыған талай жан алданып жүр..Біріншісі, Жаратушымыз Адам тұрпатын алғаш рет топырақтан жаратып, жан біткенше 7 күн тұрғызып қойғанда, Адамды жек көрген Ібіліс құс болып келіп тұрпатты шоқымақ болған.Сол уақытта Қытымыр деген қызыл ит ,құс болып келген Ібілістен Адам тұрпатын қорғаған,шоқытпаған. Адам досы ретінде,құрыметтелген Ит ,қазынаға кірген-мыс..немесе,аңыздың тағы бір түрі Жаратушыдан,-«ал пенделерім, көбейіңдер»- деген ұрықсат келген соң,әуелде екі айырылып кеткен Адам Ата мен Хауа Ана бір-біріне қарсы ,кездесу мақсатында жол жүреді ғой..Адамның көбеюінен қорыққан Ібіліс кездестірмеу мақсатында,келе жатқан Адамды құс болып шоқып жүргізбесе керек. Жаратушысынан көмек сұрағанда ,жәрдемге Қытымыр деген қызыл ит келіп,Ібілістен арашалаған екен.(«Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы кездесуі» мұз үстінде болғаннан,күні бүгінге дейін әйел адамның бөксесін,еркектің тізесін жылы жерге тақап ұстайтын әдеті,сол кездегі мұз салқындығынан қалған деп, тарқатады көне аңыздың желісі)..,Екінші дәлелі, нөсер болып жерді топан- су басқанда ,тіршілікке ең қажетті нәрсенің бірі,суға кетіп бара жатқан астықтың бір уыс масағын Ит алып шығып,сол тұқымға Адам Ата мен Хауа Ана егінін шығарған-мыс…осы қызметі итті қазына қатарына кіргізген…Басқа Ит жайында дерек бар-жоғын білмеймін,бірақ осы тектес әпсанамен Итті жеті қазынаға қосатындар бар екені ақиқат.Ал енді Иттің қасиетті қазыналар санатына кірмейтініне,өз ара тығыз байланыста болып,бір-біріне қызмет ететін,жетілдіретін, кез-келген құбылысты дәлелдеуде қолданылатын заңдылыққа сай, бабам танымындағы жеті қазынаның бірі- Құран(Білім) хиқаясынан үзінді келтіруді жөн көрем…Сырттан ішке кірмей тұрған Жебірейіл періште,пайғамбардың немерелері Хасан мен Хусейннің кішкентай күшігін сыртқа шығарып жібергенде ғана кіріп келгеніне таң қалған Мұхаммед пайғамбардың(с.ғ.с.)сұрағына Жебірейіл (ғ.с. )періште;»Періштелер сүгірет тұрған және ит болған жерге кірмейді» деп, жауап берген екен…Тағы бір құран хадисінде ,»ит иіскеген ыдысты жеті рет сумен жуумен қатар сегізінші рет топырақпен шаюуды» міндет етеді.Себебі ит таза емес,арам мақұлық деп танылған .Кітаптың асылы Құранда осындай ғибадат болса,иттің жеті қазынаның бірі болуы мүмкін бе? Ұлы Бабамыздан қалған тәрбиедегі, «Ит тойған жеріне…».деген мақалда,ұлт танымында бұл мақұлықты асқақтатып тұрмағаны анық, тіпті ренжіген адамын итке теңейтінін сараласаңыз,итке қазына қатарына қосылу, тіптен алыстау екенін аңғарар едіңіз.Хош! Сонымен іске көшейік. Дана Бабамыздың жеті қазынасының бастауы-КҮН! Тіршіліктің ұрпақ жайып,өмір сүруі мұқтаждығын мәңгі бақи қанағаттандырып тұрған ғажайып шамшырақ.Ең қымбат нәрсе қас-қағым сәттік жарық дүние! Жарығы үшін өзінен, секунд сайын 4 млн тонна салмағын жоғалтатын КҮН планетасының жасы жобамен 4 млрд 600млн жыл деп топшылайды бүгінгі ғылым.Барлығымыз галактикадағы барлық планеталар Күнді айналып жүр,ал Күн қозғалмайды деп ойлаймыз.Шындығында Күннің өзі Құс Жолы Галактикасының ортасын айналу үстінде,толық айналу уақыты 225-250 млн жыл,жобамен сағатына 217 шақырыммен қозғалыста болады ,массасы жерден 330000 есе үлкен.Жерден 149600000-150000000 шақырымда орналасқан ,ядросындағы температура- 15000000 градус. Күн планетасынан шыққан жарық сәуле мен жылу Жерге 8минут 20 секундта жетеді екен.Күннен шығатын ультрофиолет сәулелер Аспан қабаттарынан өткенде антисептик болып,Жер бетіндегі түрлі инфекция тудыратын микроорганизмді өлтіретін қызмет атқарады.Білгеннің артықтығы жоқ тағы бір ұғым,біз қолданып жүрген 24 сағаттық уақыт режимі,ежелгі Мысырлықтардың Күн құдайы Ра ,тәуліктің 12 сағатын жерде ,12 сағатын аспанда өткізеді екен деген аңызынан алынған.Бұл жердегі басты мәселе әрине аңыз нәтижесі емес,егер Қазына патшасы Күн сөнетін болса,жердегі бүткіл тірлік 8 минут 20 секундтан соң ғұмыр кешуін тоқтатуында.Әрине Алла сақтасын, Күн сәулесі әлі 5 млрд жыл жылуын шашады деген болжам бар.Табиғатта, барлығы бір-бірін толықтыратын,тіпті шағын бейнесін қайталайтын ,үнемі қозғалыста болатын ұсақ бөлшектерден тұрады,сол бөлшектің бірі Адам.Күн ролі адамдағы энергия көзі болып табылатын адам мүшесі жүрек ,яғни күн-жүрек организмдегі жылу мен ыстық ниетті,тіршілік мұқтаждығы қан,кислород,қоректік энергия т.б. тасымалдаушы ретінде танылады.Астрология ілімінде ер адамның оң көзін, әйелдің сол көзін Күнмен байланыстырып қарайды.Зодиактағы Күн планетасы сол адамның тағдырына қозғаушы күш беретін энергия көзі мен мақсатты бағыттың анықтауыш-әкесі есебінде танылады.Күнсіз тіршілік жоқ екенін пайымдаған бабаларымыз, жеті қазынасына алдымен Күнді таныған!Бабамыздың табиғат сырын жете меңгерген дауласкер білімінің тағы бір шыңы,-киізді ағаш үйінің ортасына орналастырған От-ошағы, асыл қазынасы Күн символы!
Бабамыз жеті қазынаға қосқан келесі Алла жаратылысы—Аспан( Ауа ) Жер мөлдір Ауа қабатымен қоршалған.Өмір сүруі үшін бүткіл тіршілік атаулы ауасыз тірлік ете алмайтыны айқын нәрсе.Балық судағы еріген ауаны сүзіп желбезегімен тыныс алса,өсімдік жапырағымен тыныстайды.Қарапайым көзге байқалмағанмен жасыл жапырақ өсімдіктің, тіпті тіршіліктің «ұлы фабрикасы»…Су және көмір қышқыл газы бұл фабриканың шикі заты,жасыл жапыраққа жарық түссе болды ,»фабрика» су мен көмір қышқыл газын крахмал мен қантқа айналдыра бастайды, Ауа болмаса бүткіл тіршілік клеткасы тұншыға бастайды.Адам тәулігіне өкпесі арқылы 500 литрдей ауа өткізеді екен,салыстырмалы түрде 2-қатарға 1 тн су айдағанмен тең энергия жұмсау деген сөз.Тіршілік иесі аштық пен шөлге шыдағанмен ауасыз тірлік етуі мүмкін емес.Бізге дыбыстың естілуі де жан-жақтың көрінуі де осы ,Алланың берген сый-қазынасының бірі –Аспанның(Ауа )қызметі . Аспан өзіне түскен күн сәулесінен сан түрлі түске енеді,көзге көрінер ең қысқа толқынды түс,көк түс екенін және атмосфера,тропосфера,стратосфера,ионосфера,термосфера,экзосфера есімді(«Алты қабат Аспан,жеті қабат Жер»,деген сөз тіркесіндегі бабамның) бірнеше қабаттардан тұратыны, мектеп оқулығынан сіздерге таныс.Мейірімді Жаратушының осындай аспан қабаттары болмаса,жер беті лезде қайнап,тіршілік атаулы күйіп кеткен болар еді,яғни Аспан-ауа ,Күннің жер бетіне түсер сәулесін реттеуші.Ауа болмаса жүйрік ат, қыран бүркіт пен ит т.б» қазыналар» санатқа қосылар мұқтаждық боларма екен?Қазына танымы Бабамның , бүткіл тіршілікті ойлаған терең білігінде жатыр!
Бабамыз таныған қазынаның бірі-Жер!Жер ғаламшарының жасы -4,5-4,6 млрд жылдың жобасы.Алғашқы өмір белгілері Жер пайда болғаннан 1млрд жыл кейін басталса,адамзаты бүгінгі таңнан алғаш рет 50-100мың жыл бұрын пайда болған екен деп топшылайды бүгінгі ғылым…Жер бетінің ауданы 510 млн шашы километр,орташа тығыздығы 2,65-3,0г/см3.Жер тек Адамзаттың ғана емес бүткіл құрлықтағы жан-жануар,жәндік,құс,өсімдіктерімен қоса судағы барлық мақұлықтардың тіршілік етіп,өсіп-өніп, ұрпақ жайып отырған киелі мекені. Жерасты қазбалары ,жерүсті тіршілік байлықтарымен Жер, Бабамыз танымындағы қазынаға еркін енеді.Қазыналардың бір-бірін жетілдіріп,толықтырып отыратынын жоғарыда да айтып өткенбіз, соған сәйкес Жерде, өзге Қазыналар әсерінен қуат алып өзіндегі байлықтарын үнемі жетілдірген,тіршіліктің мәңгілік-тоқтаусыз мекені.Мысалы, жарық сәулесіз жер бетінде тіршілік атаулы болмас еді,жарық сәуленің көмегімен өсімдік өседі, ал өсімдік оттегі бөледі..бұл сірә тіршілік кепілі.Алты ай демін ішіне алып,алты ай демін тысқа шығарар жаны бар Жердің, қадырын түгендеп жазып шығу мүмкін емес екені түсінікті нәрсе,түсініктісі Жер- ұлы қазына .Осынау кең байтақ қазақ даласын иемдену үшін ақылы мен күш-қайратын аз жұмсамаған Бабаларымыз ,адамзат үшін жердің қадырын өте жоғары бағалаған.
Баба танымындағы қазынаның бірі-Бұлт (су)..Қапелімде оқырман осы қазынаны Бұлт деп бөлмей-ақ,өзгелерше су деп айтсада болады ғой деуі ғажап емес, бірақ баба танымына терең бойласа бұлт деп бөліп алғаны тегін емесін мойындар еді ,(..Адамныңда тірлігі құрғақ жерде) « жаңбырменен жер көгерер…» деген тілекте терең мағына жатыр.Бұлт болып жаумаған жер беті суларынан , кең сусыз алқаптарға еш пайда жоқ.Жер бетіндегі су көздері көзге көрінбейтін буға айналады,ол жылы ауа ағынымен жоғары көтеріліп, суи келе қоюланып Бұлтқа айналады.Сусыз тіршілік жоқ,ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар.Тамақсыз бірнеше уақыт өмір сүруге болады,ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.Адамда қанның83%,бұлшық еттің75%,сүйектің22%,мыйдың 74% судан тұрады,мысалы бас сақинасының ұстауы,мыйға су қажеттілігінің белгісі ,сондай-ақ көптеген жәндік, жан-жануарлар денесінің 2/3-сі,ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады.Жер бетінің тек 1/3 –ін құрылық, ал 2/3-сін су алып жатыр,топырақтада су бар.Суда жердегі алуан түрлі тұздар мен басқада көптеген қатты денелер мен газдарды еріте алатын қасиет бар екенін көпшілік біледі.Су –жердегі тіршіліктің тірегі,қазынасы екені бұлтартпас ақиқат…Судың таңғажайып мүмкіндігінің бірі, есте сақтау қабілетін халық емінде күні бүгінге дейін қолданады.Судың ақпарат сақтайтын және тасымалдайтын қасиетін, ғылымда дәлелдеуге ,1956 жылғы болған мына бір тарихи оқиға себепші болыпты..Атом бомбасының құрамын анықтайтын зертханада ,ғылымдар 1 минутта әлемді улайтын құдыретті қарудың жаңа бір түрін ойластырудың қызу талқысын жүргізсе керек.Бірақ жиын соңына дейін жетпей жатып,барлық ғылым тамақтан уланды деген сараптама негізінде, ауруханаға жатқызылған.Стол үстінде судан басқа ештеңе болмаған,және су құрамына ештеңе қосылмағаны да анықталған.Нәтижесінде су құрамы өзгермегенмен,жаман ақпаратты сіңірген су молекулаларының формасы өзгеруінен , барлық ғылымның уланғанын Жапон ғылымы Эноту Массури дәлелдеген.(Ашуланып-мейірленіп ұсынған шұбат-қымыз-сүт-судың,сол сусынды тұтынған адамғада, ашу-мейірім шақыратын қасиет беретіні жайында пікірлер, ел танымында бар екені рас.)Осы қасиетіне сай суды, бұған дейінде жаны бар заттардың қатарына қосқан Бабалардың біліміне қалай таң қалмассың!Жер шарындағы судың жалпы мөлшері ешқашан өзгермек емес,теңіздер мен мұхиттардың,өзендер мен көлдердің бетіндегі су-бұлтқа айналып,олар жаңбыр ,қар ,бұршақ болып жерге қайта жауады.Бұлт-Алланың несібесі,миллиондаған жаңбыр тамшылары бір-біріне тимей жауады,үлкендігі 6 мм-ден аспайды,жылдамдығы жердің тартылыс күшіне бағынбайды.Жаңбыр тамшысының көлемін,жылдамдығын бақылаушы Жаратушының мейіріміне қалай тәнті болмассың? Егер жаңбыр аспаннан сел-сарқырама болып бірігіп түссе не Жердің тартылыс күшіне бағынып, оқтың жылдамдығымен жерге түссе,жер бетіндегі тірлікті тесіп өтіп,бәрін талқандар еді ғой..Судың біз білмейтін құпиясы аз емес,ғылымдар су салқындағанда қысымы күшейіп,жылығанда азаятын қасиетін әлі күнге дейін дәлелдей алмай келеді . Баба танымында тіпті Сәуір жаңбырынан, жыланның уы,балықтың інжуі ,араның балына дейін пайда болып, таралады.Сәуір жаңбыры қиыншылықтарға кеңшілік,дерттерге дауа,ауруларға шипа деген..»Сәуір болмай,тәуір болмас» деп, тұжырым айтқан Баба сөзінде, тек қана өсімдікті көгертер қасиетін дәріптемеген даналық бар … ақиқатында,Бұлт(су )-асыл қазынасының бірі Бабамның!
Бабам тамсанған бір қазына, –Жел! Жел-температурасы жоғары және төмен жердің арасындағы қысымға байланысты, кез-келген толмай тұрған ортаға қарай ағатын ауа ағысы.Желдің бірнеше түрі бар,мысалы өте күшті жылдамдықпен үйіріліп соғатын дауылдар жүздеген шақырымдарды қамтыйды.Солтүстік Американың оңтүстігіндегі Торнодо («үйірілген» ) құйыны жиі болып тұрады.Солтүстік шығыстан соғатын суық желді,ежелгі гректер мифінде ,жел құдайының есімімен Боре (қазақтың Боран сөзіне қандай ұқсас еді?..) деп атаған..Ең дауылды жерлер,тынық күндері бір айғада жетпейтін Антарктикадағы Денисон мүйісі деп танылған.Дүние жүзілік тұрақты желдер жіктелуін зерттейтін ғылми-зерттеу институттарының мәліметінде.(Осы институт мәліметі бойынша Қазақстан аумағында 23 тұрақты соғатын жел тіркелген.)Қозғаушы күш Жел болмаса,»көшпеген» бұлт сары далаға жетпей,бу алған өзен-көліне ғана жауатыны,шірік пен түтін иіс-қоңысы ауада тұнып-тұрып алса ауру-ажал көбейерін,тіпті бүткіл әлем 3-ақ күнде шіріп кетерін елестету қиын болмаса керек. Әлемді тазартатын, бұлт көшіретін,Жердің тынысы болып, тіршіліктің өсіп-өнуіне ететін қызметіне сай ,жеті қазынаның біріне Жел толықтай лайықты деп тапқан дана Бабаларымыз! (Табиғаттың осы қазынасын тиімді пайдаланып,әншейін электр энергиясын өндіруді қолға алу, елімізге анағұрлым пайдалы болар еді.)
Жеті қазынаның біріне дана бабаларымыз Ай планетасын жатқызған екен. Ай өзінен жарық шығармайтын, жерден 50 есеге жуық кіші планета.Есімі де латынның Lina-табиғи серік деген сөзінен шығыпты.Қараңғы түнді жарық қылар қасиетіне сай,ай көркемдігіне тәнті болған бабаларымыз ұрпағына есімінде берген.(Айды жеті қазынаға қосқан,маған тап болған мағлұматтар ішінде жалғыз Бауыржан атамыз екенін айта кетуім керектей.). Айға деген құрыметтің ұлтымызда түрлері аз емес,мен бұл жерде Айға қатысты басқа бір қасиеттерді ұсынбақпын ..Табиғатпен үндесе қимылдап,өзін Табиғат-Ананың перзенті ретінде таныған бабалар ілімі, күнделікті тірлігінде Ай заңына мойынұсынған,және жетер жетістігі мен орындалар мақсаттар нәтижесі,-сақтауға тиісті Ай билігіне сәйкестік екенін жете түсінген.Тамағын дайындау,егін егу,көші-қоны, малын бағу,ұрпақ өсіру (ұйқыдағы сәби жүзіне Ай сәулесін түсірмеу),ем қабылдау,ота жасату,құрылыс салу,білім-өнермен айналысу,жаумен соғысу(толған Ай сәулесі түскен алмас қылыштың, жүзі қайтады..), ең аяғы шаш алдыру мен үйін тазалауға дейін Айдың тұрыс-жүрісі ритміне қарай үйкестіруге ұмтылған.Табиғаттан алыстаған ұрпаққа белгілісі ,бүгінгі таңда өзен-теңіз суларының Ай фазасына сай тартылып-толысатыны мен Ай толған кездегі апаттардың жиілейтіні жайында ғана мардымсыз деректер.Ай «қонақтаған» зодиақ-жұлдыздар шоғырынан, тіршілікке әсер ету қасиеті жер шарының кез-келген нүктесінде бірдей,тек айырмашылық белдеулік уақытта ғана.Мысалы орташа дайындығы бар адам,Ай Арыстан шоқ жұлдызында қонақтықта болған уақытта тауға өрмелеуге шықса ,сол кезде адам организмде жүректі ,арқа,диафрагма,артерия қан тамырларымен қоса құзырына ұстап тұрғанын ескерсек, түсірілген салмақтың зияны осы органдарға анағұрлым басымырақ болады.Және бұл күндері тамақта белоктың қасиеті артса,шөптің емдік қасиеті жемісіне көшеді.Ауада жылылық басым. Немесе келесі «Бикешке қонақтықта » жүйке,талақ,ұйқы безі Ай құзырына өтеді де,ол жерге салмақ салу,әсіресе Ай толысып келе жатқанда анағұрлым зиянды болады.Тамақта тұздың қасиеті артып,шөптің емдік қасиеті тамырына кететін кез,ауада салқындық басымырақ,қысқасы «Ай заңы» 12түрге еніп алмаса бермек…Өзіңіз ойласаңыз бүгінгі танымдағы «ұшығына тиіп кетті» деген өкіну,бүгінгі заман адамының табиғат заңынан мүлдем хабарсыздығынан шыққан термин ғана, ақиқатында Алла заңы қателікті кешірген емес!Ай белгілі бір орында жүрген кезде,сол сәтте Ай құзырында тұрған органға ота жасауға мүлдем болмайды,не емдік шөпті жыйнасаң,сол күнгі емдік қасиеті тамырында не жапырағында болар,жемісінде емес,бәрін ажырата білер әлем заңынан хабарың болуы керек қой.Бұл тек адам мен ауа -өсімдікке қатысты сол күндердің ерешелігі,ал оның тіршілікте араласпайтын жері мүлдем жоқ.Бүгінде жаттанды болған ,Адам-табиғаттың бөлшегі деген ұғым бабалардан қалған ақиқат!Бабалардан қалған сәулет ескерткіштерінің бірі ,қима тамдарда салынған бейнелер бояуының кетпеуіне себепкер,сол кездегі шөптердің ерекше қасиеті деп дәлелдейді «замана ғылымы мамандары»..Мүмкін шөптенде болар ,бірақ ең бастысы сол шөпті қазып алатын мезгілі,..күндізбе әлде ай жарығымен бе не қайсы жарты ай немесе толысқан ай кезеңі ме деген сұрақтарға жауап бере жүріп,оған қоса бояу дайындау уақыты мен бейнеге жағатын уақытты Бабалардың міндетті түрде назарда ұстанғанын бүгінгі ұрпағы сезіне алмайтыны өте үлкен өкініш!(Айдың баба танымындағы құрыметіне тамшыдай ғана дәлел,.. менің айтпағым.) Түнгі шамшырақ-Ай,күндізді жарық қылған Күн,біздің білуімізше жердің өз осінен айналуынан алмасып тұрады деп танимыз.Бірақ сондай жүйелілікпен жолға қойылған және одан бір сәтте айнымайтын Ұлы заңдылықтың,мыңдаған кішкентай заңдылықтардан тұратынын жете –терең түсінген Бабаларым,жеті қазынасының біріне Ай планетасын жатқызған! Ай –ұлы қазына!Егер ұлтымыз Баба білігіне сай өркениетті болғысы келсе,әр салаға сәйкес келетін Алла заңдарына, үйлесімді әрекет ету міндеттілігі ақиқат!
Бабамыз таныған ұлы қазынаның бірі,осыдан 14 ғасыр бұрын,23 жыл бойы Алладан түскен –Құран(Білім)кітабы. Бұл қасиетті кітап 60 тілге 2668 рет аударылыпты.Құран Кәрім тек өлікке оқылатын кітап деп ойлайтындар бар болар,ақиқатында бұл Жаратушының ереже-заң кітабы.Бабаларымыз білімді меңзей тұрып,Құранды атап айтқанында ,аса терең пәлсапа жатыр.Себебі білімнің Тіршілікке пайдалысымен қатар зияндысы да бар,ұлт ұстанатын Баба біліміне жат,өзге танымдағы білімдер бар ,оны көзі қарақты замандас айырады,бір замандарда жаман-жауыздардың қолына түспесін деген игі мақсатпен,белгілі бір зиялысына ғана ауызша тарататын, жалпы халықтан құпия білімдер болғанынада тарих куә.Білімнің қазына екенін мойындамайтын халық жоқ,себебі бірнеше ғасырлар қойнауынан небір Адамзаттың жауһар асыл ойлары мен өнері бүгінге, білімнің арқасында ғана жетті,ең бастысы соның ішінен Алла кітабының тіршілік иелеріне тұтастай пайдалы екенін айқындап ,жеті қазынасына қосқан,Қазақ Бабам!Осыдан 14 ғасыр бұрын «Хира » үңгірінде алғаш уахи етілген «Икра» бұйрығы «Оқы, Оқы және Оқы» деген сөз екен.Жалпы мұсылман қауымына білім алу парыз етілген…Бізге жеткен діни хиқаяларда Әзірет Әлі сахабалардың арасында аса білімділердің бірі болыпты. Заманында адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Мен ілімнің шаһарымын,Әли оның қақпасы.Ілім үйренгісі келгендер сол есіктен енсін» деген екен.Осы сөзді естіп Әлиді сынамақ болып бірнеше оқымысты жыйналып келіп, бәрі бір сұрақты кезектесіп қоя бастапты
.1-оқымысты «Иә,Әли мал артық па, ілім артық па?Әли « Әрине ілім артық» деп жауап береді1-оқымысты «Мысал келтір» дейдіӘли: «Ілім пайғамбарлар мен әулие-әнбиелерден қалған мирас.Мал –Қарынбай Перғауындар мен дүние қоңыздардан қалған мирас» дейді,осылайша келесі оқымыстылардың сұрағына Әлидің берген жауаптары:
-«Әрине ілім артық,Байлық көп тұрса құриды,ал ілім үнемі өсіп отырады»;-«Әрине ілім артық.Байлық,мал-мүлік жүрегіңді қарайтып ,қатайтады.Ілім жүрегіңді жарқыратып ,нұрландырады;»-«Әрине ілім артық.Бай адам байлықтың буымен өзін құдай сезінеді,басқаларға өзін Құдай қылып көрсетеді, ал ілім, иесін Құдайға жеткізеді.».»-Әрине ғылым артық.Ахиретте байлық иесінің әрбір тиыны сұралады,ал ғылым иесінің ілімі өзіне шапағат қылады.Ілімнің күшімен басқаларғада шапағат қыла алады.»
«-Әрине ілім артық.Мал иесінің есімі өлген күні өшеді,ал ілім иесінің есімі хиямет-қайымға дейін сақталады,мәңгі қайталанады»
«Әрине ілім артық.Мал иесінің жауы көп болады,ілім иесінің досы көп»
«.-Әрине ілім артық.Алла Тағала ғылым-білімді тек өзінің сүйген құлдарына ғана береді,ал байлықты сүйген құлынада ,сүймеген құлдарынада нәсіп ете береді.»
«-Әрине ілім артық.Мал-мүлкіңді жұмсаған сайын азая береді,ал ғылымды жұмсаған сайын көркейіп,толысып,көбейе береді.»
«-Әрине ілім артық.Мал иесін қонаққа, мал-ақшасынан иемдену үшін жамандықпен шақырады,ал ілім иесін әңгімесін тыңдап,құрымет көрсету үшін шақырады» деп,жауап бере отырып,сұрақшының таусылғанын көріп, «әліде ілімге айтар құрыметім көп еді, сұраушының аз болғанын қарашы» деп өкінген екен. Әрине ,бабамыз жеті қазынаға кіргізген Ілім құдыретін бұдан артық жеткізіп айту қиын,бірақ кей оқырман бұл дәлел мұсылмандар үшін ғана,бүткіл адамзат үшін емес деген ойға қалмас үшін,әлемдік танымдардан мысал келтіруді жөн көрдім..АҚШ профессоры,атақты геолог Альфред Кронеге «Әнбия» сүресінің 30-аятындағы «Әуелде Көк пен Жер бір тұтас еді ғой.Біз екеуінің арасын ажыраттық.Жанды мақұлықтардың барлығын судан жараттық.Кәпірлер осыны қалай білмейді,оған неге сенбейді?»-дегенді оқып бергенде,қатты таң қалыпты.»Бәдәуи мұны қайдан алған?Бұл жақында ғана ЭВМ мен техниканың көмегінің нәтижесінде белгілі болды.Бұны 1440 жыл бұрын өмір сүрген,ядролық физика мен телескоптан ештеңе білмейтін адам ақылмен тануға қабілеті қалай жеткен? » деген екен Мұхаммедті( с.ғ.с.) меңзеп.Және ол өтіп жатқан симпозиумнің қортындысында « Бұл ақиқат-Алла жоғарыдан түсірілген нұр»- деп қортындылапты.
Кәзіргі заманда рентген сәулесі арқылы ғана ана құрсағындағы даму процесін ашып,ғылми тұжырым жасалуда.Ал бұл құран аяттарында тап кәзіргідей баяндалған.Осы жайлы Канаданың анатомия профессоры Доктор Мур мен АҚШ ғылми –зерттеу Ислам академиясының атақты ғылымы Шейх Мустафа былай дейді «Құранда пайдалынылған терминдер эмбрионның әр сатыда даму өзгерістерінде болып жатқан әр түрлі процестерді хронологиялық тәртіппен өте дәлдікпен баяндап береді.Адамның іште дамуы жайлы көптеген ғылми жаңалықтар 20-ғасырда микроскоппен белгілі болып жатқанда 7-ғасырдағы Мұхаммедке(с.ғ.с.) ондай нәрселер қайдан белгілі болсын,Алла Тағалаға біздің өсіп-дамуымыз емес,біздің өмірімізде ,жасаған әрекеттерімізде белгілі» Ал енді, құран білімі барлық адамзатқа қазына емес дей аласыз ба?
Токио обсерваториясының директоры ,профессор Ешиди Крзан жұлдыздардың газ тәріздес зат пен түтіннен пайда болғанын айтады.Және де ол Құранның «Фуссилат» сүресінің 11-12-аятында және «Фурхан» сүресінің 61-аятында осы жайлы жазылған Алла сөзін мысалға келтіре отырып,төмендегіше тұжырым жасайды. «Мен әлем дүниесін зерттеудің жаңа тәсілін таптым.Кәзіргі біз телескоп арқылы аспан денелерінің негізгі массасы мен топтауын көре аламыз.Сондықтан мен Құранды оқып және сауалдарға жауап алып,осылайша Құранның көмегімен алдағы уақытта әлем дүниесін зерттеудің тиімді жолын табатынымызға сенем».Айта берсең аз емес..Жапонияның тауларды зерттеуші ,геолог-профессоры Сиеведидің су асты таулары жайындағы жаңалығына ,Құранның «Нәбә» сүресінің 6-7 аяты,дүниежүзіне белгілі мұхит зерттеушісі Жан Кустоның Жерорта теңізі мен Атлант мұхитындағы ащы су мен тұщы суды тапқан жаңалығына «Рахман» сүресінің 19-20 аяттары дегендей,әрбір аяты маңызды бір ақиқатқа жол ашып беретінін айғақтай,ескірмейтін қасиетті қазынаға енген Құран-ілім,-Әлемнің әміршісінен адамзатқа түсірілген таусылмас тағлымы,білімнің алтын діңгегі! Мен бұл жерде тау,мұхит,жұлдыз,ана құрсағындағы сәби секілді әртүрлі саладан азғана мысал келтірумен, Құран ілімінің бүткіл адамзатқа ортақ қазына екенін айғақтауға ұмтылдым.Ал ең кереметі бұл Құран ілімінің бүгінгі ғылымға белгілісі 8% ғана екенін..бар болғаны сегіз пайыз екенін білсеңіз,Бабаларымыз қасиетті қазынасына қандай байлықтарды ғана енгізгенін ұғып,Баба білігіне еріксіз басыңызды иер едіңіз!Көкірегі ояу,көңілі жүйрік халықтың, ғасырлар бойғы құдыретті даналықты ой-толғамдарың таныта білген,Бабалардың білім-маржандарын, қымбат қазыналарын зерделегенде,өзіңді әлі сәбидей сезініп,парасат-парықтың ғасырлардан жеткен терең де бедерлі ізіне таң қаласың!Данышпан Бабамыздың «жеті қазынасы»-бүткіл Адамзаттың ортақ кереметі,осы байлығымызды парасатты бағалай білейік,ағайын!
Әзірбай Бекиев,
Құрылыс маманы,
Маңғыстау ауданы, Шебір елді мекені