Home » Балабақша » «ЖЕТІ ОЙЫНШЫҚ» ТАУАРЛЫҚ БЕЛГІСІ БОЙЫНША ДАЙЫНДАЛҒАН ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ ОЙЫНШЫҚТАР ЖОБАСЫН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ҚОЛДАНУ

«ЖЕТІ ОЙЫНШЫҚ» ТАУАРЛЫҚ БЕЛГІСІ БОЙЫНША ДАЙЫНДАЛҒАН ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ ОЙЫНШЫҚТАР ЖОБАСЫН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ҚОЛДАНУ


            Еліміздің жарқын болашағы білімнің негізінде   жүзеге асады. Ұлы дана Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім азаматтың қас жауы» десе, ал В.Белинский: «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» — деп айтқан ұлағатты сөздері бар.
Еліміздің  ертеңгі болашағы — бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамызға жүктелер міндет болмақ.
Мектеп жасына дейінгі бала «тарыдай болып келіп, таудай Қазақстан Республикасының азаматы болуы үшін» біз не істеуіміз қажет? Ол үшін біз Қазақстан Республикасы туралы білім беруіміз қажет, мемлекеттік рәміздерді үйретуіміз қажет. Балалардың отбасына, балабақшаға, ауласына, қаласына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Бала тәрбиесі — барлығымызға ортақ. Олардың келешегіне немқұрайлы қарауға болмайды. Баланы жас кезінен неге баулысақ, олар өскен соң жемісін солай береді. Ендеше балаға дұрыс жан-жақты тәрбие беруге соның ішінде патриоттық тәрбие беруге көңіл бөлген жөн.
Тәрбие барысында ұлттық бұйымдарды қолдану тәрбие саласынан  ерекше  орын алары хақ. Қазақтың ұлттық  бұйымдарын нақышына келтіріп, балалардың қызығушылығын арттыру  үшін эстетикалық талғамға сай етіп әзірлеу — үлкен өнер. 25-жыл тәуелсіз ел болсақ та, өзіміздің  ұлттық нақышымызды паш ететін дүниелер жоқтын қасы. Ұлттық нақыштағы бала тәрбиесіне  қолдануға тиімді  ойыншықтың бірі – «Жеті ойыншық» тауарлық белгісі. «Жеті ойыншық»  тауарлық белгісінің авторы Сакен Қасықбайұлы Болысов. Бұл ойыншықтарды тәрбие барысында  қолдану өте тиімді, әрі бала тәрбиесінде үлкен жетістіктерге жетудің бір жолы десем, артық айтпаған болармын. Қазіргі таңда «Жеті ойыншық» тауарлық белгісін біз  балабақшамызда қолданып жүрміз.
             Жоғарыда аталып өткен  көрнекіліктерді қолдана отырып, балалардың бойында  патриоттық тәрбие сезімін дамытуға ат салысып жүрміз. Жас ұрпақ бойында патриоттық, отансүйгіштік, имандылық, мейірімділік т.б. сияқты халқымыздағы асыл да абыройлы қасиеттерге тәрбиелеумен қатар, патриоттық сезімді қалыптастыруда, ең алдымен, халықтың рухани азығымен қайнар бұлағы, оның халық педагогикасы, ұлттық салт-дәстүрін терең сіңіру деп есептейміз.
Жас ұрпақты отанын, елін-жерін сүюге тәрбиелеу мәселесі бойынша ұлы ойшылдар Әл-Фараби, Балсағұн, Қашқари, Қорқыт ата, Өтебойдақ Тілеуқабылұлы, ағартушылар Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев және т.б. еңбектерінде жан-жақты қарастырылды. Болашақта  ойшылдардың сатысында  «Жеті ойыншық» жоба авторы Сакен Қасықбайұлы Болысовты, жобаның ғылыми жетекшісі  Жұмабекова Фатима Ниязбекқызын көрсек нұр үстіне, нұр болар еді.

1.«Қасиетті  киіз үй» құрастырмалы ойыншық киіз үй

2.Құрастырылмалы  ойыншық –  «Керемет домбыра»

3. Мағыналы оюлар

Сүлейменова Айнагүл Өсербайқызы
«Әсем-Ай» экологиялық балабақшасының
әдіскері 
Целиноград ауданы  Талапкер ауылы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.