Home » Ашық сабақтар » «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісінің сөзін мюзикл бағытында жазған авторы: «Жеті лақ пен қасқыр » ертегісі мюзикл бойынша

«Жеті лақ пен қасқыр» ертегісінің сөзін мюзикл бағытында жазған авторы: «Жеті лақ пен қасқыр » ертегісі мюзикл бойынша

  Сценарий:
Қыздар шығып ертегінің шымылдығын ашады
Армысыздар қонақтарым
Бүгінгі күн тамаша
Көрсетеміз өнерді біз
Ертегімен жараса
Қошеметтеп қол соғайық
Өнеріміз ұнаса
«Жеті лақты» көрсетейік
Әдіспенен жаңаша
Шымылдық ашылады.

 

Автор:
Ерте, ерте, ертеде
Орман деген өлкеде,
Жеті лақ пен бір ешкі,
Бақытты өмір сүріпті.
Аналары дүкеннен
Азық-түлік әкеліп,
Сөмкесін сүтке толтырып
Шаттанып өмір сүріпті.
Сол орманда бір қасқыр
Аңдиды екен ешкіні
Көзі түсіп жеті лаққа,
Аузынан суы құриды.
Лақтар орындықтарда ұйықтап жатады. Ешкі өлеңдетіп келе жатады.
Дин-дон
Мен анашыңмын
Мен панашыңмын
Бұл өмірде
Дин-дон
Мен анашыңмын
Мен панашыңмын
Бұл біздің үй.
Ля-ля-ля-ля
Жәрмеңкеден келдім
Ля-ля-ля-ля
Сендерге келіп
Ля-ля-ля-ля
Сыйлықтар әкелдім мен
Есікті ашыңдаршы лақтарым
Лақтар есікті ашып, өлең айтады.Ешкі әкелген сүттерін береді.
Ана
Өмір сыйладың
Әлем сыйладың
Бәрімізге
Ана
Шуағын шашқан
Қуаныш шашқан
Күнімізсің.
Автор:
Күндердің бір күнінде
Бармақшы болып базарға
Ешкі затын жинайды
Лақтарын шақырып
Ақылын айтып жырлайды.
Лақтарына қарааап
Еркелетіп сипалайды
Бар лақтарын санап
Ешкі:
Базарға мен барайын
Не бар не жоқ қарайын
Өздеріңе базарлық
Таңдап жүріп алайын
Лақтарым-шұнақтарым
Бар ма маған сұрақтарың?
Есікті ешкімге ашпаңдар
Тамақты ішіп шашпаңдар
Сіріңкені жақпаңдар
Осы айтқан сөзімді
Естеріңе сақтаңдар!!!
Лақтар: (пианино)
Ия солай, ия солай
Ешкімге есік ашпаймыз
Ия солай, ия солай
Сіріңкені біз жақпаймыз
Ешкі кетеді, ал лақтары билейді.
Қасқыр келеді
Аууу,ха-ха-ха  ( пианино)
Мен бөрі қасқырмын
Арланымын қасқырдың
Қарсыласты лақтырам
Ең түбіне қарнымның
Ха-ха-ха
Қасқыр есікті ұрып, әнін айтады
Тезірек анашыңа есікті аш
Шаршадым ,жыртқыштардай ашпын мен
Па-ба-ба-ба….
Лақтар:(
Анамызға ұқсамайды
Ән  айтқанда дауысың
Жуан екен сөйлегенің
Улкен екен ауызың
Автор: (Осыдан кейін қасекең
Ұстаға қарай жүгірді
Дауысымды менің дұрыста деп
Әтешке сөзбен қиылды.
Қасқыр
Әй, әтешжан, әтешжан
Ұста досым қалайсың?
Келіп едім алыстан
Шаруамды шешсең жарайсың!
Ормандағы бар аңдар
Даусымнан қорқып қашады
Жіңішкелеп өзгертші
Көмейімді ашады
Әтеш:
Қасқыр досым,кәнекей,
Ауызды ашшы ай-хой
Көмейіңді көрейін
Жіңішкелеп берейін-ай
Жіңішкелеп берген соң
Сен айтасың өлеңді-ау
Өлең айтып,би билеп
Ән шырқайсың,қасқыр досым-ай
Әтеш қасқырдың дауысын дұрыстап,жібереді.
Қасқырдың биі
Қасқыр есікті ұрып, жіңішке дауыспен ешкінің әнін айтады
Дин-дон
Мен анашыңмын
Мен панашыңмын
Бұл өмірде
Дин-дон
Мен анашыңмын
Мен панашыңмын
Бұл біздің үй.
Ля-ля-ля-ля
Жәрмеңкеден келдім
Ля-ля-ля-ля
Сендерге келіп
Ля-ля-ля-ля
Сыйлықтар әкелдім мен
Есікті ашыңдаршы лақтарым
Лақтар есікті ашады
Музыка ойналады, лақтар қасқырды көріп қаша жөнеледі.
Ең кіші лақ тығылып қалады.
Қасқыр әр лақтың басына қапшық кигізіп алып кетеді.
Ешкі ән айтып келе жатып, есіктің ашық тұрғанын көреді,
кіші лағы алдынан шығады.
Лақ(Уашбекова Асель қайырмасында шығады)
Ана,
Қасқыр бізге келді ,
Лақтарды алып кетті
Ну орманға
Ешкі:5 трек
Лақтарым,қарақтарым
Айналайын, шұнақтарым
Мені неге тыңдамай
Есікті кілттеп алмадың?
Жауыз қасқыр келді ме
Сендерді алып кетті ме
Қайдасыңдар лақтарым
Кішкентай шұнақтарым
Ешкі мен лағы жылайды, аңшылар  келеді
Аңшы: (пианино)
Ешкі неге жылайсың
Көзіңнің жасын бұлайсың?
Ешкі: (пианино)
Аңшы ,
досым көмектесші!
Қол ұшын берші,
қиындықта.
Аңшы: (пианино)
Көмектесіп көрейін
Жауабын мен шешейін
Автор:( пианино)
Ешкіні ертіп аңшылар
Орманға қарай бет алды
Ізіне түсіп қасқырдың
Үйінде тауып алады
Музыка ойналады
Ешкі мен аңшы орманға келіп қасқырдың ізіне түседі.( Қасқыр қазанды ашып,от жағады)
Автор:
Ешкі менен лақтар
Анасымен қауышты
Ертегіні көрген көрермен
Мадақтауға лайықты!
Ешкі мен лақтары «Ана» деген музыкамен құшақтасып, соңында көңілді әуенмен билейді.

А.К.Каримова,
Астана қаласы, №38
«Шаттық» балабақшасының
әдіскері:

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.