Home » Балабақша » «Жеті лақ» ертегісі

«Жеті лақ» ертегісі

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Әдіс-тәсілі: ертегіні сахналау, өлең, диалогты сөйлеу.

Мақсаты: Балалардың көркем шығармалар арқылы тіл байлығын, ауызекі сөйлеуін дамыту. Ертегілермен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырату. Түрлі эмоцияларды дауыс ырғағымен жеткізуге баулу. Ертегіні үстел үсті театры арқылы сахналау.

Қажетті құрал: Слайд, әуен ырғақтар, атрибуттар, үй, ағаш.

Сөздік жұмыс: Жеті лақ

Билингвалдық компанент: Жеті лақ – семери козлят, қасқыр – волк, ағаш – дерево.

Балалар залға Айгерім Қалаубаеваның «Ертегілер елінде» әуенімен кірді.
Дөңгелене тұрайық шаттық шеңберін құрайық.
Балақан-ау, балақан

Кәне, көрсет алақан.

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнат.

Топ-топ басайық,

Жалаудан гүл жасайық.

Жаса, жаса жарқын күн,

Жаса, жаса алтын күн.

— Қане, балалар, қонақтарымызбен амандасып алайық

— Сәлеметсіздер ме, Здравствуйте, Good morning!

— Біз қандай ертегілерді білеміз? слайдқа қарау

— Бүгін біз, сіздермен қонақтармен бірге «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін үстел үсті театры арқылы тамашалаймыз.

Жүргізуші: Ерте-ерте заманда бір ешкі және жеті лағы болыпты. Олар орманда өмір сүріпті. Ешкі орманнан азығын тауып, жинап әкеледі екен. Ешкі орманға кетерінде былай дейді:

Ешкі: Лақтарым, шырақтарым, шұнақтарым, есікті ешкімге ашпаңдар, мен сендерге шөп, сүт әкелемін.

Лақтар: Жарайды, есікті ешкімге ашпаймыз.

Жүргізуші: Лақтар үйде ойнап, секіріп қала береді. Ешкінің үйде жоғын білген қасқыр, ешкінің үйіне келіп, есігін қағып былай дейді.

Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым, шұнақтарым, анаң орманнан келді, есікті ашыңдар.

Лақтар: Мә – мә, есікті ашпаймыз, сен біздің анамыз емессің! Сенің даусың жуан, ал анамыздың дауысы жіңішке.

Жүргізуші: Сөйтіп қасқырға есікті ашпайды, орманнан анасы оралады.

Ешкі: Лақтарым, шырақтарым, қутыңдаған шұнақтарым, Есікті ашыңдар, аналарың шөп, сүт әкелді.

Жүргізуші: Лақтар есікті ашады, аналары үйге кіреді. Лақтар қасқыр келіп, есікті қаққанын, ашпағандарын айтады.

Ешкі: Жарайсыңдар, лақтарым! Мен орманға тағы кетемін, ал сендер есікті ешкімге ашпаңдар деп орманға кетеді. Ал қасқыр үйдің жанында ешкінің кеткенін көріп, тағы да келеді, даусын жіңішкелендіріп әндетеді.

Қасқыр: Лақтарым шырақтарым, мен сендерге сүт, шөп әкелдім есікті ашыңдар.
Жүргізуші: Лақтар қуанып есікті ашып жіберсе, ол қасқыр болады.

Қасқыр: а – а, сен сендерді ұстап үйіме алып кетемін.

Жүргізуші: 6 лақты қасқыр алып кетеді, ал бір лақ тығылып қалады. Орманнан ешкі оралады, үйіне келсе есік ашық лақтарын іздейді.

Ешкі: Лақтарым, шырақтарым, қайдасыңдар?

Жүргізуші: Тығылып қалған лақты тауып алады. Ол болған жайды баяндап береді.
Ешкі: Жүр ендеше, орман ішін аралап қасқырдан сұрайық.

Жүргізуші: Ешкі мен лақ орман ішін аралап келе жатса алдынан қасқыр шығады.

Ешкі: Қасқыр, сен менің лақтарымды көрдің бе?

Қасқыр: Жоқ, олар орманда ойнап жүрген болар.

Жүргізуші: Сөйтіп қасқыр мен ешкі келе жатса алдарынан үлкен шұңқыр кездеседі.
Қасқыр: Ешкі, секір!

Ешкі: Жоқ, бірінші сен секір.

Жүргізуші: сөйтіп қасқыр шұңқырдан секемдеп түсіп кетеді. Ал ешкі лағымен
шұңқырды айналып өтіп, қасқырдың тығып қойған лақтарын тауып алып өз
үйлеріне оралады.

Ертегі осылай аяқталды, рөлді ойнаған кейіпкерлермен таныстырылады.

Ойын: «Кім тапқыр?»

Ойын шарты: Әуен орындалған кезде орман аңдарының қимыл-қозғалысын тапқырлықпен, шапшаңдықпен жасай білу.

Қорытынды: Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалай отырып, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білді. Балалар ертегі желісінен достық пен мейірімділікті түсіне білді.

Даутова Бибігүл Сайынқызы,

№55 «Жадыра» балабақша

тәрбиешісі,

Атырау қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.