Жетінші бағыт – адами капиталды дамыту
Жылдың ең басты құжаты – Елбасымыз Қазақстан халқына кезектi Жолдауы қарсаңында барша қазақстандықтарға еліміздің экономикасы мен халықтың әл-аухатын арттыруға негізделген мәлімдеме жасады. Елбасының мәлімдемесі халыққа бағыт – бағдар беріп, алдағы күннің болашағын айқындауда зор маңызға ие. Мәлімдеме он бағытты қамтыды. Соның бірі жетінші бағыт — адами капиталды жақсарту болып табылады. Яғни, білім саласы мен денсаулық саласына бағытталды.
Білім берудің жаңа сапасы. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Яғни, жалпы білім беретін мектептер жаңартылған бағдарламамен оқыту кезең-кезеңмен көшірілуде. 2016 оқу жылында мектептер жаңа бағдарламамен жасалған оқулықтармен қамтамасыз етілді. Оқулықтардың да өзіндік ерекшеліктері бар. Онда оқушылардың үш тілде сөйлеуіне және ағылшын тілін меңгеруіне ықпал ететін тапсырмалар берілген. 2021 жылы еліміздің жалпы орта білім беретін мектептері толық жаңа бағдарламаға көшіп, НЗМ қатарына қосылатынына сеніммен қарайық. Сонымен қатар, біліктілікті арттыру институттарының педагогтері мектеп мұғалімдерінің қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында кәсіби біліктілігі мен шеберлігін дамытуына, мұғалім мәртебесіне лайық болуына ықпал етуде.
Байхадамова Б.Е.
«Өрлеу-Тараз» ИТЖҒ(Г)ПОӘ
кафедрасының аға оқытушы