Home » Ашық сабақтар » Жердің пайда болуы, жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы

Жердің пайда болуы, жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы

Чултубаева Гульвира Орысбекқызы

Ақкөл орта мектебінің

жоғары санатты география пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылы

 

Жердің пайда болуы, жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы

Пәні: жаратылыстану

Сыныбы: 5

Жалпы мақсаты:Жер планетасының пайда болуы, пішіні, өлшемі, қозғалысы туралы сипаттама бере отырып, оны қорғай және сақтай білуге баулу.
Сілтеме:Жаратылыстану оқу пәнінің әдістемесі, электронды оқулық.
Оқу нәтижесі:Жердің пішіні мен өлшемін байланыстыру. Зерттеу нәтижелерін ашып айтып, салыстырады.
Негізгі идеяларыЭкватор, глобус, карта, параллель, меридиан, географиялық ендік, бойлық.
Қолданылатын материалдар:АКТ, постер, фломастер, ғаламтор ресурстары, глобус, карта, слайд.
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұппен жұмыс, Блум таксономиясы
Сабақ кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Психологиялық дайындық.Ұйымдастыру кезеңі: оқушының назарын сабаққа аудару (2мин)Оқу құралдарын түгендеу, түрлі қиықшалар арқылы 4 топқа бөлінеді.
I.                   Білу«Миға шабуыл»        

1.   Алғашқы ғарышқа ұшу ұзақтығы қанша уақытқа созылды?

2. Таңғы немесе кешкі жұлдыз қандай планетаның аты?

3. Ғарышқа адамзат ұшқанға дейін не жіберді, аттарын білесіңдер ме?

4. Әйелдер арасынан 1963 жылы алғаш рет ғарышқа кім ұшты?

5. Космос корабльдерінде тамақтар қайда сақталады?

6. Ғарышкерге дене жаттығулары үшін гантельдер керек пе?

7. Ғарышқа ұшу кезінде ғарышкер киетін киім қалай аталады?

8. Ғарышқа ұшатын ракеталар біздің облысымыздағы қай ғарыш айлағынан ұшырылады? (5 мин)

Топ мүшелері сұрақтарға жауап береді. Өзара бағалайды.
II. Түсіну«Ой қозғау». Ежелгі халықтар жердің пішінін қандай деп ойлаған және оны қалай дәлелдеген?» (5мин)Өздеріңе мақсат қоя білуге үйренеді. Әр топ өз жобасын қорғауға дайындалады және қорғайды.
III. ҚолдануӘр топтан постерді қорғауға екі оқушыдан шақырылады(10мин)

I-топ. Глобус дегеніміз не? (кластер құрастыр)

II-топ

Параллель,меридиан деп нені айтады?(Венн диаграммасы)

III-топ. Жердің пішіні мен өлшемі туралы не білесіңдер? (картамен жұмыс)

IY-топ. Күн сәулесі Жерге әр түрлі қандай бұрыш жасап түседі? (тірек сызба) (10мин)

Әр топ бөліп берілген тақырыпты өз беттерінше оқып мағынасын ашады және қағаз бетіне тірек сызба түрінде түсіреді. Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады.
Сергіту«Шаттық шеңбері» сергіту жаттығуыОқушылар бір-біріне жылы лебіз айтады.
IY Талдау -Жердің шар тәріздес пішінінің географиялық мәні неде?

-Жер шарында тік тұрған заттардан тал түсте көлеңке түспейтін жер бар ма?

-Глобус пен картаның айырмашылығы неде?

-Ғарыштың тіршілік үшін маңызы неде? (7 мин)

Әр топтан екі оқушыдан шығып өздерінің жұмыстарын қорғайды. Топ болып өзара бағалайды.
V. Жинақтау«Кубизм стратегиясы»

-Неліктен ертедегі халықтар жерді тегіс деп ойлаған?

-Жер шары радиусының, экватордың мөлшері қандай?

-Жердің пішіні шар тәріздес екендігі жай көзге неге байқалмайды? (10 мин)

Оқушылар сұраққа жауап береді

 

 

VI. Бағалау Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау (5мин)Оқушылар өзара, өзін-өзі бағалайды
VII. Үйге тапсырма  19-21 бетті оқу (1мин)Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
VIII. Рефлексия (1 мин)«Бүгінгі сабақтан менің алғаным» (2 мин)Стикерге ойларын жазып, тақтаға іледі.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.