2017 жылғы 31 қаңтардағы ҚР Президенті Жолдауында аталған білім беру жүйесі міндеттерін іске асыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «СҚО бойынша ПҚ БАИ» филиалында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша курс тыңдаушыларының (14 топ – 395 тыңдаушы) Ш.Каринова, СҚО Білім басқармасының басшысы, К. Қалғожина, СҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары, В.Черных, Білім беру басқармасының Білім беру мазмұны мен сапасы жұмысы бойынша бөлім басшысы, Г.Каримова, Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы, О.Тушинская, Петропавл қалалық «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының директоры және филиал әкімшілігінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу Қазақстан Республикасы жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі бағыттарын талқылау мақсатында өтті.
Кездесу барысында Ш.Каринова және өзге де мобильді топ мүшелері білім беру мазмұнын жаңартудағы өзгерістердің қажеттілігі туралы, мұғалімнің жаңаша ойлауын қалыптастыру, үштілділікті енгізу және критериалды бағалау жайлы атап өтті. Осылайша, курстық даярлау мазмұны педагог-тыңдаушылардың және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен өткен білім саласындағы ашық диалог алаңы жұмысымен нығая түсті. Диалог тұрғысында тыңдаушылар оқу жоспары, алдағы оқу жылындағы оқулықтар, үштілділікті біртіндеп енгізу ерекшеліктері және робототехниканы қолдану туралы бірқатар сұрақтар қойды.
Құрамында 26 СҚО педагогтерінің қатысуымен білім беру және WORLDDIDAC кәсіби даярлау үшін Астана қаласында өткен V халықаралық технология көрмесі туралы ақпарат үлкен қызығушылықпен талқыланды.
Тыңдаушылар аталған курстарды ұйымдастыру, жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында өздерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру, сондай-ақ пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін жете танысу бойынша шексіз алғыстарын білдірді.
Ж.Темербекова
Әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері
бойынша басқармасының бас маманы