Home » Ашық сабақтар » Жемқорлыққа жол жоқ (ашық тәрбие сағаты)

Жемқорлыққа жол жоқ (ашық тәрбие сағаты)

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар! Қош келіпсіздер, біздің «Ынтымақ» жалпы орта мектебіне соның ішіндегі 3″Е» сынып оқушыларының «Жемқорлыққа жол жоқ» атты ашық тәрбие сағатына қатысып отырғандарыңызға және қымбат уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз!

Тәрбие сағатымызды әнұранмен бастаймыз.

1.Оқушыларды топқа бөлу.

2.Кезек 3 сынып оқушыларына

Тақырыбы:» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

  1. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар! Бүгін біздің

«Жемқорлыққа жол жоқ » атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер .

  1. Жүргізуші: Бүгін біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты: Оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдықты үйрету,сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беру.

1.Жүргізуші:

Адал жолмен астарын тапса екен,

Арам жолмен тапқан бар пайдасын.

Көріп тұр көктегі жалғыз — Алла!

2.Жүргізуші:

Жан құмар іздегенге мәңгі сана,

Өзіңді — өзің танысаң істің басы .

Түзеген өз ғаламын болған дана.

Адам — ғалам ғажайып, жеке дара.

1.Жүргізуші: Шәкәрім қажы адалдық туралы:

Мақтан үшін мал жима,жан үшін жи.

Ғибадат пен адалдық ар үшін жи   дегендей бақыттың өзі адалдықпен келеді.

2.Жүргізуші:Адалдық-адам бойындағы таза ниет ,бағалы қасиет адамның сана сезімін-ар ожданына қайшы келмейтіндігін білдіреді.

1.Жүргізуші:  Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күресі .

2.Жүргізуші: Ата — бабаларымыз айтқандай «Тура би де туған жоқ» деген олардың әділдік пен турашылдықты ту еткен ғасыр қайраткерлері

Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би және тағы да басқа біртуар азаматтары дәлел болады.

  1. Жүргізуші: Назым,осы гүл шоғын ұстазыма ұсынсам,сыбайлас жемқорлыққа жата ма?
  2. Жүргізуші: жоқ Оразхан,мен олай ойламаймын.Гүл шоғы ұстазға деген құрмет емес пе?
  3. Жүргізуші: Дұрыс айтасың.
  4. Жүргізуші: Балалардан сұрап көрсек қайтеді.
  5. Жүргізуші: Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?

Оқушы: Мен де Назыммен келісемін.Ананы гүлге теңейміз емес пе ұстаз екінші ана емес пе?

  1. Жүргізуші: дұрыс айтасың.

Оқушы: Мен де Назым мен Айсәуленің пікірімен қосыламын.Ұстаздардың біздер үшін еткен еңбегінің алдында еш нәрсе емес.

  1. Жүргізуші: дұрыс айтасыңдар, мен де сендермен келісемін.Себебі ғалым да,дәрігер де,тіпті ғарышқа ұшқан Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев тағы да басқалар ұстаздан білім алған.

Сахналық көрініс. Жемқорлыққа қарсы сахналық көрініс көрсетеді

2 – жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде – бір мемлекеті, бірде – бір саяси жүйе, бірде – бір саяси тәртіп қорғалған емес.Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев.(слайд№1)

4 Видеоролик

5 Жаттаулар

1 оқушы

1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды.

2 оқушы

Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып1998 жылы 2 шілдеде « Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң қабылдады.

3 оқушы

Жемқорлық латынша сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымындағы  лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының  пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті  қылмыстық іс – әрекеттері.

4 оқушы

Жамандыққа тосқауылды қояйық,

Пара бергеннің жолы жабық қой анық,

«Қазақстан – 2050» — айқын жол,

Күресейік, жемқорлықты жояйық

5 оқушы

Әр ата – ана өнеге берсін балаға,

Тәрбиесіз шоқ жұлдызың жанама,

Адалдыққа, даналыққа үйретсең,

Жолдан таймас ар болған соң санада.

6 оқушы

Пара алғандар темір тордан әрі асар,

Алсада оны мойындамай санасар,

Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,

Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар

7 оқушы

Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,

Жемқорлықтын жолын бірге кесеміз,

Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,

Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз

8 оқушы

Егеменді өсер елде тұрам Мен,

Білдіремін сезімімді жыр – әнмен,

Жолыменен Елбасының жүрейік,

«Жемқорлыққа жол жоқ» — деген ұранмен

9 оқушы

Адал жолмен астарын тапса екен

Арам жолмен тапқан бар пайдасын

Көріп тұр көктегі жалғыз Алла

Сыбайлас дегеніміз не

Екі адамның бірігіп ымыраға келуі

6 сұрақ – жауап

Жемқорлық дегеніміз не ?

Параға сатып алу дегенді білдіреді

Пара беру дегеніміз не?

Қандайда бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін ынталандыру немесе марапаттау

Жемқорлықтың қандай түрлері бар

1 жеңіл жолмен ақша табу

2 өз ісіне адал болмау

3 пара беру және алу

4 қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдаланып, өз мүддесіне сиақы алу

5  қызмет орнын өкілеттігін пайдалану

6 заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысу

7 заңсыз кәсіпкерлікқызметке кедергі болу

8 бопсалауда арада жүру, қызмет орнында алдау

Сыбайлас жемқорлық қоғамға қандай зиян кетіреді

Қоғамның бақытты болашағын тежейді

Елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді

Жұртшылықтың  заң мен  әділдікке , билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

Сыбайлас жемқорлық эканомиканың дамуына кедергі жасайды

4 Сыбайлас жемқорлыққы қалай жоюға болады

1 пара бермеу және алмау

2 мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс

3 парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға ақпарат мәзіріне хабар беріңіз

4 сыбайлас жемқорлықты көрсеңіз 14 24 ке хабарласыңыз

7.Постер қорғау

1 жүргізуші

Адалдық адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана сезімі мен ар ожданы қайшы келмейтіндігін білдіреді.

2жүргізуші

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күресі.

1 жүргізуші

Ата бабаларымыз айтқандай, «тура биде туған жоқ» деген олардың әділдікпен турашылдықты ту еткен ғасыр қайраткерлер; Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

8 Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал – мәтелдер.

  1. Адамгершілік болмай,

Әділдік болмас

2 Адамның ұяты бетінде,

Адамгершілігі ниетінде

3 Адамгершілікке арналған үш сауал бар:

Шөлге құдық қазған бір сауап,

Өзенге көпір салған бір сауап,

Жолға ағаш еккен бір сауп,

4 Адалдық – ардың ісі

5 Шындық жоқ жерде сұмдық көп

6 Адамның әдемілігі шыншылдығында

7 Ақиқат сөзде алалық жоқ

8 Әділ айтқан жеңер

9 Әділдікке жығылмайтын адам жоқ

10 Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,

Саудаң әділ болмаса нарқың бұзылады

9 Көрініс Ы.Алтынсарин «Әке мен бала»

10 Мақал мәтел жалғасын тап

1еңбек ерлікке жеткізер…….

2 еңбек етпей елге өкпелеме…….

3 еңбек етсең емерсің…….

4.еңбегіне қарай құрмет……

5 еңбек адамның……..

6 еңбек ата……

7 еңбекетте мақтан……

8 еңбекке жастан……

9 еңбек етсең ерінбей…….

10 еңбектің наны тәтті……

11 еңбекпен ер өседі……

10 Сөзжұмбақ шешу

11 видеоролик

12 Ия, жоқ ойыны

1 Дәрігерге қаралу үшін пара беруге болама…. Жоқ

2  Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті – үстіне алу, сыбайсас жемқорлыққа жата ма ?  ия

3 Балалар мектепке қабылдану үшін пара алынадыма …. Жоқ

4 Дәрігер адамды тегін қабылдайдыма…. Ия

5 Нашақорлық дамып бара жатыр, себебі шетелдерден әкеледі, кейбір кедендер өз жұмыстарын жауапты орындамай, заң бұзушылыққа барады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа жата ма?

6 Балалар мектепте тегін білім алуға бола ма?

13 Сабақты  қорытындылау

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған  құқұқтық заңнамалар қабылданып, ел эканомиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің  біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа  жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойған. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін,  өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.

Сондықтан сыбайлас  жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білеміз.

 

 

Асылбекова Гүлжамал,
Ордабасы ауданы «Ынтымақ» жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.