Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Нұр Отан» партиясы және Жетісу ауданы Білім бөлімінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылғы арналған кешенді жоспарлары негізінде «102 ЖББМ» КММ бекітілген жоспарына сәйкес мектепте оқушылар арасында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес мектептің 5-ші-11-шы сынып оқушылары арасында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубында жастардың бойында жауаптылық, бастамашылдық, патриоттық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында іс-шаралар атқарылуда. Атап айтсақ 7 қазан күні 10-11 сынып оқушылары арасында «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Осы іс-шараның мақсаты: Мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алатынын атап өтті. Сыбайлас жемқорлық қауіпті, себебі қоғамға және қоғам мүшелеріне материалдық және өзгеде зиянын тигізеді.
Іс-шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуге болатынын және қандай шаралар қабылдауға болатыны туралы ой-пікірлерімен алмасты.
ДТІЖО Ауэлбекова Г.У.