Home » Ашық сабақтар » Жемістер мен көкөністер достығы

Жемістер мен көкөністер достығы

 

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы білімдерін толықтыру, бау-бақша өнімдері туралы және адамға пайдасы бар екенін білуге үйрету.

Қажетті құралдар: ватман,желім,майлық шүберек, жұқа түрлі-түсті қағаздар.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: тақпақтар жаттату,дидактикалық ойындар,пішіндер.

Полингиалдық ком: күз-осень-

Балалар ұйымдастырылған оқу қызметі басталмас бұрын «Шаттық шеңбер» жасап алайық

I.»Шаттық шеңбер»

                 Армысың, алтын күн,

Армысың, көк аспан.

Армысыздар, достарым

Қош көрдік сіздерді.

-Қараңдаршы балалар,бүгін ауа райы қандай тамаша?

-Қане,бәріміз аспанға қарайықшы,не көріп тұрсыздар?

Балалар: Күн

-Дұрыс айтасыңдар,күнде тағы не болады?

Балалар: -Күннің шуағы болады,ол жер бетіне шуағын төгеді

— Балалар жыл мезгілдерін еске түсірейікші? (слайд көрсету)

Балалар: Күз,қыс,көктем,жаз

-Күз айларын атаңдаршы?

Балалар: қыркүйек,қазан,қараша.

Тақтадағы суретке назар аудару,олар туралы жұмбақ жасыру

Бір-бірлеп үзіп жейсің,

Бір жегенде жүзін жейсің   (Жүзім)

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты    (Алма)

Бақта, бақшада күзде піседі барлығы.       (жемістер,көкөністер)

Жарайсыңдар балалар сіздер бәрін біледі екенсіздер.

Ал ендеше балалар біз жемістер мен көкөністер бағына саяхат жасаймыз.Балалар  саяхатқа біздер автобуспен барамыз. Ал ендеше балалар бәріміз киініп саяхатқа дайындалып, балабақшамен уақытша қоштасамыз.

Автобустың дыбысы шығады. Балалар автобусқа отырады. Балалар біздер жолымызды қысқартып ән айтып барайық:

Ән: «Алтын күз»

Ал балалар біздер жемістер мен көкөністер бағына да  келіп жеттік бұнда кім бар екен?

Ғажайып сәт. Алдарынан Күз ханшайымы шығады

— Сәлематсыздар ма,балалар!

— Иә,балалар мен сіздерден көмек сұрап келіп тұрмын,менің жемістерім мен көкөністерім бірге қосылып кеткен соны бөліп жинап бересіздер ме?

— Балалар, жинаймыз ба?

— Ендеше, дидактикалық ойын «Жемістер мен көкөністерді ажырат».

1 — аялдама:

Ал,қане балалар біз аялдамаларды өтіп шығу үшін автобуспен жүріп барамыз.

Қане балалар біз бірінші аялдамаға да келдік, түсеміз. Біз қандай аялдамаға келдік?

Ал балалар енді келесі аялдамаға барайық.

Заттарды санай отырып рет-ретімен кою.

2 — аялдама:

«Үйдің терезелерін саламыз». Балаларға геометриялық пішінді үйдің бейнесін беріп, сол үйдің терезелеріне өз пішіндерін дұрыс орын-орнына қоямыз.

Жарайсыңдар балалар!

Сергіту кезеңі:

Бұлт қабағын түйіп ап,

Бүркеп алды аспанды.

Тырс-тырс тырсылдап,

Жаңбыр жауа бастады.

Күнге қолды созамыз

Күннен жылу аламыз

Бойымызға таратып,

Біз көңілді боламыз.

Балалар автобусымызға мінейік келесі аялдамаға кеттік.

Балалар бұл қандай аялдама?

3 — аялдама:

Балалар енді біз қазір жұлмалау әдісі арқылы ватманға алма мен қиярдың суретін жинақтап жапсырамыз.Ол үшін біз екі топқа бөлінеміз.

 

Жарайсыңдар балалар!

Балалар біздің енді топқа келетін уақытымыз болды.Автобусқа отырып топқа келеміз.

Балалар бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Біздер немен бардық?

Ол аялдамаларда қандай тапсырмалар болды?

Ол тапсырмалар ұнады ма?

 

Ырысгүл Сырымқызы Есимгалиева,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№36 «Балақай» бөбекжайының тәрбиешісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.