Home » Ашық сабақтар » Жемістер. Алма. Бақбердиева Бақтыгүл Сәрсенғабылқызы

Жемістер. Алма. Бақбердиева Бақтыгүл Сәрсенғабылқызы

Пәні: Сурет.

Мақсаты: а) Білімділік: Күз мезгілі туралы, жемістер жайында түсіндіру. Алманың өзіне      тән сипаттарын анықтай және салыстыра білуге үйрету. Балалардың бояуға саусақтарын батыру арқылы жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

ә) Түзете-дамыту: Пішіндер, түстер туралы тусінік беру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру. Ұсақ қол моторикаларын дамыту.

б) Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, ойын, көрсету.

Көрнекілігі: Күз мезгілі, жеміс суреттері, шынайы алма, муляж, алма кескіні, субояқ, ылғалды сулық, дидактикалық материалдар.

Оқу іс-әрекетінің барысы.

                           Шаттық шеңбері:

Қуан шаттан, алақай,

Қуанатын кез келді.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

— Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер өте мейірімді, жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай әдемісіңдер.

Суретпен жұмыс

— Бұл суретте күз мезгілі бейнеленген. Қазір бізде де күз мезгілі. Күзде күн суытады. Біз жылы киіне бастадық. Күзде егін, жемістер, көкөністер піседі. Оларды адамдар жинап алады. Біз деніміз сау, үлкен азамат боп өсуіміз үшін ағзамызға дәрумендер қажет. Дәрумендер жемістерде мол болады. Сондықтан, бізге жемістерді көп жеу керек. Мына суретте балалар бақтан алма жинап жатыр. Алма жемістің бір түрі. Алма ағаштың басында өседі. Ағаш биік, біздің бойымыз ағаштан аласа.

«Ғажайып сәт» Топқа қонаққа қуыршақ Айша келеді.

  • Балалар, бізге қонақ келіпті.
  • Сәлеметсіз бе, Айша?
  • Сәлеметсіздер ме, балалар?
  • Балалар, Айша қонақ бізге не әкелгенін қараңдаршы.
  • Балалардың назарын қуыршақтың қоржынына аудару.
  • Ооо, мынау алма ғой!

Мен алмамын, алмамын

Таңдай жұлар бал дәмім.

  • Бұл- алма. Алманың пішіні дөңгелек. Түсі әртүрлі: қызыл, сары, жасыл болады. Дәмі тәтті. Хош иісі болады.
  • Алманың иісін сезіп тұрсыңдар ма?
  •                               Тыныс алу жаттығуы.
  • Қане, аузымызды жумып мұрнымызбен терең дем аламыз. Демді ауыздан қайта шығарамыз.

Алманы балаларға жеке-жеке иіскетіп шығу.

Жұмбақ шешу.

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Жеген жанды таңырқатты. ( Алма)

  • Алма. Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде алманың суретін салып, бояймыз. Ол үшін бізге қызыл түсті бояу керек. Түстерді шатастырып алмас үшін біз түстер туралы біліп алайық, жарай ма, балалар?Қызыл, сары алмаларды екі себетке бөліп жинату.
  •                              «Түстеріне карай топта» дидактикалық ойыны.
  • Жарайсыңдар, балалар! Бізге керегі тек қызыл түсті алмалар.
  • Сурет салмай тұрып әуелі ауада алма кескінін салып алайық. Пішіні дөңгелек болады дедік. (Ауада балалар сұқ саусақтарымен дөңгелек алма пішінін салады).

Керекті құрал-жабдықтарды алдарына беріп, балаларды жұмысқа жұмылдыру. Жұмыс барысын түсіндіру.

1-Топша: Көмектесу арқылы дайын алма кескінін саусақтарын бояуға батырып алып жұмыс жасайды.

2-топша: Қағазды умаждау, жырту әдістері бойынша жұмыс жасайды.

3-топша: Құрғақ бассейнде домалақ допшалардың (пішінін сезу арқылы) ішінде жатады.

                                                           Сергіту сәті:

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін дәмдісін,

Анамызға сыйлайық.

  • Балалар, біздің топта неше бала бар білеміз бе? Оны қазір білеміз. Себетке салынған алмалардың саны қанша болса топта сонша бала болғаны. ( Балаларға біртіндеп санату.)
  • Мынау- Айжанға, мынау — Альназирге…… Сары алмаларды ұлдарға, қызыл алмаларды қыздарға берейік.
  • Жарайсыңдар, балалар!

Қорытынды:

Біз не білдік?

  • Қазір күз мезгілі.
  • Алма күзде піседі.
  • Бақта ағаш басында биікте өседі.
  • Пішіні дөңгелек, түсі қызыл, сары болады. Дәмі тәтті.
  • Балаларды бағалау, мадақтау.

Бақбердиева Бақтыгүл Сәрсенғабылқызы,
№2 облыстық балалар оңалту орталығы,
Тәрбиеші,
Қызылорда қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.