Home » Балабақша » Жемістер

Жемістер

Білім беру саласы: Әлеумет

Білім  көзі: Экология негізі

Мақсаты : Жемістердің адам денсаулығына пайдасы туралы түсінігін  дамыту. Балалардың жемістерді ажыратып атай білуге үйрету. Қол маторикасын дамытуға, еңбек етуге, ұқыпты болуға үйретіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Жемістердің суреті, муляждар, жемістердің өздері

Әдіс –тәсілдері : сұрақ-жауап, көрсету, Монтессори әдісі

Билингвальді компонент: жемістер –фрукты, тосап- вареньие,

Жаңа сөздер:  тосап

Шаттық шеңбер

Қуант бізді таңырқат

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы күн достар

-Балалар мен бір керемет иісті сезіп тұрмын , қане табайықшы бұл қандай иіс екенін, қайдан шығып тұрғанын.(шелек ішіндегі алманы тауып алады)

-Міне таптым не екенін бірақ мен бұл затты көрсетпестен бұрын сендерге жұмбақ жасырамын

Аспай піскен, қайнамай түскен.

Ол не?                                              (жеміс)

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде,

Менен аулақ жүр деймін.                   (өрік)

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарды күзге жеткенде.          (алма)

Жарайсыңдар балалар жұмбақтарды дұрыс шештіңдер.

Билингвальді компонент: жемістер –фрукты

-Балалар жемістер қайда өседі?

-Жемістерді атап беріңдерші

Алма, алмұрт,өрік, шие, лимон, анар, жүзім,т.б.

(суреттерін бейне таспадан көсрсету)

Олардың пайдасын қандай дәрумендер беретінін айтып түсіндіру.

Осы жемістерден кампот қайнатып  , тосап жасауға болады

Бәріміз қайталайық  то-сап

Билингвальді компонент: тосап- вареньие

Сергіту сәті:

Алма баққа барайық

Алма теріп алайық

Ең үлкенін алманың

Анамызға сыйлайық

(қыймыл – қозғалыспен жасау)

  • Балалар жемістер туралы кім тақпақ немесе жұмбақ біледі.
  • Мен өрікпін ,өрікпін

Табиғатқа көрікпін.

Тағы басқа  балалар тақпақтарын айтады.

Енді балалар біз мына алмаларымызды жуып тазалап , дәмін көрейік. Монтессори әдісімен алманы жуу

Мақсаты: баланы жемістер мен көкөністерді жууға үйрету.

Жанама мақсаты: қимыл – қозғалысты үйлестіру,дербестік дамыту,зейін тұрақтандыру.

Материал: алжапқыш,клеенка ,екі леген, екі пластмассадан жасалған

кәрзеңке, жемістер(2-3), жемістерді жууға арналған щетка, шелекті және легенді жууға арналған щетка,шүберек,жемістерді сүртуге арналған майлық,қол сүртетін сүлгі,құмыра,шелек,еден жууға арналған шүберек.

Ескерту: 

  1.  Пластмассадан жасалған кәрзеңкелердің орнына екі терең тәрелкені қолдануға болады.
  2. Жемістерді сүртуге арналған майлық тек жаттығуларды жасау кезінде ғана қолданылады,сондықтан бірінші көрініс үшін оны шығармауға да  болады.
  3. Мүмкіндігінше шынайы жемістер мен көкөністер жуу қажет, ал олар болмаған жағдайда оларды муляждармен ауыстыруға болады.

Алғашқы таныстыру:

  1. Тәрбиеші баланың көңілін материалға аударып, сол жерде жемістер мен көкөністерді жууға болатынын айтады. Балаға сонымен айналысуды    ұсыну.
  2. Бала табақты үстелдің үстіне алып келеді, ал тәрбиеші оларды қалайша орналастыру қажеттігін айтады:
  • Алдымен клеенканы қоямыз;
  • Үстелдің әуелгі шетіне екі легенді қоямыз;
  • Легендердің арасына табақтың ішіне жемістерді жууға арналған щетканы қоямыз;
  • Сол жақ легенге құмыраны қоямыз;
  • Легендердің артында кәрзеңке немесе тәрелке тұр, оның үстіне сол жақтағы тәрелкеде жемістер салынған;
  • Үстелге арналған шүберек үстелдің үстінде, сол жақта
  • тұрған легеннің сол қапталында жатыр;
  • Қол сүртетін сүлгі оң жақ жарда ілулі тұр немесе жатыр;
  • Жемістерді сүртуге арналған майлық таза жемістер салынған кәрзеңкенің оң жағына қойылған;
  • Шелек үстелдің астына қойылады, ал оның ішіне еден жуатын шүберек,шелектер мен легендерді жууға арналған щетка салынады;
  • Алжапқыш сол жақтағы ілмекке ілінеді немесе жерге қойылады.
  1. Тәрбиеші баладан су әкелуді және оны екі легеннің ішіне таңбасына дейін толтыруды сұрайды.Тәрбиеші балаға қандай алма ұнайтындығын сұрайды. Алманы сол жақтағы легенге салып, легенді сол қолымен ұстап тұрады да, оң қолымен алманың үстін легеннің ішіндегі сумен жуады.
  2. Оң қолға щетканы алып ,сол қолға алманы ұстап,шеңберлі қозғалыспен алманы ысқылаймыз. Алманың шұңқырына аса маңыз аударып, жуып тазалаймыз.
  3. Щетканы шайып, оны табақшаға саламыз.
  4. Алманы екі қолмен алып шығып, таза су құйылған легенге, яғни оң жақтағы легенге саламыз.
  5. Алманы сол қолмен ұстап тұрып ,оң қолмен барлық жағынан су құйып, оны шаямыз.
  6. Таза алманы легеннің ішінен шығарамызда, суы әбден тамып біткенге дейін легеннің үстіне ұстап тұрамыз, содан соң таза жемістер салатын кәрзеңкеге салып қоямыз.
  7. Балаға басқа алмаларды жууды ұсынамын.

Жұмыс жасаған жерді жинау балаға таныс болғандықтан, ол жерді бала өзі жиыстырады.

Ескерту:

  1. Әр түрлі пішіндегі жемістерді жуу.
  2. Үстіңгі қабығы әр түрлі көкөністерді жуу.
  3. Жемістер мен көкөністерді су құбырының шүмегінің астында жуу.
  4. Ерекше лас көкөністерді жуу (картоп ,қызылша, сәбіз).
  5. Жемістерді сүрту:
  • Майлықты жаямыз;
  • Майлықтың ортасына алманы саламыз;
  • Майлықтың барлық бұрыштарын ортасындағы алманың үстіне бүгеміз;
  • Алманы майлықтың ішіне батырамыз.

«Ғажайып қоржын »  ойынын ойнату.

Балалар бүгінгі оқу қызметінде не өттік?

Жемістердің адам денсаулығына қандай пайдасы бар екен?

Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.

 

Жакупбаева Маржан Омарбекқызы

Алматы облысы Қарасай ауданы
Қырғауылды ауылы

«Ақ көгершін» балабақшасы

 Ересектер топ тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.