Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қоғам неғұрлым танылған сайын, тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болды. Мектеп-осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құралы. Мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес,барлық адамдардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алып отыр. Сондықтан да желілік қауымдастықтың мұғалімнің кәсіби өсуіне тигізетін пайдасын көрсететуге, желілік қауымдастықтың мүмкіншілігін пайдалануға мұғалімдерді тарту, жақын мектептермен қарым-қатынас орнату, өзекті мәселелерді бірлесе отырып талдау, үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату мақсаттарын жүзеге асыру үшін Павлодар облысы Лебяжі ауданының Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінде ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылды. ХХІғасыр метептеріндегі «Жаңартылған білім беру мазмұны: Ізденіс және Тәжірибе» атты ғылыми-практикалық конференцияға жақын мектептердің педагогтары қатысты.
Конференцияның ашылуын мектебіміздің тренері Бикеева Қ.Д. ұйымдастырса, Майқарағай орта метебі, Амангелді негізгі мектебі, Шақа орта метептері мен мектебіміздің білікті ұстаздары жаңартылған білім бойынша білім мазмұнының жаңа арналары жөнінде баяндамалар оқыды. Сонымен қоса бірінші және бесінші сыныптарда математика мен ағылшын тілі пәндерінен ашық сабақтар өткізілді. Және Шақа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Асаубаева А.Қ. «Білім беру мазмұнын жаңарту-мектептің даму бағдарламасының жаңа арнасы» атты, Майқарағай орта мектебінің қоғамдық-гуманитарлық әдістеме бірлестігінің жетекшісі Ергазина А.М. және мектебіміздің психологы,қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі,9-сынып жетекшісі Салимова М.С.»Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру жұмысын» және мектеп тренері Бикеева Қ.Д. «Инновациялық жоба жасаудың үлгісі» тақырыптарында шебер сыныптар көрсетті.Олар педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолданылуы мен тәжірибе жөнінде алмасты.
Конференцияның соңында аудан білім бөлімінің әдіскері Шыңғысова М.К. өз сөзінде: «Желілік қоғамдастық-заман талабы. Бірыңғай ақпаратты кеңістік құра отырып, іс-тәжірибе алмасып,бірі-біріне көмектесу педагогтардың жұмысына үлкен көмек беретінін және жалпы ұстаздар қауымына ұйымдастырылған ғылыми –практикалық конференцияның маңыздылығы сол, бұл жақсы ұйымдастырылған жұмыс істеуге бағытталған іс-шара дей келе, мұғалімдердің желілік қоғамдастықтағы қызметін ұсынылған бөлімдер бойынша бағалауға болатынын жеткізді. Сонымен қоса,жаңаша ойлау мен іс-әрекет ету дағдылар арқылы желілік қауымдастықта өзгелермен бөлісе отырып,тұрақты дамуға қол жеткізуге болатынын нақтылады.»
Нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби дамуына бағыт бағдар беруде желілік қоғамдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірибе алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, ортақ шешімге келу,ортақ жұмысты жоспарлау, қиындықтан шығу жолдарын бірлесе отырып қарастыру, талқылау,талдау ақпарат бөлісуге болатынын аңғарған жақын мектептердің ұстаздары мектептер арасындағы ынтымақтастықты дамытып, игі істерді жалғастырамыз деп ниеттерін білдірді.
Исагалиева А.С.,
Павлодар облысы,
Лебяжі ауданы,
Мерғалым ауылы,
Б.Уахатов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі