Home » Сценарийлер » Желтоқсан жаңғырығы – жадымызда

Желтоқсан жаңғырығы – жадымызда

Керимбекова Манзура Абдикуловна
Ақмола облысы, Целиноград ауданы
96 разъезд орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 Тәрбие сағатының мақсаты: 1986 жылы желтоқсан оқиғасымен таныстыру.Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кітап көрнекілігі.Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік монументінің суреті» Желтоқсан құрбандарының суреттері. «Қайсар рухты Қайрат» бүктемесі.

Жүргізуші:    

Оқушы:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі-дей отырып

Бүгінгі  2 «Ә «сыныбының «Желтоқсан жаңғырығы‑жадымызда» ашық тәрбие сағатымызға  қош келдіңіздер..
Оқушы: Әнұраным – жан ұраным

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шақырады.

Республикам әнұраным!

Әнұран орындалады.

Мұғалім:

Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып, келер ғасырға.
Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. Осыдан 31-жыл бұрын, Алматының бал алаңында болған, желтоқсан оқиғасы. Көтеріліске, қазақ ел ауызында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләзат Асанова Сара Мұхамеджанова және т. б. апаларымызбен ағаларымыз қатысты. Осындай батыр, ер жүрек ағаларымызбен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған тәуелсіздігімізге қол жеткіздік.
1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

 Даниял: Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бар күнде,

Қайғыға халық батқан күн

Санжар:     Әділдік пен шындықты

Өтірік жала еткен күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Мұғалім: Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 31 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық
1 минут еске алу.

Елхан: 1991 жылы 16 желтоқсанннан бастап біз тәуелсіз ел болдық.1991 жылы 1-желтоқсанда Елбасымыз сайланды.1992 жылы 4 маусымда өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз  шықты.

Даниял:
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Әмира:

Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем-деп
Желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ел жаңа-жылды қарсы алып жатқан күні туған нағашысының үйінде тұтқынға алынды.
Ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.
Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»

Нағашысы: Дамир

Қайрат:  Нұрислам

Жеңгесі: Рауана

Милиция: Мирас, Нұрбек, Даниял

 ( Үй іші қалаша жиналған.Дастархан басында Қайрат, нағашысы, жеңгесі отырды.)

Нағашысы: Қайрат-ау тамақ алсаңшы. Студент болам деп бір ішек болып қалыпсың-ау өзің.

Қайрат: Жә, бұйырғанын жеп отырмын ғой нағашы.

Нағашы: Астан алыңқыра. Қайрат өзіңнің ептеп өлең жазатының болушы еді ғой.Жаңа жылға арналған, мына маған арналған өлеңің бар шығар, жаман жиен.Айта отыр көңілдене түсейік.

Қайрат:Иә, нағашы,бар ғой бар.

(Осы кезде есік қағылып, үш-төрт милиция үйге кіріп келеді.)

Милиция:Біз органнан келдік.Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындаймыз.Прокурордың санкциясы бар, Міне,

Екі жігіт Қайратқа: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.

Жеңгесі: Ойбай-ау, бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді?Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз?

Милиция: Жеңеше сабыр етіңіз. Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық-қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.
Міне Қайрат осылай абақтыға жабылды
Сабина:

Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
Ән: «Желтоқсан желі»

Әділет:
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні — бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні — бұл.

Адема:

Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің
Темірхан:
Тарылып жатса даламыз
Қайтіп біз тыныс аламыз?
Қақымыз жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз?

Ділда:

Шектеліп ана тіліміз
Оқылмай өлең жырымыз,
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз?

Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері « Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды. Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс. 

(Абақты іші. Қайрат өлең жазып отыр.)  

Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар, 
Туа бермес сіз секілді асылдар 
Қартайғанда жүрегіңді жаралап, 
Кесір болды-ау біз секілді масылдар 

(Ұлдар киінуге барады биге)

Көрініс:   «Қайраттың жауабы»

(Түрме іші,қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып,түрме жыры өлеңін оқып

шығады. Содан кейін қатты шаршап ,былай дейді.)

Қайрат: Уһ, әбден шаршадым ау,жүйке тамырым жұқарды ғой ! Қайран бостандық!

Кезекші:        аключенный Рысқұлбеков на допрос!Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.

Тергеуші:      Айыпкер Рысқұлбеков! Сен мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат:         Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?

Тергеуші:      Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат:         Олай болса мені сол адаммен беттестір.Бұл өтірік жала!

Тергеуші:      Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покожу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)

Тергеуші:      Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал.Сонда сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе әкеңді де.

Қайрат:         Жолдас тергеуші!Бұл жала ғой!Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.

Тергеуші:      Заключенный Рысқұльеков!Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында.Бұл бір.Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі.Түсіндің бе мақұлық?

Қайрат:         Жолдас тергеуші!Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және неүшін төлеуім керек?Не үшін?Ешқандай қылмысым жоқ қой.

Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.

      Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт.

Жел кірді көңіліме жиырма бірде

Айдады ерікке қоймай несібе

Желпілдеп, желдім неге несіне

Түседі ау адасқаным енді есіме-, деп қатты тарыққан, қайсар рухты қазақ жігіті еді. Өкінішке орай 1988жылы 13 мамырда Семей түрмесінде  жабылып, 21 мамыр күні таңда өмірден өтті. Қанаты қайырылып, жарық күнімен мәңгі қоштасты. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапында жер жастанды.

Бағлан:

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

 

 

Диана:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

Рауана
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық

Әбілмансұр:

Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн.

Нұрбек:
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл — күні!

Би: Жұмыр қылыш

Мәди
Өз елім, өз жерім деп өзек өртеп,
Өршіл рух сыйлаған да – тәуелсіздік
Сананы улағанда сансыз «ертек»
Одан есті жинаған да тәуелсіздік
Нұрасыл

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа  жолықтыр…

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Ислам:

Біз Тәуелсіздікке оңайшылықпен қол жеткізген жоқпыз.Оған осы «Желтоқсан » оқиғасындағы ержүрек ағаларымыздың ерлігі еді. Осы Желтоқсан құрбандарына арнап Тәуелсіздік маноментіні  ескерткіш қойылды. Желтоқсан құрбандарын ешқашан естен шығармауымыз керек.Осының бір айғағы ретінде мына көріністі

қабыл алыңыздар.

Көрініс :
Автор сөзі:(ІІ жүргізуші) Алматы қаласы, Республика алаңы. Тәуелсіздік маноментінің қасындағы әже мен немере (әже терең күрсінеді)
Немере:әже, неге күрсінесіз? Әже, маған Тәуелсіздіктің 21 жылдығына байланысты Қазақстанның тарихынан шежіре айтып беріңізші.
Әже: Е, балам, бұл ескерткіш тақта 1990 жылы 17-желтоқсанда «желтоқсан құрбандарына» арнап орнатылған еді
Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.
Немере:Әже, неге тоқтап қалдыңыз? Мен тыңдауға әзірмін.
Әже:Е,е, балам, қасиетті қазақ даласы талай дүниелерді, қанды оқиғаларды бастан кешті ғой! 1991 жылы 16- желтоқсанда «Егемен болмай, ел болмас, Тәуелсіз болмай тіл болмас» демекші, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болдық.
Немере:Әже, «осы тақтаға қолыңды қойып, арман айтсаң орындалады» деген рас па?
Әже:Ой, құлыным, рас, арманыңды ойлап жіберші кәне.
Жүр, балам, арманыңды айтып болсаң қайтайық үйге
Немере:Әже, қандай арман ойлағанымды сізге айтайын ба? Мен елімізде тек тыныштық болып, соғыс өрті жерімізді шалмасын, бейбітшілік болсын дедім!
Әже:Балапаным-ай, біз көрген қиыншылықты сендердің бастарыңа бермесін, Жер-Анамыз тыныш болсын, құлыным!

Мирас :
Анамыздың тілеуі ақ
Отан бізде біреу-ақ
Барлығы: Ол-біздің Қазақстан!

Қазақстан — үлкен мемлекет.
Қазақстан деген

Қ – Қасиет пен құт дарыған ел,
А — Аңсаған арманы орындалған ел.
З — Заман ағысынан қалмаған ел.
А — Азаттығын асқақтатқан ел.
Қ — Қаһарман, батырлар туған ел.
С — Сан ғасыр азап шеккен ел,
Т — Тәуелсіздік, егемендік алған ел.
А — Азаматын ардақтаған ел.
Н — Намысын сақтай білген ел!

Ән:

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда  тірлік бар»  деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын  жүрегіміз! – дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.