Home » Сценарийлер » Желбіре туы Жеңістің. Асылбек Ақерке

Желбіре туы Жеңістің. Асылбек Ақерке

І. Отты жылдар елесі.

ІІ. Ерлік өшпейді, ер ұмытылмайды.

Бәрі де Жеңіс үшін

Бейбіт күннің бәрі де,

Жеңіс күні.

ІІІ. Жаса, қазақ елім!

Жаз жайлаудың самалы есіп, өлең-жыры төгіліп, көкмайсаң көк үстінде ойнап күлген бала-шаға мен айлы түн астында алтыбақан тепкен қыз бен жігіт, сүйікті немересіне бар мейірім шапағатын төгіп, еміренетін ақ жаулықты әже, еңбекпен көз ашып, еңбекпен белдерін иілтіп адал нан тапқан әке мен аталар. Осындай қызу еңбек, асқақ мереке, бейбітшілік бесігінде тербеліп тұрған қазақ даласына «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің үшінде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды.

Ұлы дала перзенттері Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазылған болатын. Ер жүрек қазақ қыздарының бірі Алматы медицина институтының студенті болған Мәншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», — деп әскери комитетке өтініш беріп, өз еркімен қан майдан соғыс алаңына өзі сұранып барады. Адам сенсігіз ерлік жасап, батылдықпен көзге де түседі. Қазақ қанына сіңген асқан рух пен ақылды қатар ұстаған Мәншүк апа бүгінгі жас ұрпаққа үлгі өнеге болар тұлғалардың бірі де бірігейі. Өз замандастарының алдынғы қатарында, бас көтеріп жүрген еңбексүйгіш Мәншүк апа, майдан шебінде де ерен ерлік көрсетіп, қасық қаны қалғанша қан майдан даласында қыстың қысқан аязы мен дауылды боранына қарамай, қазақ қыздарының тек сұлулық пен әсемдіктің символы емес, патриоттық пен Отан сүйгіштік қасиеттерге де ие екенін дәлелдеді. Ерлігі ескерусіз қалмады. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар – шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болған. Сонымен қатар Қазақстаннан соғыс майдандарында жүзге жуық ақындар мен жазушылар да шайқасқан еді.

Тыныш жатқан бейбіт елге бұл соғыс тұрпыдай тиді. Қойға шапқан қасқырдай бала мен ана көздерінен қанды жасты ағызып, ана мейірімі мен әке махаббатынан айырып, жас сәбилерді қара жұмысқа байлады. Күлген күлкісінің сыңғырымен айналасын нұрға бөлеп жүрген ару қыздар, қимастықпен сүйгендерін әскер қатарына аттандырып, өздері соғыс ауыртпашылықтарын бастарынан өткізді. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі де аңызға айналды.

Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Сұм соғыс қаншама жүректі мұзға айналдырып, шер мен мұң қалдырды. Ол жылдар қанша алыстап кеткенімен, сол соғысты өз көздерімен көрген ата-бабаларымыз үшін күні кеше ғана болғандай.

Қаншама қиын қыстау заманды бастарынан өткізген біздің ержүрек ата-бабаларымыздың төккен тері мен аққан қаны, адам айтса сенгісіз ерліктерінің арқасында жеңіс туын желбіретті. Өздері көрмеген, көре алмай аңсап кеткен жеңіс күнін бейбітшілік күнін ұрпақтарына аманат қылып кетті. Қазақта ұлы сөз бар: «аманатқа қиянат жасама» деген. Сол аталы сөз әрбір перзенттің санасында сәуле шашып тұруы тиіс. Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерлік пен табандылық ғасырлар бойы ел есінде сақтала береді.

Сұм соғыс-ай, шыныменен тас болдың,

Қан төгіс пен жауыздыққа бас болдың.

Тыныштықты қолдайтұғын халқыма,

Неге, мұнша тағдыр солай қас болдың.

 

Жер-Анамның балалары шабысты,

Сұр жыландай ысылдасты, шағысты.

Қызыл қанға шомылғандай түрлері,

Бір-біріне суық желін үрледі.

 

Өздігіңмен тұрмай бәрін аздырдың,

Ауыр жұмыс окопты да қаздырдың.

Аяушылық таныта алмай адамзат,

Бастарына қанша кінә жаздырдың.

 

Найзасына үкі ілген қазағым,

Сол жылдары болды талай азабың.

Қанша ауыр болса дағы тынбаймын

Ата-бабам сен үшін деп жырлаймын.

Кез келген істің, қанда болмасын күрестің басты мақсаты – жеңіске жету, жеңіске қарай қадам жасау болса, кешегі Ұлы Отан соғысында елін азат етіп, жеткен жеңістің орны мүлдем айрықша. Сол себепті жеңіс атауы қасиетті де, қастерлі ұғым. Тәуелсіз Қазақстанда төрткүл дүниемен тереземіз теңесіп, ешкімге есеміз кетпей, басқа мемлекеттерге бәсекелес бола алатындай дәрежеге жетуіміз осы – Жеңістің туы желбіреуінің арқасы.

Ешқашан жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінгі біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриотты, достық пен бірлік туралы түсінік беріп, сол арқылы отансүйгіштікке тәрибелеу. Әрбір жасөспірім – Қазақстанның болашағы. Қазақ балаларында бәрі бар. Себебі үлгі-өнеге алар жаужүрек батырлары, тілінен бал тамған ақын-жазушылары, екі қолынан өнер тапқан шеберлері, тегеуріні тебір балқытқан ісмерлері, ақ халатты атақты дәрігерлері, өз өнерлерімен әлем елдерін мойындатып жүрген өнерпаздарымыз қаншама. Осыншама ұлылық ұйыған қасиетті мекенде қазақ басқаға үлгі бола алады. Қанша ғасырлық өмір тарих қойнауында жатыр. Сол ғасырлық өмірде қазақ басынан нені өткізбеді. Басқаның қол астында туған ана тілі, ұлттық салт-дәстүрлерінен де айырылып қала жаздады. Бірақ ешкімнің айдауына көнбейтін, намысты бәрінен биік қоятын ата-баларымыз бәріне қарсы шығып осы бейбіт күнге жетеледі. Енді мақсат – сол жылдары төгілген аналарымыздың көз жасы мен әкелеріміздің қаны мен аққан терінің есесін қайтару.

Жеңіс күні – аңсап өткен арман күн! Ешбір мерекемен теңдесі жоқ қасиетті мереке. Қаншалықты мерекелік көңіл-күй болғаныменен осы күннің елесі соғысты өз көздерімен көрген ардагерлеріміз үшін әрі мұңлы, әрі мерекелі күн. Себебі өз ерліктерінің нәтижесін көріп, аңсаған жеңістеріне жетті. Қасиетті мерекең кұтты болсын, қазағым!

Асылбек Ақерке

21 орта мектеп-лицейінің 2 «Б» сынып мұғалімі

Көкшетау қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.