Елімізде патриотизмді дамыту мəселесі күн тəртібінде тұрған мəселелердің бірі. Себебі кез келген адамның бойынан патриоттық рухты қалыптастыра алмасақ, мемлекетке, оның құрылымына жəне құқықтық жүйесіне деген бейберекеттік немесе құқықтық нигилизм қалыптасады. Сондықтан бұл мəселеге жан-жақты ғылыми тұрғыда баға беріп зерттеу қажет. Бұл мəселе ата заңымыздың 1-бабында республика қызметінің түбегейлі принциптері ретінде айқындалды. Қазақстан Республикасы Конституциясының «адам жəне азамат» бөлімінде көрсетілген міндеттер жүйесінде де түбегейлі бағыттарды белгілеп берді. Конституцияның 34-36-баптарында «Əркім Қазақстан Республикасы Конституциясын жəне заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын, мемлекеттік рəміздерін құрметтеуге міндетті, Қазақстан Республикасын қорғау əрбір азаматтың қасиетті борышы жəне парызы» деп көрсетілген.
Қазіргі жағдайда патриотизм жаңа сипатқа ие болды, өйткені Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері өмір сүріп, «Қазақстан» деген мемлекетке бірікті. Міне, осы барлық ұлт өкілдерінде қазақстандық отансүйгіштік сезімді қалыптастыру қазіргі таңдағы өзекті мəселелердің бірі. Кез келген дамыған мемлекеттердің бұл мəселеге мемлекеттік деңгейде аса жоғары мəн берілетінін көреміз. Демек, əрбір адамның еліне деген мақтаныш сезімі орнауы қажет. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін отбасы, білім ошақтарынан бастап, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар деңгейіне дейін жоспарлы түрде ұйымдастырылған идеологиялық бағдарлама болуы тиіс. Сондықтан да, жас ұрпақты Отанды қастерлеу мен ардақтауға, халқының мүдде-мақсатын қорғай білуге тəрбиелеу — басты мақсат. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың бүкіл күш-жігері елде саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты сақтай отырып, əлеуметтік-саяси мəселелерді байыппен шешуге бағытталған. Мұның көптеген нəтижелерін көріп те отырмыз.
Бүгінгі Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы мен дамуынң объективті шарттарының бірі – патриотизм. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру турасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды…» және «біз Қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге дәстүрін, әдет-ғұрпын, елінің тарихын құрмет тұту, бостандығы мен құқығын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау», — деп атап көрсеткен. [1]
Отансүйгіштік сезім жеке адамда өмір бойы қалыптасып, саяси процестерге қатысудан, Отанды қорғаудан және қоғамда алатын өз орныңның маңыздылығын сезінуден басталады. Адамға жеке құндылықтардан басқа да жалпы адамзаттық құндылықтар қажет. Бүгінгі күні төл тарихымызды оқытудың басты міндеті – жастарды адамзаттың өткен тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи декертермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын азамат тәрбиелеу. Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру қажет. Ұлттық сана-сезім. Деген туған-туысыңның, ағайыңныңның жағдайын емес, ұлтыңның қамын ойлау деген сөз. Ең алдымен жастарда ұлтжандылықты тәрбиелеу керек. Жас отансүйгіш-қазақстандық — ол ұлтжанды азамат болуы тиіс. Олар ең алдымен елім, жерім, ұлтым аман болса екен деп ойлайтындар.Бүгінгі Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы мен дамуынң объективті шарттарының бірі – патриотизм. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру турасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды…» және «біз Қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге дәстүрін, әдет-ғұрпын, елінің тарихын құрмет тұту, бостандығы мен құқығын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау», — деп атап көрсеткен. [1]
Бүгінгі күні мемлекеттік білім беру бағдарламасында тәрбие жұмысының негізгі мақсаты — Қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпы азаматтық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретінде сапа қасиетін қалыптастыру деп атап көрсетілген. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті — өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен азаматтылық» жас ұрпақтың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып табылады. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке-бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, адамгершілікке, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу қажет.
Қазақ халқы қазіргі жағдайда өзінің тәуелсіз мемлекетінде өмір сүре отырып, ұлттық қасиетінің негізі – тілін, дінін, салт-дәстүрін дамытуға тиіс. Көпұлтты Қазақстан халқы үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәттІ тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтың негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух – қазақ елінің лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. [2]. Тəрбиедегі басты бағыт делінген тəлім-тəрбие тұжырымдамасында: «Əрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға ұлттық əдет-ғұрыптар мен дəстүрлер көмектеседі, сол арқылы ол жалпы азаматтық мəдениетке аяқ басып, өз халқының мəдени игілігін басқа халықтарға түсінікті ете алады. Сондықтан əрбір ұрпақ өз кезімен өткенін тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тəжірибе негізінде тəрбиелей отырып, өзінің ата- аналарының рухани мұрасын игере түсінуі керек» екені айтылған [3].
ХХ ғасырдың басында ұлттық патриотизмнің негізін салушы ғалым- ағартушылардың бірі М.Жұмабаев «Тəрбиеден мақсұт адамды һəм сол адамның, ұлтын аса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі — əрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі — əрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты», — қоғам мүшелерінің бақытты болуы ұлт бақытының негізі екеніне тоқталады Осыдан бір ғасыр бұрын жазылған тұжырым ХХI ғасыр қоғамын қалыптастыруда негізгі мұрат болып табылады. «… əрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тəрбиеші баланы сол ұлт тəрбиесімен тəрбие қылуға міндетті», — деп ұлттық тəрбиеге аса мəн береді .
Отансүйгіштік – бұл Отанға, елге, өзің туып өскен жеріңе деген сүйіспеншілік. Өзіңнің еліңнің өткені мен бүгіні үшін мақтаныш сезімі. Адамның өз ұрпағын Отанын сүюге, өз елі мен жерін құрметтеуге үйретуі адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан тарихи процесс екені белгілі.
Ұшы қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің тарихында жас ұрпаққа саяси-патриоттық тәрбие берудің бай тәжрибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәміздерін қалыптастырды. Дала тұрғындарының өздерінің өмір сүрген ортақ әлеуметтік-экономикалық, мәдениеті мен тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің басқа жұртта қайталанбас талап-тілектерін дүниеге әкелді. Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің жалпыға ортақ моральдік-психологиялық нормасы белгіленіп, дала тұрғындарыныңа биік талаптар қойылды. Олардың ең бастылары – атамекенді, ел намысын қорғаудағы ержүректілік, жаудан беті қайтпау, ата-тегін жадында сақтау, отаншылдық. Балаларға патриоттық тәрбие беру, елжандықлықты қалыптастырудың педагогикалық құндылығын анықтауға, мазмұндары мен әдіс-тәсілдерін бағдарлап, болжамдар жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта патриоттық, интернационалдық тәрбиенің маңызы көп жоғарылады. Ол дегеніміз – өз Отанына деген сүйіспеншілік, біздің еліміздің халықтар арасындағы достығы, ұлтаралық қатынастағы мәдениет, ұлтшылдық және нәсілшілдіктің көрінуіне төзбеу, ұлттық шектеушілік және ұлттық өзімшілдікке жол бермеу. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жағдайында патриоттық тәрбие мәселелері негізінен ұлттық дәстүрлерге сүйене отырып адамдарға ықпал ету арқылы ғана шешілуі мүмкін. Мұның бірнеше дәйектемелері бар. Біріншіден, ұлттық дәстүлер адамдарды халықтың материалдық және мәдениетімен туыстырады. Екіншіден, ұлттық дәстүрлер халық зердесіне тарихи құндылықтарды жаңғыртады, ұлттық писхология сипаттарын нығайтады. Үшіншіден, халық зердесіне тарихи құндылықтарды жаңғырта, ұлттық психологияны жетілдіре отырып, ұлттық дәстүрлер адамдарды өз халқына, өз Отанына құрметпен қарауға тәрбиелейді. Төртіншіден, Қазақстан Республикасы халқының жартысынан астамы жиырма бес жасқа дейінгі жастар, олардың өмірлік тәжрибесі аз. Тәрбие дегеніміз – ақыл-ой дамуының, дене тәрбиесі мен кәсіпке үйретідің шоғырланған түсінігі. Тәрбие ісі тәрбиеленушіге белгілі бір бағытта, мақсатты және жүйелі әсер етіп, белгілі бір көзқарас, мінез- құлық, адамдық тәртіп дағды мен машық түрінде бірілсе ғана жемісті болмақ. Бұған, әрине жеке адамның табиғи жетіліп, өсуін де қосу қажет. Ұлттық сезім дегеніміз – жеке адамның туған халқының мүддесіне, тағдырына, оның рухани құндылықтарына қатынасын білдіретін ұлттық санасы. Ұлттық сезім ұлттың қалыптасуына байланысты ұзақ уақыт бойы дамып, кемелденеді. Негізгі ұлттық сезім-рухани құбылыс. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда дәстүрлер шешуші роль атқарады. Бұдан бұрын жазғанымыздай, қазақ патриотизмі дегеніміз-ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру болып табылады.
Оразбаев Турлыхан Кенжебекович
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі директордың кәсіптік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары.
Кошкимбаева Жанар Сыйхынбаевна
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалЖамбыл облысы ПҚ БАИ
«Білім беру процесін психологиялық педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы», Астана, 2007
- Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Тараз, 1999.
- Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика. Оқу құралы. Алматы, 2004 Әбентаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. Алматы, «Дарын». 2004 ж
- 4. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие.-Алматы: Білім, 1997, 231 бет.
- 5. Майғаранова Ш, Иманбаева С.Т. Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу-әдістемелік кешен. Алматы, 2006.
- 6. Калиев С., Майғаранова Ш., Иманбаева С., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. Алматы «Рауан», 1999.