«Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» Әл-Фараби Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болуы керек? – деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Сондықтан да Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың алдында: “XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан – жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек” – деп жауапты міндет қойып отыр. Қазақ баласының бойында Абай атамыз айтқандай «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы — өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру – ұстаздың міндеті екені даусыз. Осы қағиданы берік ұстана отырып «ыстық қайрат дегеніміз – қайтпас жігерлікке баулу, нұрлы ақыл-санасын білім нәрін құю, жылы жүрек- эстетикалық, адамгершілік, ізгілікке, мейірімділікке тәрбие беру» — деп түсінемін. Мектеп – халықтың ұрпақтан–ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Ендеше, егемендік алған елімізде мектептің философиялық тамыры тереңдеген, міндеттік жиынтығы молайған тұсында заман талаптарына сай білім беру мен тәрбие жүйесін құру керек. Ал «тәрбие жүйесі» дегеніміз не? «Тәрбие жұмысының жүйесі» дегеніміз – мектептегі, сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмысы, өткізілетін іс-шаралар. Сондай-ақ ол – белгілі бір тұтас педагогикалық кешен, бір бағыттағы тәрбиенің мақсаты, өзара қарым–қатынас орталығы анықталған, тиімді тәрбиенің бірнеше бөліктерінен тұратын үрдіс. Бұл үшін ең алдымен «мектептің жан дүниесін», яғни «мектептің тұжырымдамасын» жасау керек. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту арқылы қазақ менталитетін қалыптастыру дегеніміз оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс-әрекетін ескеретін жан — жақты, интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тұлғаның «мәденитаралық қарым-қатынас субъектісін» қалыптастыру. Жеке тұлғаға бағытталған тәрбие — бұл жеке тұлғаның белсенділігін арттыру. Тарихи кезеңдер де туған, әлемге аты әйгілі болып, ақыл-ойы, пайымы мен парасаты оқшауланған дара тұлғалардың даналық сипатын айқындау. Рухани және заттық құндылықтарды ажырата алу іскерліген дамыту. Аталған мазмұнды жүзеге асыру үшін алдымен сыныптың жұмыс жүйесін құру керек. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағыттарда жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Бастауыш сыныпта ең алдымен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру керек. Оқушының мінез- құлық мәдениетін қалыптастыру дегеніміз — сөйлеу мәдениетін, пікір таласу мәдениетін, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау мәдениетін, өмірге қайшы әрекеттерге деген көзқарас мәдениетін дамыту. Оқушылардың қарым-қaтынас мәдениетінің деңгейін анықтау үшін келесі белгілерді (критерийлерді) анықтаймыз: танымдық, сезімдік, әрекеттік. Танымдық белгілері- оқушының мәдени құндылықтарды игеруі. Сезімдік белгілері — ізгіліктік көзқарасы, қызығушылығы, пікірі. Әрекет белгілері-оқушылардың оқуда, еңбекте, білімін іс жүзінде асырудағы белсенділіктері. Осы белгілерді ескере отырып мектептің тәрбие жүйесімен сыныптың тәрбие жоспары құрылады. Әрбір тәрбиенің негізі жеке оқушының мінез-құлқы мен тәрбиесіне келіп тіреледі. Жеке оқушы мен қоғам арасындағы байланысты төмендегіше көрсетуге болады. Мен – адаммын (адамзат құндылығы) Мен –қазақпын (ұлттық құндылық) Мен — азаматпын (азаматтық мәдениет) Мен-ұлмын (қызбын) (отбасы дәстүрі, өмір салты, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық) Мен-оқушымын (әлeуметтік құндылық). Тәрбиелеу үрдісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Бастауыш сынып оқушыларына рольдік ойындар, танымдық ойындар, интеллектуалдық ойындар, пікірталастар, мәдени орындарға саяхат, өз бетінше орындалатын шығармашылық жұмыстар, этикалық әңгімелер, кездесулер, өнегелі хабарламалар ұйымдастыру, т.б. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, 140 өзі парасатты болады. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Экономикалық сана мен оған деген құштарлық мектеп жасында қалыптасатындықтан оқушыларды нарықтық заңдылықтармен таныстыру-өмір талабы. Тұлғаға экономикалық тәрбиені халқымыздың аса өрнекті қоғам қайраткері, ағартушы Ы.Алтынсариннің шығармаларын оқыту арқылы тәрбиелеу. Нарықтық мәдениет түсініктерін қалыптастыру мен үнемшілдікке тәрбиелеуде «Әке мен бала» әңгімесінен қойылымдар дайындау. Ыбырай шығармалары арқылы нарықтық білім мен берекесіз өмірден аулақ болуды ұғындыру. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа- қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. Еліміз егемендігін алғаннан бері ұлттық тәрбиенің тағлымдарына деген қызығушылық молайып келеді. Себебі, ұлттық тәрбие – ұлттығымыздың қалыптасуы үшін нағыз қажетті алғышарт. Ұлттық тәрбие- бүгінгі күннің қажеттілігі. Оның қайнар көзі қазақтың бай ауыз әдебиетінде, идеялық мәні жоғары шығармаларда жатыр. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. «Еліміздің күші-патшада, сәбидің күші-жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз-адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық. Күтілетін нәтижелер: 1. Баланың өзін тануға жолдама алуы. 2. Өзіндік пікір, сигналды ойдың қалыптасуы. 3. Тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде болуы. 4. Оқушының дүниетанымының, сахналық шеберлігінің артуы. 5. Оқушының сапалы білімнің, саналы тәрбиенің қажеттілігін сезінуі. Қоғамды танып білудің, сыртқы ортамен байланысының алға басуы. Ең бастысы – өзіне деген сенімнің артуы, Абай тілімен айтқанда, «болмаса да ұқсап бағуға тырысу» Қорыта айтқанда: сыныптағы әрбір оқушының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, оның оқу процесінде жан-жақты дамуы үшін тәрбиені жүйелі және мақсатты түрде жүзеге асыру болып табылады, тұлғаны тәрбиелей отырып оқытудың соңғы нәтижесі мәдениетаралық қарым-қатынасқа жету. Біздер қазіргі таңда ұлттық құндылықтарымызды пайдалана отырып, тұлғаға тәрбие беруде олардың әдепті, әдемі, әдепті, сұлу, білімді, мәдениетті болып өсуіне мүмкіндік жасауымыз қажет. Яғни, өзіміз не үйретсек, соның жемісін көреміз, сол үшін береріміздің мәні мен маңызы зор болуға тиісті.
Парманқұлова Ақмарал
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Ш.Қодаманов ауылы
«№158 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қазақ тілі пәні мұғалімі