Жезқазған қаласының 65 жылдық мерейтойына орай қаламыздағы №13 орта мектебінде «Жезқазған – жігерлі жастар мекені» атты мерекелік іс-шара үлкен өтті. Іс- шара барысында мектеп басшысы Үмітжан Жасынбекқызы, Жезқазған қаласының 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шараның жоспар бойынша өткізіліп отырғанына тоқталып, бірнеше маңызды жобаларды атап өтіп, келген қонақтар мен әріптестерін құттықтады. Мектеп басшысы өз сөзінде, осы оқу жылында мектебімізде қыруар жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Себебі, бұл жыл қоғамдық-саяси, тарихи мәні бар оқиғаларға толы.
— Ол «Жастар жылы» және сүйікті қаламыз Жезқазғанның 65 жылдық мерейтойы екенін баршамыз білеміз.
— Бұл мектебіміздің, шәкірттердің жетістіктерін көрсетуге және туған өлкеміздің дамуына күшімізді шоғырландыруға жол ашатын мүмкіндік», — деді.
Іс-шара аясында мектеп фойесінде «65 жылдыққа тарту» тақырыбымен оқушылардың түрлі бағыттағы жұмыстары және «Жетістік жауқазындары» атты көрмесі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы жыл бойы жүргізілген жұмыстар көрмесіне 5 «Ж» сынып оқушысы Өмірзақова Назым Сағынышқызының «Өлке мұражайларына саяхат» атты бейнелі карта жобасы ұсынылды. Көрмені тамашалауға келген қонақтардың назарын аударғаны жобаның дыбысты болуы.
Жоба жетекшісі
Ғайни Жолбарысқызы мерекелік кештің жалғасы өнерлі оқушылардың ән,күй, биіменен өрбіді. Домбыра оркестрінің жетекшісі Жұлдыз Советқызына келген қонақтар зор алғысын білдірді.
Осындай жігерлі бірқатар жас мамандардың арқасында бірнеше жұмыстар өткізілді соның бірі спорттық ойын жетекшілері Бисенов Айдос пен Қамбаров Арманның тоғызқұмалақтан өткізген жоба жарыстары ерекше көз тартып көрермен қошеметіне бөленді.
Іс-шараның қас бетіндегі көріністерді таныстырған сәттерінен ерекшеленгені, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында дайындалған бұрыштың мақсаты мен мазмұнын Ғайни Жолбарысқызы тарихшы маман ретінде жоғары деңгейінде ашып жеткізе білді.
Келессі топтамада мобильді кітапхана жайында Мадина Алиқызы өз ойын филолог маман тілінде жеткізді, бүгінгі заманның кітапханашысы өз кәсіби міндетін жетік білумен шектелмей, компьютер технологияларын жұмысында пайдаланып қолдана білетін, ақпараттық сауаты мол білікті маман болуы тиіс екенін атап. Осы орайда смартфон телефонына кітапты қалай түсіру керектігін таныстырып шығып,мобильді оқырмандар баспадан жарық көрген дәстүрлі кітаптардан алыстамайтындығын айтып.
Керісінше, бұл жастардың өзіне қызықты әдебиетпен танысып, кітапханаға бет бұруына түрткі болмақ, — екенін Мадина Алиқызы түсіндірді. Кеш соңында келген қонақтар мектеп басшылығына, ұстаздар мен шәкірттерге алғыстарын білдірдіріп, естелік суретке түсті.
Рахметова Ғ.Ж.,
ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы
№13 орта мектебінің тарих пән мұғалімі