2017 жылдың 3 қазанында сағ. 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастық аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтеді.
XXI ғасырдың тоғысындағы әлемдік дамудың үдерістерін сипаттайтын басты ұғым жаһандану болып отыр. Оның мәні этносаралық және конфессияаралық шиеленістер, экологиялық мәселелердің барлық мемлекеттің ортақ мәселесіне айналуы, ғаламдық ақпараттық кеңістіктің, әлемдік нарықтың қалыптасуы үдерісінде көрінетін мемлекет пен адамдар арасындағы қарым-қатынастың кеңеюінен тұрады.
«Дөңгелек үстелдің» мақсаты — Қазақстанның ұлттық мәдениеті дамуының өзекті мәселелерін жаһандық заманауи үдерістер контексінде талқылау, мәдениет дамуының және қазіргі кезеңдегі Қазақстан мәдениеті ерекшеліктерінің негізгі бағытын талдау болып табылады.
«Дөңгелек үстелдің» жұмысына Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшілігінің өкілдері, Батыс Венгер университетінің профессоры Михай Фрешли, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Басқару мемлекеттік академиясының өкілдері, ғалымдар және зерттеушілер қатысады.
Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.
Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 10
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ
Баспа және жұртшылықпен байланыс қызметі