Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде көптеген өзгерістер болуда. Соның бірі Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің, бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы болып табылады.
«…Біріншіден, барлық дамыған елдердің өзіндік бірегей білім беру жүйелері бар. Біздің алдымызда ұлттық білім берудің барлық буындарын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға дейін Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балалардың 100 пайызын мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Демек, бұл балаларды заманауи білім беру әдістемелерімен және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету аса маңызды болып табылады. Орта білім беруде жалпы білім беретін мектептердің деңгейін Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу қажет. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығуы тиіс»-деп 2050 стратегиясында айтылғандай,
мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында көптеген курстар ұйымдастырылуда.
Атап айтсақ, Қарасай ауданында (27.03-14.04.2017 ж.) аралығында ұйымдастырылған «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы Қарсыбаева Арай Байжанқызының жаңарту аясында білімді де, білікті шебер маманның жетекшілік етуімен өтіп жатқан курста мұғалімдер жоғары деңгейде біліктіліктерін арттыруда.
Осы курста білімін жетілдіріп жатқан мұғалімдер Арай Байжанқызынан көптеген жаңашылдықты үйренудеміз. Атап айтсақ, жаңаша оқыту бағдарламасында критериалды бағалау – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатынын, жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасалынытынын үйренудеміз.
Сонымен қатар, бірлескен топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл ұстаным сындарлы білімнің басты идеяларының бірі. Шағын топтық немесе жұптық жұмыстарда оқушылар бірлік, бірегейлік сезімдер қалыптастырып сол арқылы өздерінің ұжымға қатысы бар екендігін аңғартады. Топ мүшелері жұмыс барысында барлығы да өзара қарым- қатынасқа негізделген әрекеттер жасайды. Мәселен, тыңдай білу, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білу, ортақ пікір қалыпастырып, бір мәмлеге келу, туындаған егес пен дау-дамайларды шеше білуге бірлесе шешім қабылдайды. Мұндайда бірде-біреудің жұмыстан тыс қалуы мүмкін емес, барлығы да қызу әрекетте болады. Барлығы жұмыстың қорытынды нәтижесінде өз үлесін қосады. Бұндай жұмыста әрбір баланың пікірі мен көзқарасы құнды болады. Оқушылардың жалпы еңбекке деген ықыласы артады. Оқушылар өмірде «МЕН» қағидасынан гөрі «БІЗ» тұжырымының анағұрлым пайдалы екенін аңғарады. Оқушылар бойында туындаған сенімсіздік пен қобалжудан, қорқыныштан арылады. Топтар арасында бәсекені негізгі мақсатқа айналдырып жібермеу керек.
Біздің міндетіміз білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.
«Мектеп – кеме, білім – теңіз демекші, «білім» атты алып теңізде жүзіп келе жатқан ұстаздар қауымының жалғыз нысанасы – ел болашағы. Ал, ел болашағы дегеніміз сол алып теңіздің арман жағалауы. Жаңаша оқыту бағдарламасы аясында білім алып жатқан ұстаздар өз тәжірибемізді шыңдаумен қатар «ұстаз» деген ұлы ұғымды жаңа қырынан танып, өз мамандығымыздың сырын терең ұғынудамыз. Курс жетекшіміз Арай Байжанқызының берген бағытымен жаңаша көзқарастар туындады, нәтижеге деген талпыныс пен өз мамандығымызға деген ерекше сүйіспеншілік пайда болды. Жаңаша көптеген әдіс- тәсілдер үйренудеміз.
Заман талабына сай жаңғырта оқыта отырып, әрі қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғай түсу – халық алдындағы қасиетті парызымыз. Осы парыздың алтын тұтқасы – ұстаздардың қолында. Сондықтан осы курстан алған білімді одан ары жетілдіре отырып, ел болашағын ешбір елден кем түспейтін бәскелестікте баса озатын, биік таудай мұратты, қырандай талмас қанатты, алмастай алғыр талапты, білімі теңіздей шалқыған, жүрегі толқындай тулаған шәкірттер тәрбиелеуге бар күшімізді сала отырып, елімізге қызмет етуге дайынбыз. Осы ұстаным, педагогикалық еңбегіміздің нәтижелі жемісі деп кәміл сенеміз.
Қорыта келе, Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз. Осы курсты ұйымдастырып отырған «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына» алғысымыз шексіз.
Ұстаздық – мәңгі көнермейтін, қандай кезең болса да, өзінің қайта түлейтінін қуатқа ие қасиетті мамандық иесі «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы Қарсыбаева Арай Байжанқызына шексіз алғысымызды білдіре отырып, ел болашағы үшін атқарып жатқан еселі еңбегіне шығармашылық табыс, жанұясына бақыт тілейміз!
Қарасай ауданының
бастауыш сынып мұғалімдері:
Абишева Бахтыгуль
Сарсенбиева Аякул
Изтлеуова Бағила