Home » Мақалалар » ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢАША ОҚЫТУ

ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢАША ОҚЫТУ

Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары түбегейлі өзгеріске ұшырады. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстары. Бірақ қол жеткен жетістіктер адами капиталдың дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды.

Бүгінгі мектепке, бәсекелестіктің өсуі мен адам капиталы мәнінің артуына байланысты, оқушыларға тек білім мен білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақпарат көздерін өз бетімен қорытып, бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеу жауапкершілігі жүктелді.

Білім берудің жаңартылған мазмұны – жаһандану үдерісіндегіқоғамның қарқынды даму жағдайында, мектеп түлектерінің әлемдік білім кеңістігінде өз қабілеттерін танытуға мүмкіндік беруге септігін тигізетін қажеттілік.

Бәсекелестік қалыптасқан ортада жаңаша білім беру жүйесін қалыптастыру  – мұқият жоспарлауды талап ететін күрделі іс.

Облыстық дарынды балалар үшін мамандандырылған ЛОРД мектеп-лицейі бірнеше жылдан бері «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобасын іс жүзіне асырумен айналысады. Аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында лицейде қазақ, орыс және ағылшын тілдері әдістемелік бірлестігі ашылып, үш тілді оқыту үдерісін интеграциялау жоспары құрылды. Жұмыс жобалау, жүзеге асыру, талдау бағыттарында жүргізіледі.Сондай-ақ, заманауи білім берудің инновациялық әдіс-тәсілдерін оқу үдерісіне еңгізуде.

Эксперимент тұжырымдамасына сәйкес оқу бағдарламалары және пәндердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары жүйеге келтірілді. «Дарын» РҒПО-ның ұсыныстарын ескере отырып, оқу жоспары әзірленді. Бейіндік оқыту мақсаттарын ескеріп, жоғары сыныптарда оқу жоспары талданып, өзгертілді.

Жаһандану нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі барысында жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты деңгейлік оқыту бойынша да эксперимент жалғасуда. Сондай-ақ, эксперимент ойдағыдай жүру үшін барлық жағдай жасалған.

Алдымызға қойылған келесі мақсат қазақ тілін оқыту үдерісіне озық технологияларды енгізуге бағытталды.

Қазіргі ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымы кеңейгентаңда, оқыту технологияларының түрлері көбеюде. Біздің мақсатымыз –  осы технологиялардың ішінен тиімдісін тауып қолдану.

Қазақ тілі пәні мұғалімдері тілді екінші тіл ретінде оқытудың озық  технологиясын қолдану жүйесін халықаралық, республикалық, облыстық семинар-практикумдарда үйреніп, тиімді әдіс-тәсілдерін оқу процесіне енгізді.

Бұл күрделі істі дәстүрлі сабақты қайта қараудан бастадық. Сабақтар тақырыптарының технологиялық картасы, содан кейін авторлық бағдарламалар, сабаққа қажетті дидактикалық материалдар, оқу құралдары, оқушының жұмыс дәптері, әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу кешендері дайындалды.

Білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекеттік, қатысымдық-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру оқу материалдары тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім тілдік әрекеттері арқылы білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруына бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынған.

Полилингвальды экспериментті енгізу қазақ тілінен емтиханның дәстүрлі қалпын өзгертті. Қазақ тілін оқытудың жаңа мемлекеттік стандарт талаптарына сай тілдік әрекеттің 5 түрінен де бақылау өтетін болды. Қазіргі заман талабына сай бағалау критерийлері де жасалды.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қоммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатындаойын технологиясы арқылы қатысымдық әдіс көп қолданылады.

Қазақ тілін оқытуда белсенді оқыту әдіс-тәсілдері, оның ішінде рөлдік ойын технологиясы өте тиімді. Себебі технологиясы жеңіл, әрі тартымды. Кім болса да ынта қоя кіріседі.

Ал оқушылар алдына қойылған міндетті жүзеге асыру барысында,  кез келген жағдайда пайда болған өзекті проблемаларды шешуде шығармашылық қабілетін көрсетеді.

Ұйымдастырудың ең негізі – ойынды жобалау екенің естен шығармау керек. Ойын білімге құштарлықты, танымдық әрекеттерді дамытып, шығармашылық процестерді арттырып оқушыларға қолайлы жағдай тудырады.

Жоғарыда көрсетілген амалдарды пайдалану материалды тек қана еске сақтау емес, балалардың оқу кезіндегі белсенділіктерін қажет етеді. Дайын дәйектер мен ереже, формулаларды жаттап, оларды айту ғана емес, сонымен қатар, үнемі білім  ізденісінде болып, алған білімдерін кез келген жағдайда пайдасына жаратса деген ойдамыз. Осыны ескере отырып, қазақ тіліндегі география пәні мен Қазақстан тарихы мен билингвальды сабақтар элементтерін пайдаланып өткізілген брифинг-сабақтар арқылы біз оқушылардың қазақ тілін үйренудегі ынталарын, белсенділіктерінарттырамыз.

Оқу бағдарламасында жеңілден-ауырға қарай қағидаттарына негізделген спиральды оқытумен бірге тест тапсырмалары қарастырылған. Сондай-ақ, жылдан жылға бірізділік сақталып, материал күрделене береді. Мұндай жұмыс олимпиадаларға және тағы басқа сайыстарға дайындық кезінде тиімді.

Сабақтарда басқа да әдістер мен тәсілдер кеңінен қолданылады: оқушыларға лекцияларды тыңдап, жазып алу; баяндамалар мен презентациялар дайындау; интернеттен қосымша материал қарастырып, достарына ресми және бейресми хаттар жазу; эссе немесе өлең жазып көру; түрлі постерлер дайындау; тапсырмалары күрделі тесттер мен бақылау жұмыстарын орындау; диалогтар мен шағын көрініс дайындау; кластерлер дайындап, оларды сараптау және тағы басқа жұмыс түрлері өткізіледі.

Қазақ тілі сабағындағы әдістер мен тәсілдер түрінің мұндай көлемі келесі дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді: бірле жұмыс істеу, жағдаятты сараптау, өзіне жауапкершілік арта алу, қателерді тауып, түзету, бір-біріне кеңес беру, өз ойын, көзқарасын қалыптастырып, оны дәлелдей алу.

Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда жаңартылған мазмұнда білім беру әлемдік білім беру кеңістігінде кең тарап отырған тәжірибе болып отыр.

Дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей тенденциялар байқалады:

— білім беру философиясы мен әдіснаманың жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген моделдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздестіру, жаңа білім технологияларының енгізілуі және т.б.;

  • оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылдың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі – терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
  • оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;
  • білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.

Бірнеше тілді жетік білетін түліктер – мемлекеттің өз мәдениетімен қатар әлемдік мәдениетін танитын, халықаралық достық пен бірліктің артуына кепілдік күш салатын азаматтар. Жаңартылған мазмұндағы көптілді оқыту – ұлттың әлемдік өркениет кеңістігінде бәсекелесу қабілетін арттырудың кепілі.

Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар анықталып отыр:

  1. Білім мазмұны оқушыға қызықсыз және оның функционалдық сауаттылығын толық қамтамасыз ете алмайды.
  2. Білім беру жүйесінде диагностикалық жұмыс толық атқарылмайды.

Қазақстанның білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуі білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді. Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзыреттері анықталды:

  • оқушының қалыптасқан құндылықтар негізінде қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу;
  • зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзірет, өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білу, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру;
  • адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білу;
  • білім мен ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі: өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу,
  • әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу, кәсіби бағдарын саналы таңдай алу.

Аталған құзіреттілікті игеру оқушының жалпы  орта білім беретін мектеп жағдайында нәтижелі әлеуметтендірілуіне ықпал етеді.Мектептің ең басты мақсаты — қазіргі нарық жағдайында өзінің өмірлік жолын моделдеу мүмкіндігінде белсенді икемділік таныта алатын, әлеуметтік тәжірибе негіздері мен адамзаттық қатынастар мәдениетін игерген мектеп түлегін дайындау.

 

Әзімбаева Рахат Омашқызы,
Петропавл қаласы, СҚО
Облыстық дарынды балалар үшін мамандандырылған
ЛОРД мектеп-лицей-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.