Home » Жаңалықтар » Жаңғырудың жарқын жолы

Жаңғырудың жарқын жолы

Керім Тленшин атындағы №29 жалпы орта мектептің іргетасы 1966 жылдан бастау алады. Елу жылдан астам уақыт ішінде талай тұлғаны тұғырына қондырып, сансыз саңлақты самғатқан бұл қарашаңырақты бүгінде «Білім беру ісінің үздігі», білімді де білікті ұстаз Залиева Демегул Темирбекқызы басқарады.
2016-2017 оқу жылында үздік оқуымен, үлгілі тәртібімен мектебіміздің мақтанышына айналған оқушымыз, «Алтын белгі» белгісіне үміткер Иманали Гүлсәуле Сабитқызы ұлттық бірыңғай тестілеуден 123 балл жинап «Алтын белгі» иегері  атанды.

Қазақстан Республикасының Призиденті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында 2017-2018 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес жұмыстар жасалынды. Елбасының басты мақсаты жасұрпаққа патриоттық тәрбие беру, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дамыту. Туған жерге, отанына құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

«Мақтанышым-Астанам» жобасы шеңберінде 8 сынып оқушысы Асанхан Самал және 9 «а» сынып оқушысы Төребек Мақпал  Елордамыз Астана қаласына өлкетану экскурсиясына барып қайтты. «Ескерткіштер-елдігіміздің белгісі» атты шығармалар байқауын тарих-география бірлестігі өткізіп, жеңімпаз оқушыларымыз арнайы алғыс хатпен мараппатталды.

Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі «Тілім менің тірегім-тұнып тұрған жүрегім» атты іс-шара өткізді. Төлеби ауданында өткен «Адалдық — мақсаттың биік шыңы» тақырыбында өткен облыстық слетке ауданның атынан «Адал ұрпақ» клубының оқушылары қатысып спорттық сайыстан І орынды 10 сынып оқушысы Аманбек Ақниет иеленіп, арнайы сыйлықпен марапатталып келді.

Мектебіміздің директоры Залиева Демегүл Темірбекқызының бастауымен оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу  мақсатында мектепте 18 пәндік үйірме, 10 спорттық үйірме, 4 шығармашылық домбыра, хор, шебер қолдар, саз әлемі үйірмелері жұмыс жасайды. Құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында 11 клуб жұмыс жасайды. «Ұл мен қыз – ұлт намысы» кешенді іс-шара жоспарын орындау мақсатында, қазан айында 1-4 сыныптарында сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.  Технология бірлестігінің мұғалімдері Зейнеп Далбаева, Канымша Жолшибекова, Ерғат Бейсеев сынды ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен 18.10.2017ж. күні мектепішілік «Алтын күз»  жәрмеңкесі өз дәрежесінде өтті. Рухани жаңғыру аясында мұғалімдер арасында түрлі байқаулар болды. Бастауыш сынып мұғалімі Г.Байботаева  «Жаңашыл ұстаз-2017» байқауында ауданда 1-орын, облыста 3-орын иеленді. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Берік Меденовтің  жетекшілігімен шахмат үйірмесінен 6 сынып оқушысы Шалхарбай Назым І орын алып аудандық сайысқа жолдама алды. Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановтың  75 жасқа толған мерейтойын лайықты деңгейде атап өту мақсатында өткізілген аудандық «М.Шаханов» оқуларында «Егер ақын болсаң сен….» бөлімі бойынша 7 сынып оқушысы Жұмабек Мейрамбек (жетекшісі Айнұр Қабылбаева) ІІ орын алса, 8 сынып оқушысы Маханбетжан Адина ІІІ орынды қанағат тұтты.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында өткен көркемсөз оқу шеберлерінің «Оралхан Бөкей» атындағы аудандық байқауына Төлеген Ақерке қатысып І орынды жеңіп алды. Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, туған елінің киелі жерлерін мақтаныш ету, «Туған жер – 2017» шығармалар байқауы өткізілді. 8 сынып оқушысы Маханбетжан Адина (жетекшісі: А.Қабылбаева) 11 сынып оқушысы Бердиева Бахытжан (жетекшісі Д.Жуманова) сынды қыздарымыз ауданнан   І орын, облыстан «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының арнайы сертификатын  иеленіп қайтты.

«Рухани жаңғыру – ұлттық өрлеудің ұлы күші» тақырыбында облыстық жас тарихшылар ғылыми – практикалық конференциясына тарих пәнінің мұғалімі Кошкарбеков Бахтияр арнайы Мадақтамамен марапатталды. «Ұл мен қыз –ұлт намысы» тақырыбында кешенді жоспарлар жасалып бекітілді. Қазан және қараша айларында сынып жетекшілері 1 – 4 сынып сағаттарын, 5 – 8 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттар, 9 – 11 сыныптар арасында дөңгелек үстелдер өткізілді. Ұл мен қыз тәрбиесі отбасы құндылығының негізі тақырыбында ата – аналар жиыналысы өткізілді.

16 – желтоқсан Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күніне» мерекесіне орай  «Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі Б.Әбдікарим «Бойжеткен келбеті» тақырыбында 9 – 11 сынып қыздарымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге желтоқсан оқиғасының батыр қыздары Сабира мен Ләззаттың ерлігі бүгінгі бойжеткенге үлгі боларлықтай өнеге. Желтоқсан  куәгерлері Нұржамал Бимешова, Гүлмария Жекебаева, Фарида Жасыбаева қонақта болып өздерінің жағдайларымен ой бөлісті.

«Алтын адам» жобасы аясында Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география пәндерін саяхат жасау арқылы оқытудың кестесі түзілді. Өлкетану базалық бағытының «Алтын адам» кіші жобасы аясында мектепте мұражай ашу туралы жоспарлануда.

Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Абай даналығы» жобасын жүзеге асыруда «Абай клубы» құрылды. Мектепте «Абай әлемі» клубының ашылу салтанатты жиыны болып мүшелікке оқушылар қабылданды. «Абай деп соққан жүректер» жас ақындар мүшәйрасы болды. «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Хакім Абай» мұражайына танымдық саяхатқа клуб мүшелері барып, өз отанымызды сүюге оны қорғауға, аялауға үйренді. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері аймақтық «Абайды ойлау парыз ойлы жасқа» атты байқау өткізілді, 11 сыныптың оқушылары Төлеген Ақерке және Базарбай Айсаулеге жетекшілік жасаған Б.Әбдікарім мен Ұ.Қойшыбаева Мадақтамамен марапатталды.

Рухани жаңғыру аясында мұғалімдер арасында түрлі байқаулар болды. Бастауыш сынып мұғалімі Г.Байботаева  «Жаңашыл ұстаз-2017» байқауында ауданда 1-орын, облыста 3-орын иеленді.

«Бойжеткен келбеті» тақырыбында өткен дөңгелек үстелден көрініс.

Бақытжан Ордабек,
ОҚО, Сайрам ауданы,
Керім Тленшин атындағы №29 жалпы орта мектебі
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.