ЖАҢА «MOVIE TALK» ОЙ БӨЛІСУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мағынасы терең, тағлымы биік, ойы ұшқыр фильмдерді өзге көрермендерге таныстыру мақсатында «Movie talk» жаңа жобасы өз жұмысын бастады. Ой бөлісу алаңында оқушылар өздері көрген белгілі бір фильмнің мазмұнын қысқаша баяндау  арқылы  өзге жастардың қызығушылығын арттыра түсуде.
Жоба ұйымдастырушысы педагог-куратор Дина Аширбаеваның айтуынша,  әр сыныптан бір оқушы спикер болып таңдалынып, олар аз уақыт ішінде көпшілік алдында белгілі фильмнің негізгі мазмұнын ашып көрсету тиіс.
«Жобаға қатысушылар фильмнің негізгі идеясы мен берер тәрбиелік мәнін 6 минут ішінде оқушыларға баяндау қажет. Егер спикер ұсынған фильм көрерменнің көңілінен шығатын болса, онда «көремін» немесе «ойланамын» карточкаларын көтереді. Күнделікті өмірде балалар әр түрлі жанрдағы фильмдерді көреді, біздің жобаның мақсаты сол фильмдердің танымдық, мазмұнды, іріктелген түрлерін  ұсынып, бағдар беру», — дейді Дина Аширбаева.
Алғашқы болып 7-сынып оқушылары Алиасқар Ерген «Хатико» және  Ерасыл Рашбаев «Чарли и шоколадная фабрика», 8-сынып оқушысы Айдархан Сансызбай «Чудо», 9-сынып оқушысы Зарина Абдрахман «Звездочки на земле» және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Султан Кульдеев «Умница Уилл Хантинг»  фильмдерін қазақ және орыс тілінде таныстырылым жасап шықты.
«Мені үлкен әсерге бөлеген «Чудо» атты фильмімен өз оқушылармен бөлісуді жөн көрдім. Фильмнің басты кейіпкері Август Пулман денсаулығындағы ақауларға байланысты бесінші сыныпқа дейін үйден анасынан білім алған. 27 отадан кейін мектепке барып, жаңа ортамен танысу кезеңінде бойындағы генетикалық өзгерістер бар «ерекше» баланың жаңа қоғамға бейімделу сәттері фильмде жан-жақты суреттелген. Анасының қамқорлығы мен баланың білім алуға деген құштарлығы жас жеткіншектің қоғамға бейімделіп, құрдастары секілді толық қанды өмір сүруге мүмкіндік алды».дейді Айдархан.
Көрермендердің дерлігі ұсынған фильмдерді міндетті түрді көретіндерін жеткізді.
Содан соң спикерлермен «Фильмді тап» ойыны ойнатылады. Баяндамашылар экранға теріс қарап, тек фильмдегі диалогтарды есту арқылы қай фильм екенін анықтады.
Іс-шара әрі қарай «Суреттегі фильм» активитимен жалғасты. Ойын барысында көрермендер фильм суретінің бір бөлігін көру арқылы фильмді анықтаудан жарысты.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.