Home » Білім және тұлға » ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕРДІҢ БЕРЕРІ МОЛ

ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕРДІҢ БЕРЕРІ МОЛ

Қазақстан өзінің қарыштап даму бағытында әлемдік білім кеңістігіне көптеген өзгерістер енгізуде. Бүгінгі заман талабы тек қана даму жүйесіне негізделген. Елбасымыз осы өзгерістер арқылы келген біліммен «өзін- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға» қалыптастыруды мақсат етіп отыр. Бұл мақсаттың жүзеге асырылуының бірден- бір себебі Кембридж университеті ұсынған Бағдарламаның іске асуы. Біз, қазақстандық әр тренер, білім беруді дамыту Педагогикалық шеберлік орталығында өз білімдерімізді жетілдіріп, осы мақсат жолында еңбек етеміз. Сол себепті, қоғамның өзі сыни тұрғыдан ойлауымызды қажет етеді. Облыстық білім жетілдіру институттарында мұғалімдерге Үшінші (негізгі) деңгей курстары ұйымдастырылып, тыңдаушыларға жеті модульді ықпалдастырып сабақтар жүргізілуде. Тек қызығушылығын тудырып, бағыт- бағдар беріп отыру- тренердің шеберлігі. Курс кезеңінде өткізілген сабақтарыма көптеген өзгерістер енгіздім, нәтижесінде жетістіктерге қол жеткіздім. Атап айтсам, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі арқылы жаңаша серпілістің пайда болғанын байқадым.

«Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауыды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. [МАН, 49-бет]. Біз тренерлер тыңдаушыларымыздың, ал мұғалімдер оқушылардың таланттарын шыңдай түсуін, шығармашылықтарын көрсете білуін және жетіле меңгеруін қалаймыз.

Міне, сондықтан да А.Фердинандтың: «Кісінің бойындағы үйрену құмарлығын оятқан адам – ең жақсы мұғалім» — деп айтқан пікірін растай отырып, құзырлы мұғалім болу үшін Шульманның ілімі бойынша мұғалімнің үш көмекшісі «бас – кәсіби түсінік, қол – оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек – кәсіби — өнегелік тұтастық» [МАН, 8-бет] екенін басты назарда ұстап,болашақта алдыға қойған мақсатымыздың нәтижесіне жету үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйуін түйгенінше айтуға жарау. Айта білетін адам табылса, тіл пайдалануға әрқашан жарайды. Тек айта білетін адам табылуы қиын», – деген екен. Ахмет Байтұрсынұлының пікірінше тілді барынша пайдалана алатын, тоқсан сөздің тобықтай түйінін айта алатын адам тәрбиелеуде «Сындарлы оқыту теориясының» рөлі орасан зор екені сөзсіз деуге әбден болады. Өйткені жеті модуль бойынша тыңдаушылардың логикалық ойлау қабілеттері, тіл байлығы жетіледі, жан – жақты ізденеді, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Үздіксіз тыңдаушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді, ақыл – ойын дамытады, ұжымдық іс – әрекетке жүргізген жұмыстар нәтижесінде тыңдаушылар оқу мен оқытуға шынымен сыни тұрғыдан қарай білуге дағдыланады, үйренеді, қалыптасады. «Нағыз сабақ – ол әрқашан іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі» — деп бекер айтылмаған. Осыған орай, мұғалімдерге арналған нұсқаулықта жазылғандай, бұл бағдарлама оқушыларды сапалы және табысты оқыту үшін мұғалімдердің оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін, оқушыларға қамқорлық көрсете отырып, ықпал ететін және бағдар беретін, әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын, сондай-ақ, оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар болуын, оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі өту өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін болуын талап етеді.

Жаңа форматта жаңашылдықпен ұйымдастырылған сабақтардың басты мақсаты өзіне –өзі есеп беріп, ойлары мен әрекеттерін талдай білетін, өзін –өзі бағалай алатын, өзінің мүмкіншіліктері мен қабілеттерін жүзеге асырып жауапкершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу. Міне, осы қадамға басудың алғашы баспалдағын, теңіздің тамшысындай болса да ұстаз бойына сіңіріп өзгеріс енгізу. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне орай алдым: «Өмір бойы білім алу әрбір адамның кредосына айналуы қажет». Сабақтарымда өзгерістерді енгізу арқылы сапалы,сындарлы оқыту үдерісін мықтап қолға алуға бекіндім. Тыңдаушылар берілген тапсырмаларды жан-жақты талқылап, кеңінен қарап өздерін өздері бағалауға үйренді. Бұл Бағдарлама менің көзқарасымды өзгертіп, шешімдерімді жоспарлар жұмыс барысында тыңдаушыларға жаңаша іс-әрекеттерге негізделген, сыни тұрғыда ойлауға негізделген ресурстар, тапсырмалар, мәселелер берілді. Сабақ барысында тыңдаушылар қорытынды жасай отыра ең бастысы тыңдаушылардың талпынысы мен көзқарастары өзгерді.

Александер [Нұсқаулық, 40-бет] «Оқытудағы әңгімелесу –қарым қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды »-, деген еді. Сoндықтaн, әр ұстaз oқу тәрбиe жұмысынa сaй, сaбaқты түрлeндiру мaқсaтындa oқытудың түрлi әдiстeрiн пaйдaлaнсa, игi нәтижeгe жeтeрi сөзсiз. Aдaм мaқсaтынa өзiн-өзi жeтiлдiру aрқылы жeтeдi. Oсындaй ұлы тұлғa қaлыптaстыру үшiн ұстаздар қауымы мeктeп қaбырғaсынaн бaстaп, сaпaлы бiлiм, сaнaлы тәрбиe бeрe бiлу кeрeк — дeп oйлaймын жәнe oл үшiн сaбaқ жүйeсiнe eнгiзiлгeн жaңa әдiс — тәсiлдiң aясындa сaбaғымызды қызықты eтiп өтeтiн бoлсaқ, oл oқушылaрдың тoлыққaнды бiлiм aлуынa өз сeптiгiн тигiзeтiнiнe сeнeмiн.

Мухамадиева Мариям Нариманқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Алматы облысы бойынша ПҚБАИ
«Басқару және білім сапасы»
кафедрасының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.