Home » Мақалалар » Жаңа әдіс  жаңалыққа бастама!

Жаңа әдіс  жаңалыққа бастама!

Білім бар жерде мәдениет бар, білім бар жерде байлық бар, білім бар жерде болашақ бар.

Еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, жаңа мәдени тұлғаны қалыптастыруда жаңа білім сапасын игерудің маңызы зор.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Қазақстан Халқына Жолдауында  «Табысты болудың басты факторы —  білім» деп,  білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететінін»  атап көрсеткен.

Ал Еліміздегі  білім саласында  жүргізіліп  жатқан реформаның  басты мақсаты-ой-өрісі  жаңашыл, шығармашылық  деңгейде  қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,  жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.

Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу

Денсаулық сақтау технологиясыж жобалы-іс шығармашылық технологиясы, Зайцев технологиясы, әуенді кесте технологиясы, аамыта оқыту технологиясы,.ақпараттық қатынастық технология, ойын технологиясы, ТРИЗ технологиясы.  Бұл әдістер балабақшада атқарылып жатқан маңызды технологиялар. Әдістерді дұрыс  пайдалану бала дамуына берер мүмкіншілігі өте үлкен! Жаңа әдістерді игере отырып сабақты түрлендіріп  өткізу әрбір тәрбиешінің өзіндік фантазиясынан (қиялынан).

Баланы қабілетіне қарай бейімдеу, өз бағыт бағдарына салуда жаңа әдістерді меңгертуде тәрбиеші маманның берер еңбегі зор деп білемін. Сіз болып біз болып бала тәрбиесі мен біліміне бірлесе қолдау жасасақ, жаңа әдістермен жаңа болашаққа жарқын жол саларымыз анық!

Бала  біздің бақытымыз! Бала біздің қуанышымыз!

 

Сарсенова Жұлдызай Қайратқызы
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы,
«Ақмарал» бөбекжай» балабақшасының
тәрбиешісі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.