Home » Жаңалықтар » Жаңа ұлттық әліпби негізіндегі жазу реформасы: білім беру жүйесінде жүзеге асырудың проблемалары мен болашағы

Жаңа ұлттық әліпби негізіндегі жазу реформасы: білім беру жүйесінде жүзеге асырудың проблемалары мен болашағы

Ағымдағы жылдың 28 наурызы күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан

Республикасы   білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институтының ұйымдастыруымен «Жаңа ұлттық әліпби негізіндегі жазу реформасы: білім беру жүйесінде жүзеге асырудың проблемалары мен болашағы» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізілді.Республикалық семинар-кеңес «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ мәжіліс залында тікелей эфирде on-line трансляция арқылы жүргізілді. Республикалық семинар-кеңеске «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Ж.Қараев, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Т.Аяпова және «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиал директорлары, оның ішінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық, қалалық білім басқармаларының басшылары және БАҚ өкілдері т.б. қатысты.
Пленарлық отырыс барысында п.ғ.д., профессор, ББЖ ҚБАРИ директоры Ж.Макатова Республикалық семинар-кеңестің модераторы болды. Республикалық семинар-кеңесті п.ғ.д., профессор, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Ж.Қараев кіріспе сөзбен ашты.
Секциялық отырыс кезінде жаңа латын әліпбиінің лингвостатистикалық негіздері, жалпы және орта білім беру жүйесінде жаңа әліпби мен жазуды меңгерту: проблемалары мен ұсыныстары, Латын графикасына негізделген әліпбиді игертудің өзекті мәселелері қозғалып, баяндамалар тыңдалды. Республикалық семинар-кеңес соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.