Home » Мақалалар » Жаңа технология – жаңа шығармашылық ізденіс

Жаңа технология – жаңа шығармашылық ізденіс

«Баланың періште әлемі – тәрбиешінің бақыты». Біздің келешегіміз – жас ұрпақ. Жас ұрпақтың тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ал балабақшадағы тәрбие ата-анадан берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғастырып жандандырады. Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі тұлға. Сондықтан қашанда болса бала құқығы сақталуы керек. Ұлттық тәрбиенің негізі ана сүтімен, ана тілімен, ең алғашқы бесік жырының әлдиімен беріледі. Ал бүлдіршіннің тілегі, білімге деген қызығушылығы, оның ойлау қабілеті, танымдық қажеттіліктері балабақшада қалыптасады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғылымдық коммуникациялық желілерге шығу» — деп көрсетілген. Мария Монтессори технологиясының элементтерін пайдалана отырып, орталықтарға бөліп оқу іс-әрекеттерімізді ұйымдастырамыз, бұл технологияның тиімділігі – балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып, ата-анамен байланыс нығаяды, сонымен қатар тәрбиешілер бұрыш жасақтап, М.Монтессори технологиясын пайдалану арқылы балалардың қол моторикасын дамыту мақсатында өз беттерінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды жеңе біледі, еркін ойлауға тәрбиелейді.

Ойын – балалардың танымын, тіл байлығын, сөзбік қорын дамытудың ең тиімді жолы болып саналады. Мектепке дейінгі мекемеде ойынның бірнеше түрі (дидактикалық, театрлық, сюжетті-рөлдік, қимылды т.б.) кеңінен қолданылады. Мен өз іс тәжірибемде Вячеслав Вадимович Воскобовичтің «Коврограф Воскобовича”, «Коврограф Ларчик” ойындарына сүйене отырып, ойындар дайындадым. Бұл ойындардың мақсаты ойлау операцияларын дамыту болып табылады. Ерте балалық шақ — балалардың дене мүшелерінің, әсіресе ми функциясының дамуының ерекше кезеңі.

Кез келген оқыту жаңа технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. Жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзыреттілігін дамытып, білімді ұрпақ тәрбиелейді. Педагогикалық озық технологияларды оқу іс-әрекеті барысында пайдаланып, балалардың шығармашылығын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырудамыз. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілеті мен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті деп түсіндім. Менің әдістемелік тақырыбым «Дидактикалық ойынның маңызы»

Мақсатым: «Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы ақыл ойын дамыту ойындарда қимыл-қозғалыс белсендігін арттыру, жетілдіру».

Міндеттерім: -Ойнай білу біліктерін қалыптастыру:

-Балалардың белсенділігін арттыру:

-Ойын үстінде жаңа технологияларды тиімді қолдану.

Таным қабілеттерін айқындай отырып, өз бетінше жұмыс істеуге баулу, іскерліктерін қалыптастыру. Мен ойын арқылы білімді меңгертіп және жаңа технологияларды пайдалана отырып, балаларға адамгершілікті, достықты үш тілдікті меңгертемін. Ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында жұмыстар жүргізу және қазіргі заман талабына сай, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде педагогикалық ұжымның алдағы уақытта да үлкен табыстарға жетеріне сеніміміз мол. Еліміздің ертеңгі болашағы өсіп келе жатқан жас ұрпақ болғандықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау – баршамыздың жауапты міндетіміз. Міне, менің де бала тәрбиелегеніме он төрт жылдан астам уақыт өтіпті, сол жылдар аралығында балаларыма саналы тәрбие, сапалы білім бердім деп айта аламын. Менің өмірлік ұстанымым: «Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың болашағы – бүгінгі ұстаздың қолында».

М.Л. Алькуатова,
№33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі
білім орталығының тәрбиешісі,
Ақтөбе қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.