Мыңбаева Ү.І.
№17 жалпы орта мектебі
Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүрміз. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп, оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс – тәжірибелер жасаудамыз.
Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологиялар да баршылық. Соның бірі – критериалды бағалау жолы. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан технологиясы арқылы жүзеге асыра аламыз.
Бастауыш сынып оқушылары үшін ең жоғарғы бедел иесі – мұғалім. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшін бөліп жарғысыз нәрсе. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұрақтанған қалпы бар сала-бастауыш мектеп.
Педагогикалық технология — мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман – деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай. Себебі, мұнда мұғалім 20 пайыз, оқушы 80 пайыз сөйдеп, өз білімін жетілдіреді, өз ойын еркін айтады. Өз білімімді жетілдіре отырып, жаңаша стратегияларды меңгеріп, тәжірибемде жүзеге асырудамын.
Менің оқушыларымның деңгейіне қарай ең тиімді әдіс – тәсілдер деп, Шаттық шеңберінен бастап «Миға шабуыл», «565» әдісі, «Кім жылдам?», «Серпілген сауал», «Ыстық орындық», «Еркін микрафон», «Ия,жоқ» белсенді әдістер болып табылып, әр сабақта өз нәтижесін беріп жатты. Жалпы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» 90 түрлі стратегиясы бар, солардың ішіндегі- Даралық пен ұқсастық, Венн диаграммасы, Бес жолды өлең, Галереяға саяхат, INSERT кестесі, ББҮ стратегияларын сабақтарымда қолданамын.
Бастауыш сатыда «Математика» пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретінде деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Қазіргі ғаламдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісінде өзекті ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылуда. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру — жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс. Мектептің бастауыш буынында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-әрекетпен мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интерактивтік әдісті тиімді пайдалануға болады. Мұнда негізгі және жетекші үрдіс — іс-әрекеттегі оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі — оқушылардың өздері ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдейді. Ол өз пікірін бір-біріне топта, сынып алдыңда айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс. Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа процессуальдық біліктілігіне, ақпаратты алдын-ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді.
Математика сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады. Мұның нәтиесін сабақ соңындағы «Ашық журналдан» көруге болады.
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық, нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілуде.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.
Жалпы технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы және білімі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа фармацияның педагогы қажет» деген болатын. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі — өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы. орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Торманов Н.Т., Аблайханова Н.Т. «Биологияны оқытудың инновациялық әдістемесі», Алматы, Қазақ университеті, 2013ж.
- Есмұқан М.Е. «Студенттердің танысдық ізденімпаздығын қалыптастыру», Алматы, 2004ж.
- Сабыров Т.С. «Оқыту теориясының негіздері», Алматы, 2000ж.
- Коменский Я.А. «Ұлы дидактика», М., 1955ж.
- Жұмабаев М. «Педагогика» Алматы, 1992ж.