Home » Поэзия » Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға тілек

Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға тілек

Кейбір ата-аналар арасында өзі қазақ бола тұра баласын өзге тілді мектепке беріп жүр. Себебі қазақ тілді мектептердің білімі, тәрбиесі төмен деген жаңсақ пікір сақталып отыр.

 

Болсын десең заманға сай білімді,

Ұқсын десең қасиетті тіліңді,

Мақтан қылсын десең текті діліңді,

Пір тұтынсын десең нұрлы дініңді,

Бер балаңды қазақтың мектебіне.

Жан тәнімен сүйсін десең ұлтыңды,

Ұстан десең салт-дәстүрді ғұрпыңды,

Бұзбай өссін десең жастай шырқыңды,

Жуытпасын десең бойға сылтыңды

Бер балаңды қазақтың мектебіне.

Айналмасын десең ертең мазаққа,

Өзіңді де салмас үшін азапқа,

Түспес үшін жаһан кезген тозаққа,

Кір келтірмей өссін десең қазаққа

Бер балаңды қазақтың мектебіне.

 

Шнанов Р.Ш.

зейнеткер ұстаз

Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.