Home » Балабақша » Жаңа инновация бағытын пайдалана отырып «Драма мен музыканы байланыстыру»

Жаңа инновация бағытын пайдалана отырып «Драма мен музыканы байланыстыру»

 

   

 

   

 

   


Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі баланы музыкалық драма арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;
Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Міндеттері: Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіріп, эмоциялық әсер алғыштығын ояту;
Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу, дыбыстарды сезіну.
Мектепке дейінгі сахналау жас балалардың эстетикалық қабілетін, бейімділігін және сондай-ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең. Мектеп жасына дейінгі балалардың театрландырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру балалар шығармашылығын және білім алудың   қабілеттері мен дағдыларын үйренуге жағдай жасаумен қатар, баланың өмірде өзінің тиісті орнын табуға көмектеседі, өзін-өзі көрсете білуге ықпал жасайды. Ертегіні музыка тілімен байланыстырады.

Әр түрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады. Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қарай берілетін ертегілердің мазмұны әсерлі көңіл-күйді білдіре отырып, сезіне білуге үйретеді; кейіпкерлердің жүріс-тұрысын музыка  арқылы дамытады.

Балалардың бойында достық, адалдық, батылдық, жанашырлық қасиеттерін тәрбиелейді, әлемді тек ақылмен ғана емес, жүрекпен де тани білуге үйретеді.Музыка тілін түсіндіреді. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде драма ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады, характерлік образды музыкамен жеткізеді.

Драмалық ойындарды балалар қызықтап ойнайды, музыкалық аспаптарда ойнап, ән салып, би билеуге құлшынысын қалыптастырады.Балаларға арналған көркем шығармашылық оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырумен, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан бастап-ақ тақпақпен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін үстел үстіндегі театрды,қысқа сахналық қойылымдар қолдана берген жөн. Қазіргі кезде біздің балабақшада драманы қолға алып, балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде.
Мюзикл арқылы ертегілерді сахналау, балалардың шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрісін, жан-жақтылығын дамытады.
Біздің балабақшада драма бағыты бойынша  «Ертегілер әлеміне  саяхат» атты топтар арасында  жұмыстар жүргізіледі. Болашақта балалардың дамуына өзіміздің үлесімізді қоса отырып, мюзикл арқылы балаларға ертегіні сахналауға үйретеміз.Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдерді, кіші сахна көріністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында драмалардың ойыншықтарын пайдалана отырып,мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында драма іс әрекеті өз бетінше болуы мүмкін. Нағыз драмалардың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой өрісін-кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, мюзикл туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Ертегілерді әуенмен орындау балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытып, музыкалық қабілеттерін жоғарлатады
Жұмыстың нәтижесі:
Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:
— балалар тілі дамиды;
— сөздік қорлары толығады;
— байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
— дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
— драма өнеріне деген қызығушылықтары артады.
Қорыта келгенде, драма балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте драма- балалар үшін мереке,демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер үшін үлкен табыс.

 

 

Жакудинова Жанар Сагиновна,
Астана қаласы,
№ 38 «Шаттық» балабақшасының
біліктілігі жоғары I санатты тәрбиешісі.

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.