Мақсаты:
Білімділігі: Джаз оркестрі тарихымен таныстыру және оркестр құрамындағы аспаптармен танысу.
Дамытушылығы: Ән айту қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Джаз ырғағын ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Электронды тақта, кітап, үнтаспа.
Әдісі: сұрақ-жауап
Түрі: аралас сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушының зейінін сабаққа аудару;
2. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Джаз оркестрі біздің заманымыздың ерекше оркестрі болып табылады. Ол басқа оркестрге мүлде ұқсамайды. Оркестр әр түрлі музыкалық аспаптардан тұрады. Оны көбінесе «биг – бенд» деп атайды. Ағылшынша «big» — үлкен, «band» — оркестр деген ұғымды білдіреді.
Джаз оркестрінің төрінен орын алатын басты аспап – ұрмалы аспаптар тобы. Ұрмалы аспаптар қатары әр түрлі ұлттық барабандар, маракас және тарелкалармен толықтырылған. Бұл ұрмалы аспаптар тобына контрабас аспабы да енгізілген. Контрабас аспабын ысқышсыз саусақтың басымен ойнайды. Бұл аспапты музыканың ырғағын беріп отыру үшін пайдаланған. Кейде оркестрден гитара аспабын да көруге болады. Гитара аспабында аккордтарды ойнау арқылы музыкалық ырғақты нақтылай түседі.
Джаз оркестрінде жеке ойнайтын аспаптар: саксафон, труба, тромбон және рояль. Кейде оркестрден скрипка аспабының да үнін естуге болады. Джаз оркестірінің осындай ешбір оркестрге ұқсамайтын құрамы бар.
Джаз музыкасы негрлер халық музыкасының негізінде Америкада пайда болды. Джазды музыканттардың аяқ астынан орындайтын импровизациялық музыкасы деп атауға болады.
Джаз көне халық әуендерін жаңа заманға лайықтап жасаған музыка болғандықтан, халықтың сүйіспеншілігіне бөленеді.
Джаз өнері Қазақстанда да кең қанат жаюда. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында жылда джаз фестивальдері өткізіліп тұрады. Бұл фестивальге бүкіл әлемнен джаз ұжымдары келіп, өнер көрсетеді.
Алматы қаласында Т. Зариповтың жетекшілік етуімен арнайы балалар музыкалық джаз мектебі ашылды. Мектептің джаз ансамблі Қазақстанда өтетін джаз фестивальдеріне қатысып, көптеген шет мемлекеттерде өнер көрсетіп келеді.
Джазда негізгі жеке ойнайтын аспаптар: саксафон, труба, тромбон, рояль суреттерін көрсету.
Музыкалық сауаттылық:
Джаз – негірлер халық музыкасының негізінде пайда болған музыкалық жанр.
Импровизация – негізгі әуенді түрлендіру, құбылту, ойдан шығару.
Ән үйрену:
Анажаным
Анажаным, анажаным,
Аялы алақаның.
Есейіп кетсем дағы,
Мен – сенің балапаның.
Анажаным, анажаным,
Мейірбан балажаным.
Бақытым емес пе едің,
Өмірді сыйлағаның?
Қайырмасы:
Көңілің күндей,
Өмірің гүлдей,
Жадыра, күл де – ей,
Жан анашым!
Бойыңда мен сүйетін,
Көп сенің қасиетің.
Аяулы презентіңмін,
Алдыңда бас иетін!
Балаймыз бағымызға,
Арайлы таңымызға,
Аман боп жүре бергін,
Анашым жанымызда!
Қайырмасы:
Көңілің күндей,
Өмірің гүлдей,
Жадыра, күл де – ей,
Жан анашым!
Осы әнді сізге,
Арнаймыз біз де,
Келіңіз жүзге,
Жан анашым!
ІV. Қорыту:
- Ағылшын тілінде «big» және «band» деген қандай ұғымды білдіреді?
- Джаз оркестірінде жеке ойнайтын қандай аспаптар бар?
V.Үйге тапсырма:
- Жаңа заман ырғағы – Джаз оркестрі туралы түсінік айту;
- «Анажаным» өлеңін жаттау.
VІ. Оқушылардың білімін бағалау
Исекеева Ләйлә Бақытқызы
№42 орта мектеп,
І санатты музыка пәні мұғалімі,
Тараз қаласы