«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі — баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты–баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығынада байланысты.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты — мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті оны ұғына білуді талап етеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу талабы. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет.Тәрбие– қашанда қоғам шешетін қажетті мәселе, өйткені жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің жүйесін құру, қоғамдық тәрбие орындарының типтері, оқу — ағарту мекемелерінің сипаты, оқу — тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі, формасына байланысты анықталады.
Бүгінгі күннің заманауи білім беру жүйесі үшін өзекті мәселелердің бірі-балаларды ғана емес, педагогтардың да, кәсіби құзіреттілігінің дамытуды қамтамасыз ету. Сондықтан қазіргі кезде біздің «Нұрбесік» балабақшасында педагогтардың тәрбиелеу мен оқытуда заманауи әдістерін қолдануы, оларға әдістемелік қолдау көрсету – басты назарда.
Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Нұрбесік» балабақшасы алғашқыда Қызылорда қаласының КБИ мөлтек ауданы Жаппасбай батыр көшесінде 2006 жылы №197 қазақ орта мектебінің жанынан «Мектепалды даярлық шағын орталығы» болып ашылды.
2007 жылдың 3-ші қаңтар айынан бастап мектептен бөлініп өз алдына «Мектепалды шағын орталық» болып ашылды.
Қызылорда қалалық маслихатының шешімімен 2010 жылдың 13 сәуірдегі №191 бұйрығымен «Нұрбесік» атауы берілді.
2012 жылдың 20 қыркүйегінде №4528 қаулысымен «Нұрбесік» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
Балабақша әрбір бүлдіршіннің тілегі, ілім-білімге деген жеке дара бейімділігін, қызығушылығын дамыта отырып, ойлау қабілеттері мен оқытуды басшылыққа алған балабақша бүгінде балғындардың базарлы мекеніне айналды. Балабақшамызда қазіргі таңда 100 бүлдіршін тәрбиеленіп, білім алуда. «Нұрбесік» балабақшасы қалалық білімі бөліміне қарайды, тіпті балабақшада 4 топта оқу-тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүргізіледі. Бүлдіршіндерге тәлім- тәрбие беру жолында арнаулы және жоғары білімді педагог мамандар қызмет етеді.
Ұжымдағы оқу –тәрбие жұмысы ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыз №499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Педагогтар оқу қызметтерінде «Ойын технологиясы», «АКТ технологиясы», «Триз» технологиясы және «Денсаулық технологиясын» «Жобалау зерттеу технологиясын», қолданады.
Балабақшамыздың жетістіктерін айта кететін болсам, 2018жыл 14 шілде «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Мектепке дейінгі білім беру» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып «Нұрбесік» балабақшасы КМҚК-ның әдіскері: Н.Рысбембетова І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.
2018жылы — Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында балабақша бүлдіршіндері арасында өткізілген «Бал бала -2018жыл» облыстық байқауының 10 жылдық мерейтойында шығармашылық ізденімпаздықпен бүлдіршіндерді қатыстырғаны үшін әуез жетекшісі Әшірова Пернекүл Қызылорда қаласының әкімдігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2018жылы – «Ең сүйкімді бүлдіршін» атты қалалық байқауына қатысып
«ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН» Мұратбекқызы Ақниет марапатталды.
2018 жылы- «Тамыз педагогикалық кеңесіндегі секция жұмысында жасалған мазмұнды баяндамасы мен шығармашылық ізденістері үшін Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Дипломымен » марапатталды.
2018жылы- Балалар шығармашылығы ХІ облыстық «Ботақан» телефестиваліне белсене қатысып Абдулхамит Арман жақсы өнер көрсеткені үшін «Дипломмен» марапатталды.
2018жылы Мәртебе білім порталы. «Диплом» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы қоры сыйлығының иегері Мәртебе k.z , білім порталы балалар шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Қыс қызығы» атты республикалық байқауға белсенді қатысып, жүлделі орын алғаны үшін «Нұрбесік» балабақшасы» ұжымы және «Балдырған» ересектер тобының тәрбиешілері Бергенбекова Перизат Бимағанбетқызы, Жангирова Венера Тынысқызы марапатталды
10.2018 жылдың 16 ақпан күні Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Бас киімдер шеруі» атты байқауына қатысып, «Нұрбесік» балабақшасы ұжымы «Алғыс» хатпен марапатталады.
11.13.10.2018жылы Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында балалардың шығармашылығын шыңдау мақсатында өткізілген дәстүрлі «Бал бала 2018» облыстық байқауының 10 жылдық мерейтойында шығармашылық ізденімпаздықпен өнер көрсеткені үшін Шамат Айзере мен Абдулхамит Арман Қызылорда қаласының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Осындай жетістіктері бар балабақшамыздың алар асу, шығар биігі әлі алда, келешекте ұлт мұрасына айналған ұрпақ тәрбиесінде жетер жетістігіміз көп болғай деймін.
Шерімбетова Гүлбибі Жолдықожақызы,
«Нұрбесік» балабақшасы КМҚК-ның
жоғары санатты меңгерушісі
Қызылорда қаласы