Home » Мақалалар » Жаңа заманға – жаңашыл педагог

Жаңа заманға – жаңашыл педагог

Жаңа заманға сай жаңашыл білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағлауға және дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығару. Сондықтан қазіргі кезде ел болашағы азаматтарының қызметтік және мәдени сауаттылықтың, білімділіктің жаңа деңгейіне шығуына жағдай жасау міндеті тұр. Өйткені Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке енуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Білім – адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Біліктілік – білімді меңгерудегі, тәжірибедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі күн педагогтың біліктілігін арттыруды жалпы қоғамдық мәселе ретінде қарастыруды қажет етеді. Себебі, білімді тереңдету, молайту,жетілдіру, арттыру жеке бас үшін ғана емес, қоғамға қажет әрекет деп қарауымыз керек.

Еліміздің келешегі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал ұрпағымызды бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интелектуалдық деңгейі жоғары, өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – баланы жасынан шығармашылыққа баулу. Бұл педагогтан терең білімділікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Сол үшінде де қазіргі таңда қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлай алатын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны жете меңгерген, ізденімпаз педагог қажет. Өйткені білім беру үдерісі педагогтың дайындық деңгейі мен білімділік сапасына үлкен талап қояды.

Қазіргі таңда кәсіби біліктілікті арттырудағы шешімін күткен мәселелер көп.

  1. Мұғалімнің педагогикалық біліктілігін көтеру үрдісінің мазмұнын ұйымдастыру педагогтердің оқу қызметінің шығармашылық сипатын тәжірибеде іске асыру.
  2. Жоғары білім беру мазмұнын жаңарту, кәсіби бөлігіне қойған талаптарды күшейту, мазмұндық-әдістемелік саласында педагогтің шығармашылығын, білімін, іскерлігі мен дағдысын жетілдіру.
  3. Ақпараттық технологияларды компьютер, аудио-бейне техника, телекоммуникациялардың жүйелері мен құралдарын қолдану, әрбір педагогтің интернет жүйесіне қосылуы, бейне конференцияларға қатысуы.

Әрбір педагог ғылым дамуындағы технологияларды қолдану барысында үнемі кәсіби деңгейін жоғарылатып, дамытумен айналысуы керек. Ол үшін интернет желісіндегі ғылыми жаңалықтармен хабардар болып, оны дамытуда, жүзеге асыруда өз үлесін қосуы керек.

Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамндандырылған адам дайындау емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығару. Осы айтылған құндылықтарды бойына сіңіре білген педагог өзінің кәсіби қызметін жоғары деңгейде атқара алады және кәсіби дамуын одан әрі жобалай біледі. Сонымен қатар, өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай біледі. Ең бастысы, адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну, рухани дүниесі бай толеранттық идеяларға бейім болады. Осы орайда елбасмыз Н.Ә. Назарбаевтың «Өз Отанын шексіз сүйетін білімді, іскер еліміздің ертеңгі күнін күллі әлемге көрсететін келешек ізбасарларымызды қалай тәрбиелейміз? Оларға сапалы білімді қалай береміз? Міне, ұстаздар осы бағытта алда тұрған ауқымды міндеттерді, көкейкесті мәселелерді шешуге міндетті. Біз күдіктенбейтін жаңа білім мен технологияның пайда болуы, даму жүйесінің басты бағыттарының айқындалуы XXI ғасыр – білім ғасыры деген анықтаманы нақтылай түседі»-дегені еске түседі. Педагог жаңашыл болғанда ғана бала ізденімпаз, шығармашыл болмақ. Педагогтың шығармашылдығы, оқу-тәрбие қызметіндегі табыстары оның оқу қызметін шебер, қызықты ұйымдастыра алуында. Оның өзі өнер, әрі ғылым. Бұл жағынан алғанда педагог өмірді, адам жанын терең түсіне білуді талап ететін суретші, жазушы, ақын, әртіс болғаны абзал. Сонымен бірге педагог ғалым болғаны да дұрыс. Өйткені, теориялық білім мен жоғары дамыған тәжірибенің синтезі болып табылатын ұстаз шеберлігі шығармашылық арқылы бекіп, сол арқылы көрініс табады. Кәсіби шеберлікке ие болу үшін әр педагог оқу қызметіне жүйелі дайындалып, өз әріптестерінің озық тәжірибесін үйреніп, ең тиімді нәтижелі жақтарын бойына сіңіре алуы және түрлі әдіс-тәсілдермен жұмыс жүргізе білуі керек.

Қазіргі білім – XXI ғасырдың берік тұтқасы, өйткені жаңа ғасыр – бәсеке ғасыры, білімділер мен біліктілер ғасыры деп бекер айтылған жоқ. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  «Бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі – білімде»-деп айқын көрсетті. Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі ел азаматы. Елімізді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуына білімді жасөспірмнің берері мол.

XXI ғасыр жаңа технологиялар мен жаңа білім беру ғасыры болғандықтан, қоғам дамуы салаларының мазмұны жаңарып, өзгеше сипат алуда. Осыған орай, әрбір педагог оқу қызметінде педагогикалық технологияларды пайдалану, түрлі техникалық құралдар мен инерактивті білімі мен біліктерін жетілдіруде пайдалануға бағыттауы тиіс. Бүгінде ұрпағымыздың жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуын мектепке дейінгі мекемелердегі оқу қызметіндегі белсенді танымдық процестеріне және оның білімділік, тәрбиелік мазмұнымен сабақтастыру – жалпы азаматты өркениетке жеткізетіндігі заңдылық. Қазақтың көрнекті ғалымы, ұлы педагог А.Байтұрсынов «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те әдіс жоқ. Олақтылық белгісі – бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті білу; керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу… Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деген болатын. Сондықтан жаңашыл педагог заман талабына сай әрекет етсе, қоғам ағымынан қалып қоймай ілесіп отырса, яғни жаңа технологияны игеріп, оны оқу қызметтерінде пайдалануы қажет.

Оқу үрдісінде балалардың оқу-танымдық қызметін белсендіруде дәстүрлі әдістер мен жаңа әдіс-тәсілдерді, технолдогияларды өзара сабақтастықта пайдалану оң нәтиже берері сөзсіз.

 

Бапахова Раушан Жұмаділләқызы

Қарағанды қаласы ,

«Алтын сақа» балабақшасының

әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.