Home » Баяндамалар » ЖАҢА ЗАМАННЫҢ — ЖАҢА ТАЛАБЫ

ЖАҢА ЗАМАННЫҢ — ЖАҢА ТАЛАБЫ

Жаңа  заман  ағымына   сай  білім  саласында  жаңа  технологиялар  қолданудың   маңызы  зор. Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесінің  нақты  мақсаты —  көшбасшылық   қасиеті  дамыған, терең   білімді, еркін  бағдарлай  білетін, адамгершілік  тұлғасынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке   тұлғаны  қалыптастыру  деп   нақты  көрсетілген.
Қазіргі кезде педагогтар өздерінің педагогикалық технологиялар қоймасын  үнемі толықтырып  отырады. Сол  себептен   осы  технологияларды  оқып, білумен  айналысқан  жөн.
Заман  талабына  сай  білім  беру — бұл  оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық,  мәдени  дамуы  жоғарғы  деңгейі мен білімін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  тәрбие  беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның  тиімділігі  мен  сапасын арттыру  мұғалімнен оқу  процесінің  ғылыми теорияға  негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың   таңдамалы,  белсенді,  қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Жаңа  заман  мұғалімі — ізденуші, зерттеуші, басқарушы, кеңесші, ұйымдастырушы тұлға.  Осы  тұрғыдан   құзыреттілік  тәсілді  қолданған   дұрыс. Ал  құзыреттілік  тәсіл  оқытуда алғашқы кезекке оқушыны теориялық біліммен қаруландырудың орнына проблеманы шеше білуге үйретеді. Оқушылардың бойында  шығармашылық іс-әрекетті, ізденімпаздықты қалыптастыру, жүйелі  қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу  материалдарын сараптау, талдап  салыстыру,  іскерліктерін   үйрету  қажеттілігі  туындайды.
Жеке  тұлғаны  дамытуда  құзыреттілік  тәсілді  қолдануда  күтілетін  нәтижелері белгіленген  мақсатқа  сәйкес  мектеп   түлегінің  негізгі  құзырлығы    көрсетілген:

Құндылықты – бағдарлы  құзыреттілік

Жалпылық  және  этномәдениеттік құзыреттілік

Оқу-танымдық  құзыреттілік

Коммуникативті  құзыреттілік

Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік

Әлеуметтік,  еңбек құзыреттілік

Тұлғалық,  өзін-өзі дамыту құзыреттілік

«Құзырлылық»  ұғымы — белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар,  білгір  дегенді    білдіреді.
Жеке  тұлғаны  дамыту бойынша  ұзақ, орта,  қысқа   мерзімді   жоспарлар   дайындалып,  онда  мақсаттар  айқын  жазылған.
Сол мақсатқа  жету үшін тапсырмалар беріледі де, орындау барысында   дискриптер құрастыру керек, оқушыға сол дискриптрлер арқылы  көрсетіп, оны   шабыттандырып,  ынталандыуды  қажет   етеді. Оқушылар  өздерін   бағалайды.  Сыныптағы барлық оқушылар белсенді жұмыс істейді. Нашар деген  оқушының өзі материялды жақсы меңгере бастайды. Әрбір сабақ кезеңдерін  анықтап, әрбір кезеңде белгілі бір құзыреттілікті қалыптастыруға   бағытталатын тапсырмалар әзірленеді. Оқушылар осы тапсырмалардан меңгерген  білімін  бағалап  отырады. Бұл  өзінің  еңбегінің  нәтижесіне   деген  жауапкершілігін  арттырады.
Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігім енөзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады. Бұл кезеде оқушылардың ойлау  қабілеті іске қосылып, танымдылық іс-әрекеті жинақталып, құзыреттілігі  дамиды. Оқушыны  біліммен, білім алу тәсілімен қаруландырып, оның  өмір  салтымен, мінез-құлқын сауықтандыру, үнемі дамитын оқушыны тәрбиелей  отырып, саналы  білім алуын  жүзеге асыру   маңызды. Берілетін тапсырмалар    оқушылардың ой-өрісін арттыратындай, жеке тұлға ретінде қалыптасуына,  ақыл-ойының дамуына мүмкіндік туғызатындай болуы қажет.
Бағалаудың  сапалы жаңарту  бағдарының   бірі ретінде портфолио  жүргізіледі. Портфолио дәстүрлі бақылау, бағалау құралын мейлінше  толықтырып тұрады. Оның дәстүрлі жүйеден айырмашылығы — оқушының  оқу,  шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативті қызмет  түрлеріндегі  нәтижелерін  ескеруге мүмкіндік береді, баланың жеке құзыреттілігі   айқындайды. Портфолио  — оқушының   жеке  жетістіктерін   бағалау, жинақтау  және есепке алу.
Заман   талабына   сай  жаңа  технология   әдістерін  үйретуші, бағыт-бағдар беруші — мұғалім. Сондықтан оқушыларды жаңа оқуға, жаңа  қатынастарға бейімдеуіміз ең бірінші мақсат, яғни бәсекеге қабілетті, дамыған  тұлға тәрбиелеу ұстаздар қауымының зор міндеті екендігін ұмытпаған  абзал.

Қостанай облысы Арқалық  қаласы Жалғызтал  ауылы
Т.Әубәкіров  атындағы  жалпы  негізгі  білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі  Бисекеева Гаухар   Зейноллаевна

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.