Home » Жаңалықтар » Жаңа жұлдыздар есімдері

Жаңа жұлдыздар есімдері

Мамыр айының 6-сы мен 8-і аралығынды Павлодар жері Қазақстан Республикасының түпкір-түпкірінен келген жас өнерпаздардың мерейтойлық фестиваль-конкурсына қатысушыларды құшақ жая қарсы алды. Шығармашылық сайысқа «Фортепиано» және «Хор өнері» мамандықтарының өкілдері қатысты. Конкурста барлығы 700–ден астам балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің оқушылары өнер көрсетті.

Жас музыканттардың республикалық конкурсын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтті. Бұл байқау әртүрлі музыка саласы бойынша ұстаз бен шәкірт арасындағы шығармашылық  көпірді нығайтудың жолы болып табылады. Осындай байқаулар талантты балаларды анықтап, кәсіби музыкалық білімнің нығаюына жол ашады. Үш күн бойы жас орындаушылар Павлодар музыкалық колледжінің және №1 балалар музыкалық мектебінің концерттік залдарында өз өнерлерін ортаға салды.

Жас музыканттардың өнерін құзырлы әділқазылар алқсы бағалады. «Фортепиано» мамандығы бойынша кіші топта:

І дәрежелі лауреат атағы Калымбекова Диана – Қарағанды облысы,

ІІ дәрежелі лауреат атағы Атногулова Алина — Шығыс Қазақстан облысы,

ІІІ дәрежелі лауреат атағы Бочарова Ксения – Павлодар облысы, Коваль Елисей – Қарағанды облысы иеленді.

«Фортепиано» мамандығы бойынша ортаңғы топта:

І дәрежелі лауреат атағы Коваль Илья — Қарағанды облысы, Орынбасарқызы Сая –Оңтүстік Казақстан облысы;

ІІ дәрежелі лауреат Кайыржан Акжаркын –Атырау облысы , Хидоятов Мурат – Астана қаласы;

ІІІ дәрежелі Лауреат атағын Войтова Таисия –Атырау облысы, Шамшиева Сабина – Алматы қаласы  иеленді.

«Фортепиано» мамандығы бойынша ересектер тобында:

І дәрежелі лауреат атағын  Пак Алина – Алматы қаласы, Рудишева Диана –Павлодар облысы,

ІІ дәрежелі лауреат атағын Дәлел Ердана – Алматы қаласы, Ильницкая Арина – Жамбыл облысы, Куршакова Ирина –Павлодар облысы;

ІІІ дәрежелі Лауреат атағын Аргимбаева Алия – Астана қаласы, Орынбасарұлы Рамазан — Оңтүстік Қазақстан облысы иеленді.

«Хор өнері» мамандығы бойынша:

І дәрежелі лауреат атағы Атырау облысы, Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының «Үркер» үлкен хорына берілді, жетекшісі Жуматина Алтын Аманқосқызы, концертмейстері Розова Юлия Юрьевна; Алматы қаласы «Көктем» хорына берілді, жетекшісі Чечель Наталья Владимировна, концертмейстері Артемьева Людмила Михайловна.

ІІ дәрежелі лауреат атағы Павлодар қаласы «Құрманғазы атындағы №1 БММ» жоғары сынып хорына берілді, жетекшісі Миронец Ксения Владимировна, концертмейстері Масленников Дмитрий Станиславович, Андрющенко  Александр Александрович;           ІІІ дәрежелі лауреат атағы Астана қаласы, Юнеско клубы №2 БММ, «Фреско» хор ұжымына берілді, жетекшісі Клименко Алла Анатольевна, концертмейстері Жусупова Аида Тулегеновна; Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы Балалар өнер мектебінің хорына берілді, жетекшісі Сапарбекова Жанна Муктаровна, концертмейстері Дюсембаева Гульнар Байганбековна.

Фестиваль-конкурстың қорытындысы  Естай атындағы ҚМС-да    салтанаттты түрде өтті. Жабылу салтанатында  жеңімпаздарға лауреат дипломдары мен естелік сыйлықтары, конкурс лауреаттарын дайындаған  оқытушылар мен концертмейстерлерге грамоталар табыс етілді. Салтанатты жабылуда көрермендер лазерлік шоу мен жеңімпаздардың өнерін тамашалады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.